Ахмет байтұрсынұЛЫ



бет4/4
Дата14.09.2022
өлшемі110.75 Kb.
#290419
1   2   3   4
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы дәріс

Термин – терім сөз.
Ахмет Байтұрсынұлы жасаған термин сөздердің басты ерекшеліктері деп мыналарды көрсет:

  • анықталатын ұғымның дәлдігі;

  • таңбаланған атаудың қазақилығы;

  • терминнің жалқылық сипатының болуы;

  • терминнің нақтылығы.

Автор терминдерінің дәлдігі мен нақтылығын саралап, оның сапалық сипатын дәл бағалау үшін өзге жасалған терминдермен немесе басқа түркі тілдерінде, орыс тіліндегі жасалған терминдермен салыстыруға болар еді. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кез келген термин сөзді мағыналық сипаты мен негізділігіне, уәжділігіне талдап қарауға, олардың соншалықты дәйектілігіне таңданып, таңырқауға болады. Терминдердің ең басты бір ерекшелігі таңдалып алынған сөздердің қазақша ұғымға сәйкес аталатыны. Қазақ балаларына түсінікті сөздер мен атаулар болғандықтан, оны оқыту да жеңіл. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Автордың өзі көрсеткендей, қазақ балаларын қазақша оқыту дегеннің ең тиімді жүйесі де осындай болса керек. Қазақша ойлаудан, сөзді қазақша түйсінуден туған терминдер. Оқушыларға әрбір термин туралы айтқанда, оның тілдік мағынасын ашудан бұрын, оның атаулық, сөздік мағынасын ашып алған тиімді болады. Яғни туынды сөзді немесе түбірді айтпас бұрын, осы сөздердің атаулық мағынасын ашып, анықтап көрсеткен жөн.
Туысқан түркі халықтарынан шыққан көрнекті ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің уәжділігі мен негізділігіне таңданып, халық тіліне жақындығына барынша іш тартқанына, бізге қызыға да қызғана қарағанына қаншама рет куә болдық, баба рухы алдында тізе бүгіп, өзімізді ғалым ретінде бақытты сезінгеніміз, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ғалымның бар болғандығына шүкіршілік айтқанымыз да рас.
6. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша негізгі теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы. Оның фонетика мен лексикология, морфология мен сөзжасам, синтаксис мен әдеби тіл салалары бойынша жазған ғылыми деректері мен қисындары ерекше ғылыми зерттеуді қажет етеді.
7. Қазақ тіл білімінде көркем шығармадағы баяндау туралы, оның құрылымы туралы мәселені алғаш айтқан, ғылыми негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы болған. Ахмет Байтұрсынұлы баяндау мен оның үлгілерін әдебиет теориясы тұрғысында терең қарастырған, мұның әдеби тіл теориясына да қатысы мол. “Әдеби танытқыш” деп аталатын зерттеуінде қара сөз бен дарынды сөз жүйесін ғылыми негізде талдайды. Қара сөз бен дарынды сөзге анықтама береді. “Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінің табы қара сөздің басы болады. Қара сөздің табынан түрін айыру керек. Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықимал. Көптен бері көп жұртта қалыптасқан түрлерін алғанда, қара сөз: 1) әуезе, 2) әліптеме, 3) пайымдама болып үш салаға бөлінеді,”– деп жазады ғалым [3. 397].
Бұдан әрі ғалым әуезеге мынадай анықтама береді “Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады” [3. 397]. Әуезені іштей мәлімдеу, мазмұндай, қорыту деп үшке бөліп көрсетеді. Әуезенің тарауларына шежірені, заман хатты, өмірбаянды, мінездемені, тарихты және тарихи әңгімені жатқызады да, әрқайсысына анықтама беріп, өзіндік дәлелдемелер келтіреді.
Әліптеме туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазады: “Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың, түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге болады.” [3. 400].
Әліптеудің екі түрін көрсетеді:

  1. Пәнді әліптеу;

  2. Сәнді әліптеу.

Пәнді әліптеу дегеніміз, автордың көрсетуінше, “нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп, сыр-сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі” [3. 401]. “Сәнді әліптеуде қандай белгілерін алу әліптеушінің көздеген өз мақсаты бойынша болады” (Сонда).
Автор пайымдау туралы да терең ғылыми пікір айтады: “Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма пайымдама деп аталады.” (Сонда). Автордың пайымдауынша, “әуезе, әліптеме түрлі сөздермен дүние әңгімесі біптейді. Әуеземен әліптеме дүниедегі жататынды, жасатынды нәрселдердің өздерімен олардың әдістерімен, жай-күйлерімен ғана таныстырады” .
“Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың қалай өмір шегетінін танумен білім тамам болмайды. Өйткені дүниедегі нәрселердің бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас; ол сабақтас, іліктес, құрмаластығы белгілі себептер бойынша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойын ұсынып, сол заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң – табиғат заңы; ол заң жолы – табиғат заңының жолы. Нәрселер арасында қандай сабақтастық. іліктестік, құрмаластықтың бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себептер мен қандай заң бойынша екендігін айыру жағын пайымдап, ғалым адамдардың шығарған сөздері пән шығарма деп аталады. Пән шығарманың асылы пайымдама болады. Сондықтан пән шығарманың жалпы аты да пайымдама болады” – деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы [3. 401-402].
Қорыта айтқанда, қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының жазып қалдырған ұшан-теңіз мәні мен маңызы бар ғылыми мұраларын тереңдей зерттеп, ондағы танымдық, тағылымдық мәнді анықтау, зерделеу ХХ ғасырда мүмкін болмады да, бұл ғылыми борыш ХХІ ғасырға өтті... Бүгінгі ғылыми қауымның бұл тұрғыда ойлануы керек. Ойжасампаздықпен (креативтілік) үңіліп, ғылыми тағылымынан үйренеріміз көп, үйретері мол.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. - Алматы, Ана тілі, -1992, 324-бет.

  2. Айтбаев Ө. Қазақ сөзі, - Алматы, 32-бет.

  3. Байтұрсынұлы А. Ақжол. - Алматы, -1991, 397-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде