Ахмет байтұрсынов атындағЫ №20 орта мектебі

Loading...


Дата01.04.2020
өлшемі58.48 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ № 20 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕРДІ ЗАМАНАУИ НАҚЫШТА

ОРЫНДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Мұғалім Камалиев Қуаныш Мошанұлы



Орындаған Рыспекова Диляра Дарханқызы

6 «Б» сынып оқушысы


Өскемен, 2019

Мазмұны

Абстракт...................................................................................................................3
1. Кіріспе бөлім........................................................................................................4
2. Негізгі бөлім


    1. Қазақтың ән өнері...............................................................................................5




    1. Дәстүрлі ән түрлері……………………………………………....………....….6



    1. Дәстүрлі ән мектептері...................................................................................7-8

2.4 Заманауи уақыттағы еліміздің дәстүрлі музыкасы......................................9


2.5 Қазіргі заманда қазақ дәстүрлі әндерінің мәселесі…………….......……10-13
3. Қорытынды бөлім..............................................................................................14
4. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................15

Абстракт
Жұмыстың мақсаты:
Қазақтың музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстыру арқылы жас ұрпақ бойына қазақ халқының дәстүрлі әндерін заман ағымына сай, жаңашыл бағытта жеткізу.

Зерттеу кезеңдері:

  • Қазақтың ән өнері

  • Дәстүрлі ән түрлері

  • Дәстүрлі ән мектептері

  • Заманауи уақыттағы еліміздің дәстүрлі музыкасы

  • Қазіргі заманда қазақ дәстүрлі әндерінің мәселесі

Зерттеу әдістері:

  • Іздену, жинақтау

  • Салыстыру

  • Сұхбаттасу

  • Суретке түсіру


Жаңашылдық:

Қазақтың бұрыннан орындалып жүрген дәстүрлі әндерін нақышын бұзбай заманауи бағытта орындау және насихаттау.



Зерттеу жұмысының нәтижесі мен практикалық қолдану аясы:

Музыка сабағында, үйірме сабақтарында қолдануға болады және ән сүйер қауым күнделікті қажеттілікке қарай қолдана алады.


Кіріспе

 «Ақылың болса, ән тыңда»

            Қазақ даласы ықылым заманнан бері жырдың, әннің, күйдің бесігі болып келеді. Халық арасынан шыққан талантты дарын иелері өнер көзінің қайнар бұлағы болады. Әр ғасырдың белес – белес белдерінен өткен жыр шумақтары, ән әуені, домбыраның сазы халық жадында жоғалмай біздің заманымызға жетті.Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан – жүйесін оятуда өнерге деген ынтасын арттыруда. Қазақтың қасиеті де киелі қара домбырасының атқаратын рөлі де ерекше. Музыка. Осы алты әріпті жай ғана сөзде қаншалықты мазмұн жатыр. Бұл - қазбаласаң түбі көрінбейтін, шегіне көз жетпейтін, ауқымы ойға сыймайтын алып мазмұн. Тарихының тереңдігінің өзі соншалықты: саналы адамның пайда болуы мен музыка екеуі құрдас келеді. Өйткені, музыка – адамның жан дүниесінің айнасы. Көне заманнан бері адам баласы музыкамен бірге өмір сүріп келеді, жанының музыканы қалайтынын ерте уақыттан –ақ біліп келеді. Адамға алғашқы музыканы естірткен табиғат ананың өзі ғой. Желдің гуілдегені, найзағайдың гүрсілі, бұлбұлдың сайрағаны, бәрі-бәрі адамзатқа музыканың құдіретін ұғындыртқан алғашқы композитор. Табиғаттың үйлесімді әуенінен көңіліне шабыт ұялаған адам баласы содан бері талай аспап ойлап тапты, санқилы музыка түрлерін тудырды. Заманның ағынымен жүзе отырып музыка халықтың айналасындағы оқиғаларды, тарихты бейнелейтін құрал ретінде қалыптасты. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай өзіндік музыка стилі пайда болды. Кез-келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі музыка өнерінің алар орны ерекше. Қазақ халқы төл музыкасына бай халық. Еліміздің ежелден келе жатқан әндері біріге келе қазақтың дәстүрлі әндері деген алып атаудың астына жиналады. Бұл ғылыми жобада халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы – дәстүрлі әндер туралы мағлұмат беріледі сонымен қатар дәстүрлі әндердің қазақи болмыс қалыптастырудағы рөлі, жастарға тәрбие берерде алатын орны қарастырылады. Соңғы бөлімде дәстүрлі әндер кездестірген осы заман проблемалары және ұлттық әнге сұраныс пен олардың насихатталуы туралы жазылатын болады.



Негізгі бөлім

2.1 Қазақтың ән өнері

Қазақтың ән өнері  – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.  Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихи бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдыретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,



Әнді сүйсең, менше сүй, – деген. Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі  жан серігі болды. Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті. Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді небір тарлан таланттар үлкен көркемдік деңгейге көтеріп, әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде қалыптастырады.  ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серіні, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді, Жарылғапбердіні, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны ерекше атауға болады.  Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибе нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап – талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді. Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, тарихи мен өмірі, тұрмыс – тіршілігі, қоғамдық – әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көркем көрініс тапқан. Қазақ халқының рухани жан – дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген. Ұстаздан шәкіртке ауызекі берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдісі қалыптасты. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап – жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, оның білім – танымын, тәжірибиесі мен орындау тәсілін үйренетін болған. Елге есімі тарап, түрлі айтыс – тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқындаған.

2.2 Дәстүрлі ән түрлері

Дәстүрлі ән – терме, толғау, арнау жырларымыз ерте кезден бірден бірге халық жадында сақталып ауызба-ауыз берілген. Ол уақыттарда қазіргі кездегідей композитор шығармасын жаттап алып, радио, теледидардан орындау жоқ болды. Шығарған әнін әнші композиторлар өздері орындап насихаттаған автордың әншілік дарыны жоғары болса ондай жағдайда ән терме шығарған шығармалары тыңдаушыларын қызықтырып тез тарап кететін. Ал жақсы әнді шығарманы қабылдаған әнші тиісті дәрежеде (нашар) орындай алмаса ондай туындылар өзі таралады. Сонымен өмір шеңдігі уақыт озған сайын әдеміленіп жаңа буындарға жетуі. Орындаушы құдіретіне байланысты. Қалай болған күндерде өткен ғасырдағы әншілер мен сал-серілердің, жырларымен орындаушылық дәстүрлері мен шеберліктері, төл туындылары көркемдік эстетикалық жағынан терең мазмұндылығымен айрықшаланған. Олар қашанда халық құрметіне бөленген, қадірменді жандар екендігін түрлі саяхатшылар журналистердің назарына ілінген, яғни тарихымызда қалған. Қазақ өнеріне қосқан дәстүрлі әндер, термелер жыр деп – батырлар ерлігін баяндайтын ауыз әдебиеті шығармаларын атайды. Батырлар жырының негізгі мазмұны елмен жерді қорғаудағы батырлар мен жауынгерлердің ерен – ерлігін насихаттау. Көнеден қалған бүкіл қазына байлықтың қасиеттісі де, қымбатты да адамның өмірлік ғибратына жарар насихат, өсиет, нақыл сөздер. Ақыл дария – теңіз хикаяттарды сара пайымдалуынан өткізе отырып, тоқсан ауыз сөздің түйіні деген керемет тұжырымдарға, насихат өлеңдерге әкеп тіреп отырған. Олардың негізгі арналары ең алдымен елдік пен ерлікке, сүттей ұйыған ынтымаққа, адамгершілік пен парасатқа кісілік пен қайырымдылыққа, адамға қажетті ғажайып қасиеттері тұс-тұстан келіп толассыз құйылып жатады. Қазіргі ойы жүйрік тілі көркем, ақпа ақындарымыздың ішінде де насихат сөз қалдырғандары жетерлік. Қызыл тілді кеңінен пайдаланып, маржан сазды өлеңдер, дастандар жазған ақындардың шығармаларын молынан жаттап, елге жеткізушілер жыршылар, термешілер, әншілер. Әр бір ән мен терме өзіне тән-тарихтың кезеңін ашып көрсетеді, тайға таңба басқандай бейнелеп береді. Сондықтан да ән-күйді қазақ халқының басынан өткен кезеңдерді суреттейтін тарих десек болады. Қазақи көне үрдіспен орындауда әнді аса әшекейлемей, дыбыс иірімдерімен көркемдеме, қарапайым орындау қалыптасқандығы белгілі. Ал өнердің жарқын тұлғаларының туындыларын орындау еңбекті, ізденісті, күрделі техникалық шеберлікті қажет етеді. Дәстүрлі ән-терме орындалу тазалығын сақтау, кәсіби әндердегі өңірлік орындаушылық стильді сақтау домбыра сүйемеліндегі қағыстармен қабілетті көрсете білу әнші үшін қиында жауапты іс. Бұлардың бәрін шебер орындаушы асқан көркемдікпен көрсетеді. Таңды күнге ұластырып ұзақ жырлайтын кез-келген айтқыш жыршы «әу» деп топқа түскенде тамағы қызып, шекесі тершігенше бірден ашыла қоймайды. Ұзақ айтатындар бірте-бірте бара-бара қалыпқа түсіп, содан соң салалы жолға төселе бермек. Оның жадында жыр-термелер де бірден ойына оралмай, ұмытыла беретіні сол. Мұндай жағдайда ол бір шығарманың басын, келесісінің ортасын енді бірінің аяғынан шалып аттап-аттап өте бермек. Сөз жоқ бұл жағдай жыршының дегбірін қашырып, көңіл- күйін бұзып, берісі сөзден шатасуына, әр ісі жолдан шығып, дауысын қарлықтырып алуына да әкеліп соғатын кездер болады. Кей кездерде орындаушы айтып отырған негізгі әуеннен шыға тартып, сондада болса жағымды құбылтып, қыза келе махамдағы бұрынғы өрнектерді қайталамай, тыңнан тербеп, тосында әдемі иірімдер жасап отырады. Оның жырлау машығына тән шеберліктің бір үлгісі екі махамның ара жігінде тұрып құбылтуы. Әрине, жыршы жырлап отырған сәтте, ерекше шабыт үстінде махам-саздарда болатын осы өзгерістерді ертеңіне сұрасаң не болмаса сол қалпында айтып беруін өтінсең ешқандай жыршының дәл сол қалпында қайталай алмасы анық. Бұл бүгінгі фольклортану ғылымындағы жыршы бір жаттаған мәтінін немесе үйренген әуен-сазын сол қалпында қайталап айтып беруші деген шалағай байламға түбірімен қарсы. Бірақ ол әлгі өрнекті енді екінші қайтара айтпайды деген сөз емес. Әрине, ол үшін арада бір уақыттың өтуі керек, жыршыда дәл сол күн, сол сәттегідей көңіл күйдің қайталануы шарт. Әлгі өрнек жыршының санасында жатып әбден пісіп, жетіліп, құбылып, әшекейленіп, қырланып, барынша көмек тарта бермек. Орындаушы өзін биік санап, тыңдаушылардың шала сауаттылғын беттеріне шыжғырып басып отыратын жыр кештері де аз болмаған. Ондай кезде тыңдаушылардың меселі түсіп, дегбірі қашып, шықырылған қонақ сайылмаған қонағасы, жайылған дастархан, үй егесінің құрметі үшін ғана амалсыз отыратын кездер көп кездеседі. Мұндай әбестіктер бұрындары да жол алған, әсіресе соңғы заманауи жыршылар арасында жиі көруге болатын оғаш әдет. Орындаушының бағы тыңдаушысымен ғана жанбақ. Бұл жыршы мен тыңдаушының арасындағы жазылмаған заң. Олай болса сауатты, сыпайы орындаушылар тыңдаушысының жолынан сипап, самал желдей әңгімесімен желпіп, бірде солардың ығына жығылып, бірде оларды өзінің ырқы мен еркіне көндіріп, жыр айтылған ұзақ таңда итжығыс пен отыратын болған. Бүгінгі ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда ұлттық музыкалық мәдениетіміздің алатын орны ерекше. Бұл ретпен санау Қорқыт заманнан бастау алатын жыраулық мәдениетіміздің де осылай ауызға алған болар едік. Жырау қоғам сыншысы әрі ақылшысы, ел естілігін сақтап, келер ұрпаққа көркемдік келбетінде жеткізуші тұлға. Осы дәстүр Сыр бойында айрықша сақталған. Оған «Дад дастаны» секілді көлемді жырларды мысал ретінде келтіруге ықпал әбден болады. Жыраулық өнердің қыр-сырын анықтайтын осындай мақамдар ұлттық музыкалық мәдениетіміздің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды. Дәстүрлі әндердің бір бөлігіне тоқталсақ: Терме. Терме сазымен әннің алмасуы ежелден келе жатқан жыр орындаушылардың дәстүрлі салты. Терменің ырғағы домбыра да, сырнайға да, қобызға да үйлесіп келеді. Терме дегеніміз – халық жүрегінің нәзік пернелерін шертіп айту, жиу деген сөз. Сондықтан терме әнінде қысқа қайырымды жиынды ән. Термені жыршылар да кіріспе есебінде, өзін жыр айтуға дайындау екпіндете көтеріңкі орындаған. Ахмет Байтұрсынов әдебиет танытқышта терме деп ат қойылуының мәнісі бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайында сөйлеп тұрмай көп нәрсені теріп сөз қылып өтеді. Терме айтушылар түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ еш қайсысына кідірместен ілгері қарай сырғи береді: Мысалы, Байлыққа бақыт келмейді, Алтынды белмен үйгенмен. Кейбір жанның көңілі тар, Бар болып дәурен сүргенмен. Терме ХІХ ғасырда Батыс Қазақстан мен Сыр бойында кеңінен дамыды. Терменің пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Термеде сөз бен әуен сабақтасып келгендіктен ол синкретті өнерге жатады. Сөздің мағынасы, әсерлі ырғағы ширақ келуі қандай маңызды болса, әуеннің аспаптық (домбыра) сүйемелінің де сондай мәні бар. Термеде ән жанрына тән қайырма болмайды. Орындаушы термені е-е-е немесе ш-ш-ш деген дыбыстарды қайталап отырып қайырымын қайтарады. Терменің әр дыбысы, өлең буынына түсіп отырады. Жоғарғы дауыспен басталатын кіріспемен де, кіріспесіз де айтылады. Терме толғау, желдірме, сарын т.б. түрлерге бөлінеді. Терме көбіне орындалар кезде жүрдек ырғақты әуенге құрылып соңы қысқа тұжырыммен бәсеңделіп аяқталады. Терменің өлеңдік құрылысына келсек ол жеті, сегіз буынды тұрады да, айтайын деген ойдың логикалық тынысын тарылтпайды, шумақтық түзілісіне шек қоймайды. Әдетте, әуенді әндер сиқты әрбір терменің меншікті, тек сол сазға ғана өлеңі болмайды. Бір терме сазымен сан түрлі оқиғалар баяндала бермейді. Терме сазы көбіне тұрақты келеді. Оны орындаушы шебер даяр тұрған тексті келесі жыр жолдарын айтумен қатар, кейде терме өлеңді табан ауыздан шығарып та айта береді. Сондықтан ұйқаста заңдылық сақтала бермейді. Ол айтатын ой ағымына бағынып төгіп- төгіп барып бірақ тынады. Ұйқас еркін әр-түрлі болады. Терменің өзіндік стилі, мақамы, формасы болады. Терме сөзі көркемді келісті болса, ол айшықты музыка сазы – оның мазмұнын байытып көркемдігін арттырып, құлпырта түсетін негізгі компанент. Бұлар терменің біт тұратын, тұтастық формасын нығайтушы компанентер. Сондықтан да терменің сөздік мәні мен оның музыкалық әуенін бөліп қарауға болмайды. Термеші өзі үшін емес, өзге үшін, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, зердесінде сөз қалдыру үшін айтады. Ол микрафонға аузын тақап өнер көрсететін әншіден өзгеше, табиғи даусымен ерекшеленеді. Термешінің нотаға жазылған әнді орындайтын әншіден айырмашылығы оның әуезді әуенді табан астында құбылтып, өзінше өрнектеп кететін қасиетінде. Сонда ғана ол тыңдаушысын елтіртіп өзіне баурап алады. Бір сарынды сонаның ызыңындай әнмен, әуез бен айтатын термешіні тыңдаған жұрт қалғып та кетуі мүмкін. Терменің көбінде айтатын нақыл, өсиет өлеңдер. Сондықтан әр сөздің мәні тыңдаушысына әбден жеткені абзал. Терме көбіне жеті-сегіз буынды өлшемнен тұрса, желдірме речитативтік орындаудың күрделіленген он бір буынды өлшемінен тұрады. Желдірме де термедегі секілді қысқаша кіріспе болады. Желдірменің методикалық мазмұны негізінен бір, немесе бірнеше әуеннен тұрады да, шапшаңдықпен қайталанып отырады. Соңы баяу қалыпта аяқталады. Желдірме жолдарының ұйқасы терменікі сияқты еркін келеді. Бірақ, кейде желдірмеде қазақтың әуезді толқымалы әндерінің дәстүрлі (он бір буынды қара өлең) ұйқасы пайдаланылады. Қазақтың эпикалық дәстүрі шеңберінде үлгілері көп емес. Желдірменің негізі ерекшелігі ішкі қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сезімін түйдектете жөнелетін тұбыртпалы ұйқасқа негіздеп, жылдам, жүрдек мақаммен жеткізуінде. Оның он бір буынды өлшемге құрылуы шарт емес, кейде 7-8 буынды жыр өлшеміне де негізделуі мүмкін. Басты шарты желдіртіп ұшқындатып айту. Ол-импровизациясының жойқын бір көрнісі. Поэзиялық арқауы, ішкі мазмұны жағынан желдірменің термеден айырмасы шамалы. Термеде бір құбылыстың болмыс бітімі жан-жақты, тәптіштеп жеткізілсе, желдірмеде шаттану марапаттау үстем. Осы сипаты оны көркем кестелерге толы қара өлеңге ұқсатса, екінші жағынан ақыл, кеңес, ғибрат, дидактикаға негізделген термеден де даралайды. Термеге тән қайырымдар орнына ш-ш-ш, ля-ля-ляй, а-ри-ри-тай деп келетін қысқа, бірақ барынша жылдам орындалатын аяқтамалалар жиі кездеседі. Мақамдық деңгейдегі терең толғаныс, әуен-саздық қорытынды мұнда жоқ. Оған қатысты пікірлер И.Байзақовтың бес желдірмесіне негізделіп жүргені мәлім. Ал желдірмені жеке жанр ретінде тану үшін оның халық поэзиясымен музыкасынан елеулі орын алуы шарт. Төменде келтірілген мысалға көңіл аударыңыз. Ал қалқа, келді кезің жайнайтұғын, Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын. Өнердің қиясына шыққан сайын, Болаттай тастан табан таймайтұғын! Жөнелдім желдей есіп желмаядай, Қырандай аспандағы самғайтұғын! Тізейін өлеңімді меруерттей, есінен жұртшылықтың қалмайтұғын, Дабылым дауылпаздай тарықтаған, Екпінім самолеттей заулайтұғын. Өнерлі жастарымыз үйреніп ап. Ән еді желдірме атты самғайтұғын! Музыкалық жағынан алғанда өте көркем, қызықты да асқақтата орындауды керек етеді. Мұндағы вокальдық аспаптық кіріспе көтеріңкі үнмен басталады.ол әншіден аса биік шалқуды, шабытпен көтеріңкі, құлпырта орындаушылық қабілетті қажет етеді. Музыкалық иірімдері жағынан алғанда бұл асқақта алымды, қызықты да келіс кіріспесі бар халық желдірмелерінің ғажайып бір түрі. Көңіл аударатын бір жай соңғы бөлініп «таймайтұғын-ай» деген дорилік секстамен аяқтайтын, «и-чи-чи-чак, и-чи-чи-чак» буындарының алдындағы интонациялық көтеріңкілік және қайырма буындарында қайталанып айтылады. Желдірме шығарманың авторы Иса Байзақовтың өзіндік орындаушылық мәнеріне қатысты мәселе. Басқа да халық ақындары, әншілері секілді Исаның өзі сүйіп салатын өзінің арқасын қоздырып демейтін ерекше музыкалық сазы болған. Желдірмеге кіріспе Исаны желтіктіп отыратын музыкалық сүйемел екені сөзсіз. Тек өзіне ғана аян, жалыны лапыл қаққан, даусына лайық асқақ шырқауынан соң Иса желдірменің речитативті мазмұнын жүгірте жырлай жөнелтіп. Бір анығы, желдірме – музыкалық эпикалық дәстүр шеңберінде туған жанырлардың бірі. Оның негізгі ерекшелігі синкреттік сипатында. Сол себепті жыр, торлғау, терме, желдірме өзара тектес, суырып салып айтуға негізделген өнер салалары. Олармен ерекшеліктері болсада жырды термеден, термені желдірмеден даралауға болмайды. Мақамдық-музыкалық, құрылымы жағына келгенде терме мен желдірме жанрларының айырмасы шамалы. Екеуі де тақпақ сазды речига тивтік мақамға құрылған. Осы реттен желдірмені терменің асқан шабыт, ерекше көңіл-күй шапшаң әрі жылдам орындалатын үлгісі ретінде қабылдауға да болады. Бұл жанр – эпикалық дәстүр шеңберінде қалыптасады. Оның негізгі белгілерін де осы сипатынан іздеген дұрыс. Дәстүрлі ән өнеріміздің бір бөлігі - толғау. Толғау – толғану, толыстырып айту, түйдектеп ой түйсік, тыңдаушысын бірде еліктіріп, бірде ұйытып отыру. Толғаудың музыкалық сазында ағыстың, аптықпалық емес, аталы сөз тастау, ғибрат себу, терең философиялық тебіреніс басым жатады. Осы тұрғыда әдебиеттік әсерлілігі туралы академик Ә.Марғұланның, профессорлары Е.Ысмайыловтың, З.Ахметовтың зерттеулерінде киелі пікірлер айтылған. Қазақ халқының әртүрлі жанрлары әруақытта да халықтың ойын ұшқырлықпен көрсете білген. Сондықтан толғау музыкасы да мейлінше мазмұнды да мәнді, мәнерлі. Үннің қоқыржай, күмбірлі әуен қоғамдық, тұрмыстық үлкенді-кішілі оқиғалар жайлы арғы-бердегі бірқатар нәрселерді хабарлап жатады. Термедегі секілді музыкалық формасы нақтылы:кіріспесі шарықтау шегі, қорытындысы болады. Термеге қарағанда, тек орталық шырқау-шарықтау шегі сәл ұзақтау болуы мүмкін. Қазақтың ән творчествосын зерттеу мәселесінде М.Ахметова былай дейді: «Речитативтік саладағы басқа үлгілермен салыстыра қарасақ, терме мен желдірме соңғы уақыттың туындылары сияқты. Терме мен желдірме формаларының дамуына кейде шумақтың өлең әсер етеді. Өйткені қазақ ән творчествосының осы екі түрі де мелодиялық речитативтік сипатын сақтай отырып, текст өлеңдік шумақ құрылысына ауысқанда жоғарыдағыдай куплеттік формаға айналады. (М.Ахметов қзақ әндері. А.1970ж). Осы тұрғыда қарағанда терме, желдірме, толғау үлгілері халық арасына кең тарап, мықтап орын тепкенін байқаймыз. Бұлар өзінің өмір шеңдігімен өрнекті, нақышты қазақтың қазіргі профессионал музыкасынан да дәстүрлі мәртебелі орынға ие болып отыр.

2.3 Дәстүрлі ән мектептері

Дәстүрлік әншілік өнер өзінің айтылу және құрылымдық ерекшеліктеріне  байланысты түрлі мектептерге бөлінеді, олар былай аталады:



Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

Батыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.

Шығыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.

Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.

Жетісу әншілік дәстүрі. Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы өңірде ерекше дамыған ежелгі ақындық – жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені анық. Осы өңірде мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші -ғалымдар Жетісуда Арқадағы Ақан, Біржандармен замандас Дәурен сал, Тәкен сал деген сал – сері, әнші – сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жазады. Осы әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, артына мол мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым – пішіні жағынан да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді. « Бозторғай », « Көкшолақ », « Бұлбұлға », « Базар – Назар », « Алатау алабында », « Тік шырқау » сияқты әсем сазды, сұлу нақышты әндермен Кенен Жетісу өлкесінде қалыптасқан әншілік дәстүрді кәсіби биік өреге көтерген қазақтың бірегей әнші – композиторы. Жамбыл, Сарбас, Балуан Шолақ сынды белгілі әнші – ақындардан үлгі – өнеге алған Кенен Әзірбаев өз өмірінде жүзден астам әндер шығарған. Жетісу әндері өзінің мелодиялық табиғаты, орындаушылық мәнері жағынан Қазақстанның басқа региондарындағы әншілік дәстүрден өзгеше. 

Арқа әншілік дәстүрі. Еліміздің Шығыс, Орталық, Солтүстік аймақтарын қамтитын Арқа әншілік дәстүрі кең тыныстылығымен, әуен байлығымен, терең мазмұн, күрделі құрылымымен ерекшеленеді. Көмейіне бұлбұл ұялаған небір күміс көмей, жезтаңдай әншілер осы өлкеде дүниеге келіп, сал – серілер дәстүрін орнықтырып, қазақ әнінің өрісін кеңейтіп, өресін биіктетті. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты әнші – композиторлар қазақ әнін бұрын болмаған биік өреге көтерді. Кейінгі ұрпаққа Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әлібаев, Байғабыл Жылқыбаев, Қосымжан Бабақов, Жабай Тоғандықовтар арқылы жеткен осынау мол қазына, асыл аманатты Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жаңыл Қартабаева, Ләззат Сүйіндкова, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды майталман әншілер дәстүрлі әннің қазіргі буын орындаушыларына арқауын үзбей, сынын бұзбай тапсырды. Арқа әншілік дәстүріндегі мәнер, ән табиғаты өз алдына Қазақстанның ешбір өңірін қайталамайды. 

Батыс Қазақстан әндерінің бүгінгі заманға бұзылмай жетуіне зор еңбек сіңірген әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиев болды. Мұхиттың әндерін оның немерелері Шайқы мен Шынтастан үйреніп, орындаушылық үлгілерін алған Ғ.Құрманғалиев өзінің ауқымды орындаушылық шеберлігі арқасында Қазақстанның Батыс аймағының ежелгі қара өлең үлгісіндегі халық әндерін кәсіби деңгейге жеткізді. Мәселен, ол « Әдемі қыз », « Дариға » секілді халық әндеріне қайырма қосып, қосымша дыбыстар қолдану нәтижесінде бұл әндерге мол тыныс дарытып, кәсіби деңгейін көтерді. Ғ.Құрманғалиев – Мұхит дәстүріндегі әндердің шебер орындаушы ғана емес, өзі де көптеген әндер шығарған тамаша сазгер. Оның мектебінен дәріс алған шәкірттері Қ.Бекбосынов, Ә.Еңкебаев, Қ. Құлышева, Қ. Рахимова, Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Орашева, С.Таудаева, С.Рахметжанов, Г.Сүндетова, С.Абдрахманов, С.Жанпейісова, т.б. әншілер батыс ән дәстүрін жалғастырушы ізбасарлар болды. Ел ішінен шыққан асқақ әншілер Қ.Жұмалиев, М.Төрешев, Қ.Бердіғалиев, Е.Мағазов, т.б. әншілер батыс өлкеде қалыптасқан әншілік дәстүр өз алдына оқшау тұрды. 

Сыр өңірінің әншілік дәстүрі өз алдына бір төбе. Сыр бойына бүкіл қазаққа аты мәлім болған көптеген ақын жыраулар шыққан. Оларды атап айтсақ; Омар Шораяқов, Кете Жүсіп, Ешнияз сал, Балқы базар, Мәнсұр Бекежанов т.б. Осы сүлейлердің ізін басып кейінгі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізіп келе жатқан Алмас Алматов, Сәрсенбек Баймазанбетов, Амандық Бүрлібаев, Әлмырза Нағайбаев, Шолпан Бейімбетова, т.б. Өткен ғасырда өмір сүрген ақындардың бірі – Тұрмағанбет Ізтілеуов ( 1852 – 1939 ) Тұрмағанбет жасынан сөзге құмар, қағылез, шешен, таңдайынан бал тамған ерекше қасиеті бар ақын – жырау болған. Тұрмағанбет ақынның « Балаларым », « Адамдық іс »шығармалары, « Рүстем », « Мың бір түн » дастандары сияқты көптеген шығармалары тарихқа енген. Сыр бойының ата – бабаларының ең таңдаулы дәстүрін арқау еткен тамаша жыршылық мектебі қазақ әншілік өнеріндегі жеке бір құбылыс ».

Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жиналып, нотаға түсіп, жүйеленуіне

А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, А. Темірбекова, Т. Бекхожина, С. Күзембаева және т.б. музыка зерттеуші ғалымдар өте зор үлес қосты.

2.4 Заманауи уақыттағы еліміздің дәстүрлі музыкасы

Музыка- әлемдік өнердің бір түрі. Орыс жазушысы Антон Чехов айтқандай «музыка әлемді жадыратады, әрбір тірі жанға шаттық, бақыт сыйлайды,қиял ғажайып әлемге самғауға көмектеседі». Сондықтан өмірде музыканы сүймейтін адам жоқ шығар. Адамдар ежелден қазірге дейін музыка арқылы өлеңнің әуенін, музыкалық инструменттерін өзгерте отырып жетті. Қазақтар ежелден музыканы жақсы көрген. Оған домбыра, қыл-қобыз, сазсырнай,дабыл сияқты музыкалық инструменттері, Біржан сал, Құрманғазы сияқты күйші – әншілері дәлел бола алады. Құдай қазақтың жанына дүние есігін ашқан сәтінен бастап күйдің бір бөлшегін салған деген аңыз бар. Бәлкім, қазіргі кезде де музыканы жақсы көретініміз осы себептен болар.


Егер қазақтың бұрынғы музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстырайық. Біріншіден, қазір елімізде батыс елдерінің музыкалық жанрлары көптеп кездеседі. Екіншіден, бұрынғы уақытта әндер мен өлеңдерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеп жазған, ал қазіргі кезде аспаптармен қоса, заманауи технологияның көмегімен жазылады. Үшіншіден, біздер музыканы тек қазақ тілінде тыңдамай, сонымен қатар өзге тілдерде де тыңдаймыз.  Төртіншіден, ежелде дәстүрлі әндер ғана болса, қазіргі кезде эстрадалық әндер де  кең қолданысқа ие. Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар эстрадалық әндерді кең көлемде тыңдайды. Дәстүрлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Экстрадалық әндер шоу бизнесте көп қаражат табады. Осы себептен, көптеген әншілер дәстүрліден экстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсы жағынан тәрбиелеп, салт – дәстүрлерін, өздерінің тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыкаларды тыңдауды тоқтатсақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекшеліктерімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. 


2.2 Қазіргі заманда қазақ дәстүрлі әндерінің мәселесі

Бүгінгі таңда дәстүрлі әндердің насихатталуы туралы түрлі пікірлер бар. Олардың таралуын дұрыс емес деген пікірдегі адамның жоқ екеніне сенемін, ал туындайтын мәселе ол - дәстүрлі әндер неге дұрыс насихатталмайды және неге халықта оларға деген сұраныс аз? 
Қазақстанда дәстүрлі әндер дәріптелуі азды-кемді жүріп жатыр, халық белгілі бір дәрежеде тыңдап жүр. Ел ішінде, әсіресе жастар арасында сауалнама жүргізер болсақ, онда шынымен де дәстүрлі әндердің танымалдылығы төмендегеніне, шетел әндерінің тіпті өзіміздің поп-эстрадамыздың көлеңкесінің астында қалғанын еріксіз болса да мойындауға тура келеді. Осы мәселенің бірнеше негізгі себептерін анықтап көрелік. Қазақстан жерінде ХХғ. басына дейін поэзия және әншілік өнер ауызекі түрде мейлінше дамыған шарықтау шыңына жетті. Осы кезеңде өмір сүрген қайраткер С. Торайғыров өз заманы туралы: “Біздің қазақ ән құмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не де болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады», -деп айтып өткен. Сол кезеңде халықтың ұлттық музыкаға деген әуестігі сондай болса, ал қазіргі кезбен салыстыратын болсақ, әрине, қазір халықта ондай көзқарас жоқ. Кеңес үкіметімен біраз мәдениетіміздің құраушы бөліктері, соның ішінде музыка да қатты дағдарысқа ұшырады. Басқа ұлттармен араласу, еуропа мәдениетінің енуі қарқынды болғандықтан басқа жанрлар рок, поп секілді басымдылық танытып, таза домбырамен орындалатындары тысқары қалды. Сол кезеңдегі орта буын, ал қазіргі ата буын дәстүрден алыстап, сол үшін бүгінгі буынға жеткізуінде шұңқыр пайда болып, бүгінгі буын кеңестік дәуірде өмір сүргендерден де бейхабарырақ болып өсті. Басқа бір себебі, дәстүрлі ән жастарға жалықтыратын болып көрінуі мүмкін. Ол әндердің созылып айтылғандығы үшін сөздері түсініксіз, жай айғайлақ болып жастардың ықыласын ары бұратыны баршылық. Мұнымен қоса дәстүрлі әндерге билей алмайсың, бұл да жастардың музыка талғамының маңызды критерийіне айналды. Мәселе осымен тағы да айналып келіп сұраныстың аздығына тіреліп тұр.

Дәстүрлі әндерді халыққа жеткізетін ол әрине дәстүрлі әншілер. Егер де насихатымызды жөнге келтіреміз десек, алдымен дәстүрлі әншілердің қазіргі жағдайына назар салуымыз керек. Даусы жағымды, әнді нақышына келтіріп, керек болса домбырасын қолданып ән орындап беретін дәстүрлі әншілер елімізде жеткілікті. Олардың тек танымалдылығы жетіспейді. “Білім және мәдениет” телеарнасы жүргізген сауалнамада көшедегі кездейсоқ адамдардан дәстүрлі әншілерден кімдерді білетінін сұралды. Адамдардың көпшілігі жауап бере алмады, кейбіреулері эстрада әншілерін Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева деп шатасып айтса тек аз бөлігі Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Сәуле Жанпейісова сияқты ең танымал дегендерін атап өтті. Байқап қарасақ, жоғарыда аты аталған дәстүрлі әншілеріміздің барлығы эстрадада өнер көрсетеді. Олардың негізгі танылуы сол эстраданың арқасында болса керек. Халық алдында төл концертін бере алатындай танылмаған немесе жоғары музыкалық академияларда дәріс беруге тәжірибесі жетіспейтін дәстүрлі әншілер мұғалімдік қызмет немесе облыстық деңгейдегі филармонияларда жұмыс істейді. Белгілі әнші Қ. Байбосынов “Ақжайық” газетінде берген сұхбатында ондай өнерпаздардың айлығы 40-50 мың төңірегінде болатынын айтып қалды [7]. Бұл әрине материалдық жағынан ауыршылдық туғызады, сол үшін де дәстүрлі әнімізді шырқап жүр деген адамдар шоу-бизнеске, эстрадаға ыңғайланып кетіп қалады. Мемлекет тарапынан оларға демеу қажет.

Ия, дәстүрлі әншілерге демеу қажет. Мемлекет тарапымен оларға тығыз жұмыс істеу қажеттілігі бар. “Мемлекеттен де, қалталы азаматтардан да қолдау жоқ” деп отыра берген де жараспайды. Осы мақсатта дәстүрлі музыканың жанашырларының инициативасымен Алматы шаһарында “Дәстүрлі музыканы дамыту қоры” құрылған болатын. Ашылғанына 10 жылдай уақыт болды (нақты дерегін таппадым), төрағасы - қобызшы Саян Ақмолда[8]. Бұл қорда дәстүрлі әншілерден бастап музыкалық сыншылар, мамандар, дәстүрге жаны ашитын қоғам белсенділері, үкімет тарапынан өкілдер дөңгелек үстел басына жиналып, өзекті мәселелерді талқыға салады. Кейбір деректер бойынша бұл қордың соңғы құрылтайы 2013ж. қараша айында Алматыда өтті. Осыдан кейінгі жиналыстары туралы ақпарат жоқ, бәлкім жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Осындай фондтардың, бірлестіктердің болуы мемлекет пен дәстүрлі әншілердің қатынасын жақындата түседі. Біріге келіп фонд құрылғаны қоғам назарын өзіне аудартып, мемлекеттің тек көңілмен емес қаражатпен де көмектесу мүмкіндігін арттырады. Осындай фонд қызметін тиімді атқара білсе дәстүрлі музыканың жандануына және насихатталуына үлкен қадам болар еді.

Дәстүрлі әнге қатысты ең өзекті мәселенің бірі – өңделген нұсқалары. ХХғ. да төл музыкамызға сырттан келген әртүрлі аспаптар араласты. ХХІғ. есік қағып кірісімен жаңа технологиялар саласы қатты дамып, бүкіл саланы қамтыды. Музыка әуенін қалағанша өзгертіп, биттар қосып, аспаптардың даусын қосып, аранжировка жасауға мүмкіндіктер пайда болды. Өңдеу өлеңге жаңа ырғақ береді, алайда сөзі өзгертілмейді. Кейбір адамдар өңдегенде негізгі өзегін жоғалтады деп ойлайды. Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі мазмұнның негізгі бөлігі өлеңнің сөздерінде. Әуенді өңдегенде де бұл іске жауапкершілікпен әрі ұқыптылықпен қарау керек. Өз нақышына келтіріп, әуенін әрлі ете білсең құптарлық дүние. Алайда өңдеймін деп, асыра сілтеп жіберген дұрыс емес. Мүлдем жат әрі жараспайтын стильде мысалы рэп, хардрок түрінде өңдемеу керек және тағы бір критерий домбыраның қағысы өңделген нұсқада жойылып кетпеу керек. Қазіргі кезде эстрада мен дәстүрлі әннің жақсы синтезі бола білген мысалдар көп. Соның арасында ең ерекше атап өтуге тұрарлығы – Мархабат Мықтыбеков, Бауыржан Асанбаев, Жазира Қоша¬но¬вадан құралған Қоңыр тобы, Алашұлы этно тобы, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова, Рамазан Стамғазиев.

Адамдардың талғамы әртүрлі дегендей, дәстүрлі әнді тыңдамаған адамға домбырамен атой салып айқайлап айтылатын әнді тыңдату қолымыздан келмейді. Алайда өңделу арқылы сол адамға жағымды естілетін стильде дәстүрлі әнді қойып берсек, алдыңғы бөлімде тізіп кеткен дәстүрлі ән бере алатын рухани азықты жеткізе аламыз. “Ел болам десең бесігіңді түзе” дейді атам қазақ. Жас ұрпаққа тәрбие беруді көздегенде ерте жас, яғни баланың қалыптасатын шағы ең маңызды екенін ұмытпау керек. Баланың осы кезінде дәстүрлі музыканы бойына сіңдірту іске асырылу керек. Мектеп кезінде музыканың бағдарламалары арасына дәстүрлі ән жайында көбірек айтылу керек. Менің пікірімше ең дұрыс жас аралығы 5-7 сынып арасы. Мектеп бағдарламасында тек дәстүрлі ән туралы мағлұматпен ғана шектеліп қалмай, барынша балалардың сүйіспеншілігін тудыратын практикалық жұмыстарды қамтығанда нұр үстіне нұр болады. Өлеңнің авторы, шығу тарихы, сөздерімен қоса оқушылар сондағы рух сарынын өзінің қатысуымен сезінетіндей қылып өздері әнді сыныпта бірге айтып, өңделген нұсқаларында көріп, салыстырса, міне сонда жеткіншектерге насихатымыз оңды болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, музыка – қазақ халқы үшін үлкен рөл ойнайды. Музыка өнері елімізде ежелгі кезден бастап осы күнге дейін сақталған. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сақтауға міндеттіміз. Бұл сөз ,өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес. Өзге елдегі әндерді тыңдаған дұрыс, ол адамның ой – өрісін кеңейтеді. Бірақ өзіміздің дәстүр – тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек. Қазір қазақ теледидарынан жұртшылық дәстүрлі әнді тыңдаудан қалды. Қай арнаның құлағын бұрасаң да көңілден шықпайтын, жүрекке жетпейтін бейнеклип пен түсірілген батыс әуендерді тыңдайсың. Ондай даңғаза әндер кімнің де болсын санасына сезім шуағын төкпесі хақ. Қазір дәстүрлі әндерді көп ешкім тыңдамайды, керісінше мағынасыз шығып жатқан эстрадалық әндерге сұраныс көп. Егер де өзіміздің ата бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі әндеріміздің нақышын бұзбай, қазіргі заманға лайықтап эстрадалық жанрға салып айтатын болсақ, барлық елдің жүрегінен, көңілінен шығады деп ойлаймын. Сондықтан телеарналарда қазақтың айбынын гүлдендіретін, дәстүрлі халық әндеріне көбірек орын беру керек сияқты. Өйткені, жақсы ән – қашан да жаназығы емеспе? «Әннің де естісі бар, есері бар» деген екен Абай атамыз. Атадан қалған асыл мұрамызды көздің қарашығындай қорғап, ертеңгі ұрпаққа жеткізу – бәріміздің парызымыз. Бабалардың сырлы жүрегінен туған дәстүрлі әндер жер бетінде қазақ деген ұлт барда мәңгі жасай бермек.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Т. Жұмағалиева, Д Ахметбекова,

Б.Ысқақов,Ә.Қарамедина, З.Қоспақов.

2. «Қазақтың әншілік өнері» З.Қоспақов

3. Қазақтың ән күйі – ұлттық тәрбиенің көзі. 2013. Қазақтың әншілік өнерінің

тарихы. Әдістемелік құрал. Жастар ғылыми зерттеу орталығы. 40б.

4. Қазақтың дәстүрлі 1000 әні. 2010.

5.  Әбуғазы М. Сарыарқа әндері антологиясы. – А., 2009.

6.  Жұбанов А. «Замана бұлбұлдары». 

7. Бекхожина Т. Қазына: Музыкалық этнографиялық жинақ. -Алматы:

Жалын,1979.

8. Қазыбеков М. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер  -Алматы: Қазақстан,

1991

9. М.Рустемов.Таңдамалы өсиет термелер. - Шымкент, 1995. 2. З. Қоспақов. 10. Қазақтың әншілік дәстүрі – Алматы,1999. 3. Ә.Оспанұлы. Қаратау шайырлары. - Алматы, 1991. 4. Ә.Қоңыратбаев.



11. Қазақ фольклорінің тарихы. - Алматы, 1991. 5. Нұғманова Ә.

12. Қазақтың әншілік дәстүрі. Алматы, «Қазақстан», 1975. 6. Сәрсенбай Қ.Өнер-Өмір, Әр жылдардағы жазбалар. Алматы: Қазығұрт, 2004.





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...