Ахметова жанат куандыковна



Pdf көрінісі
бет31/71
Дата30.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#404860
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
Algishki kogam tarihi 2016 Ahmetova
Email to advisor, Language and communication, 1589975452, Doc1, 2401 271 tarih, 7с олқылық жоспар, Әдістемелік құрал Мәтінмен жұмыстың түрлері , Презентация (7)
Инициация (лат. initiatio — құпия жасау, арнау) — бозбала мен 
бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуына байланысты дәстүрлi 
мәдениетте кеңiнен тapaғaн әмбебап әдет-ғұрып жүйесi. Оның 
мaқcaты — жастарды отбасылық, қоғамдық және өндiрicтiк 
өмipгe дайындау. Бұл процесс түрлi тайпаларда өз әдет-
ғұpыптарына байланысты түрлi деңгейде өтeдi (сүндетке 
отырғызу, тiciн қағып алу, тату жасау, т.б.). Бұның қайсiбiрiнiң 
салдары асқынып, ауыр өтeтiн кездерi болған. 
95 


Түрлі тайпаларда инициация салты алуан түрлі болды, 
бірақ шынына келгенде олардың мәні дайым жас өспірімдерді 
шаруашылыққа, қауымның ересек мүшелерінің қоғамдық және 
идеологиялық өміріне тарту еді. Австралия аборигендерінде жас 
жігітті аңшылық және соғыстық қаруды игеруге үйретті, оның 
бойында төзімділікті, ұстамдылықты және тәртіпке баулыды
оны тайпаның әдет-ғұрпына, салтына және дін-нанымына 
қанықтырды. Инициацияланатындарды бірталай азапты 
процедуралар арқылы аштан ұстап жарақат салып, отпен таңба 
салып, шашын жұлып, тістерін сындырып т. б. жасап сынады. 
Бушмендер мен отты жерліктерде 13-14 жастағы жас өспірім 
балалар бір-екі жыл бойына кейбір тамақ түрлерінен бас-
тартуға, ауыр жұмыс атқаруға, өз бойында шыдамдылық, 
жуастық және тәртіп тәрбиелеуге тиіс болған. Қыздарды 
инициациялау да оны ұжымының толық құнды және 
толық құқықты мүшесі қызметіне дайындаудан көрінетін 
инициацияның құранды бөліктерінің бірі, некелік тіршілікке 
даярлау еді: оларға осы әдет-ғұрыптарға байланыстыларды 
хабарлады және олардың жыныс мүшелеріне әр түрлі 
операциялар жасады т.б. Әсіресе, ерлерді сүндеттеу кеңінен 
тарады, 
мұның 
жұқанасы иудаизмнің және 
исламның 
уағыздарында осы уақытқа дейін сақталып келеді.
Көбіне оларды өзгеше оқшаулауға әкеп соғатын ересек 
әйелдер мен ерлерді топқа бөлу жеткілікті айқын болды. Кейбір 
тайпаларда ерлер мен әйелдер тұрақтарда жеке мекен-жай 
болып жайғасты, түрлі астар даярлады, өздерінің құпия әдет-
ғұрыптары мен сенімдері, кейде, тіпті, өздерінің құпия «тілдері» 
болды. Ерлердің еңбек қаруы, ерлердің меншігі, әйелдердікі- 
әйелдердің меншігі болып саналады.
Ертедегі аналық-рулық қауымда табиғи-жыныстық
жастық бөлулердің болуы мұнда үстемдік және бағыныштылық 
қатынастар жасамады. Ерлер мен әйелдер әр түрлі бірақ бірдей 
дәрежеде еңбек іс-әрекетінің қоғамдық пайдалы сфераларында
бірдей дәрежеде мамандандырылды. Атап айтқанда аналық 
бағыттағы, рудың өзінің аналық ұйымымен бірге, рулық 
құрылыс дамуының ең ертедегі кезінде-ақ, әйелдерге өте 
96 


жоғары қоғамдық жағдай жасаған қауымның өміріндегі әйел
еңбегінің көрнектірөлін ерекше атап көрсеткен жөн. 
Австралия 
аборигендерінің 
әйелдері 
тіпті отарлану 
жағдайынан кейінде де, дәстүрлі тіршілік 
салтының 
салтының бұзылуы өзінде болған толық құқықтылығының 
көптеген қалдықтарын ұзақ уақыт ұстады. 
Олар мүліктік және мұрагерлік құқықтарға ие болды. 
Қоғамдық әселелерді талқылап, қоғамдық рәсімдерді жасауға 
қатынасы отыру ерлердің көне әдеті болып саналды, әрі 
ағылшын этнографтары Файсон мен Хауиттің сөздеріне 
қарағанда, қоғамдық пікірге едәуір ықпал етті. Әйелдердің 
жоғарғы қоғамдық жағдайының бұдан да гөрі айқын 
сарқыншақтарын XVIII ғасырдың бірінші жартысында Сибирьге 
бірінші академиялық экспедицияға қатынасқан Стеллер мен 
Крашенинников ительмендерден атап керсетеді. Аңшылар мен 
балықшылардың жеке тайпаларында, мәселен, Мексика 
жағалауларындағы Тимбурон көлінде үндістердің сери 
тайпасында әйел рудың басы болған, ал ер адам-көсем тек 
соғыста жетекшілік жасау үшін ғана сайланатын тәртіп 
сақталған. Кейбір зерттеушілер (А.М.Золотарев, М.О.Косвен) 
бұзылмаған аналық ру жағдайларында мұндай тәртіп барлық 
жерде болуға тиіс деп болжамдайды. 
Қандай да болсын артықшылығы, үстемдігі бар жастық 
категориялар болған жоқ. Рас, кейбір зерттеушілер, қарттардың 
-
тәжірибе сақтаушылар мен қауым жетекшілерінің ықпалды 
жіктері айқын бөлініп көрінген Австралия аборигендерінің 
этнография деректеріне сүйеніп, ертедегі рулық қауымның 
өзінде-ақ геронтократия (Геронтократия - [грек,geron - қария, 
kratos- 
билік] - тура мағынасында «қариялар билігі», билік 
қарттардың қолында болатын басқару принципі) дейтіннің 
болғанын жобалайды. Бірақ бұл жағдайда австралиятану 
фактілері 
шынайы 
алғашқы 
тұрмыстыққа 
жанаса 
қоймайтындай. Алғашқы тұрмыс адамы өзгеше теңдесі жоқ 
табиғи қатал ортадағылары, әрі палеоантропология деректері 
көрсетіп отырғандай қырық жасқа дейін сирек өмір сүрген. 
Ертедегі рулық қоғамда еңбек қабілетінен айырылып қартайған 
97 


туған-туыстарды өлтіру («ерікті өлім») әдет-ғұрыптары сан 
алуан тайпаларда кейін де сақталған сарқыншақтар әрекет етті, 
деп болжауға болады. Олардан, сол сияқты бағуға келмейтін 
қалжыраған, ауру жас балалардан құтылатын болған. Алғашқы 
тұрмыстық рулық қауым тең адамдар қауымы болды, бірақ 
тіршілік ету жолындағы қатаң күрес жағдайларында бұл тек 
адамдар өндіріс ұжымының толық қанды мүшелері ғана бола 
алатын еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет