Ахмет байтұрсынұЛЫ



бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі110.75 Kb.
#290419
  1   2   3   4
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы дәріс


А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ
А.Б. Салқынбай - Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениеті көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де - халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Қараңғылықтың қамауынан алаш жұртын аршып алуға арналып, алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан” бастап, “Әліп-би”“ мен “Тіл құрал”, “Әдебиет танытқыш” атты зерттеулері мен маса болып ызыңдап елдің ертеңін ойлауға үндеген "Қырық мысал", "Масасы", қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынның» алғы сөзі мен түсініктемелерін жазып, 1923 ж. Москвада шығаруы, ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялауы - оның есімін алтын әріптермен қазақ мәдениетінің шежіресіне жазды.


Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметінің аса құнды тұсы Орынбордағы 1913-1918 жылдары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығаруы. Газеттің қазақ журналистика тарихында ерекше маңызға ие болуы, жарияланған мақалалардың ұлттық мәселелерді жүйелі саралап және ел өміріндегі ерекше қажетті жағдаяттарға арналуымен байланысты. Ел тағдырының келешегіне саналы түрде алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, дана саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.
Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы ұлт үшін ұлық істерді бастауымен, алғаш қазақ әліпбиін жасап, қазақ сөз өнерінің теориясын туғызғанымен, тіл ғылымының маңызын терең түсініп, бағалап, тілдік терминдерді ұлттық санаға лайықтап жасауымен байланысты. Қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдылану керектігін тап басып айту да – ақын ерлігінің бірі. А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты ұлы Абайға арналып жазылған мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі ретінде бағаланады. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерделенген-ді. Ал қазақ халқының талай заманалар бойы аңсаған арманын көкжиек төріне шығарып, сол арқылы өзі де биіктеген ақын Сұлтанмахмұт Торыайғыров “Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов ... бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым” деп ұлт азаттық жолындағы күрескер алаш азаматтарын ардақтаған. Ия, қазақтың бір туар арыстары бірін-бірі осылайша марқайта мадақтай, еңбегін бағалай білген.
Қазақ сөзінің қисынын (теориясын) қиыстырып, көркем сөйлеу тілін ғылым тіліне айналдырып, тіл-құрал етіп әдіптеген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінде де көшбасшы болып, қазақ тіл ғылымы мен әдістемесінің негізін қалады. Қазіргі таңда Байтұрсынұлы жасаған бүкіл терминдер қазақ тіл білімінің метатұғыры болып қалыптасып, тілдік тәжірибеде қабылданған, уақыт сүзгісінен өткен, қазақ тіл білімінің төл ерекшелігін танытатын құндылыққа айналған.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізгі теориялық тұғырын жасап, оның алғашқы қазықтарын қақты:
1. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі”,– деп Ахмет Байтұрсынұлы тілді адам санасындағы ойдың күрделі иірімдері мен әр түрлі психофизиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз жасады. Лингвистика теориясының аса күрделі мәселерінің бірі болып табылатын тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты көптеген ғалымдар зерттегені белгілі. Бұл тіл білімі, философия, психология, мәдениеттану т.б. сияқты ғылымдардың тоғысуынан туындайтын күрделі ғылыми-теориялық мәселе.
2. Ежелгі көк түріктен келе жатқан бітіктің бірінде “Мөр кімнің қолында болса, сол - Сүлеймен” деген сөз бар, сол айтқандай, орыс үстемдігі тұсында қазақ әліпбиі сан ауысты. Алаштың азулы ұлдарының көзі тірісінде кириллицаны енгізуге қанша мықты болса да, үкіметтің шамасы жетпепті. Қазақ зиялылары таңдаған, қалың ел болып қолдап, қолданған Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы арқылы ұлт сауатын ашып, газет-журналдарын шығар бастағаны, 1929-40 жылдар арасында латын таңбасын енгізгені, 1938-дің қырғын-зобалаңынан соң, елдің еңсесін көтертпей, соғыс басталар алдында, заманауи апақ-сапақта кирилл таңбасын зорлап таңғаны да бүгінгіге тарих болғанымен, сол уақыттың шындығы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде