Adobe Illustrator программасының интерфейсі



Дата25.11.2021
өлшемі18.52 Kb.
түріПрограмма

Adobe Illustrator программасының интерфейсі


  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі

  2. Жаңа құжат құру

  3. Illustrator редакторының құралдары

Adobe фирмасының Illustrator программасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.

Бұл программа векторлық графика программаларының ішіндегі жалпылама мойындалған бүкіл әлемдік көсбасшы болып табылады. Профессионалдардың өздері де көбінесе осы программамен жұмыс жасайды. Оның ерекше қасиеті – Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен бірге аяқталған полиграфиялық компьютерлік таралымдар мен күрделі құжаттарды өңдеуге арналған жеткілікті үштік қосымша құруында. Бұл үштік бірдей стильде орындалған, ұқсас интерфейстер мен құралдарды пайдаланады, бірдей тәсілдер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді және өзара объектілерді қатесіз импорттау мен экспорттайды. Adobe Illustrator 7.0 –дің қосымша қасиеті – бұл редактордың орыс тіліндегі версиясының болуында.

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.

Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.

Түстерді басқару механизмі экрандық құжатты баспаға шығарғанда экрандағы түстер де шығарылады деп кепілдік береді. Adobe Illustrator басып шығару үшін керемет мүмкіндіктер береді. Программаның негізгі басқару элементтері меню қатарында, құрал-саймандар панелі мен құрал-саймандық палитраларда топтастырылған. Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы құрайды.

Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.

2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.

3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.



4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған.

Illustrator редакторының құралдары. Құрал –саймандар панелі суреттер мен бейнелерді түзудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар панелі біріктірілген бес белгілер тобынан тұрады.

  1. Бірінші топқа объектілерді ерекшелеуге арналған құралдар белгісі кіреді. Ерекшелеу (Выделение) құралымен объектіні түгелдей ерекшелейді (бұл үшін контурды шерту немесе ерекшеленетін объекттің айналасында рамка жүргізу керек). Бөлікпен ерекшелеу (Частичное выделение) құралымен контурдың бір бөлігін ерекшелейді, мысалы, сегменттердің біреуін немесе бір тірек нүктесін. SHIFT пернесін басып тұрып бұл құралдың көмегімен бірнеше объектілерді немесе оның элементтерін таңдайды.

  2. Сурет салуға арналған құралдар тобына Эллипс және Тіктөртбұрыш сияқты дәстүрлі құралдар кіреді. Қарындаш құралы кәдімгі формадағы контурларды түзу үшін қызмет етеді. Перо – программаның негізгі құралы. Ол түзусызықты және қисықсызықты сегменттерді түзуге арналған. Текст құралын текстілік объектілерді түзу үшін қолданады. Қайшы құралының да ролі өте маңызды. Ол контурларды бөлу үшін өте қажет. Контурдың шертілген аймақтарында қосарланған соңғы нүктелер пайда болады да ағымдағы контур тәуелсіз объектілерге ыдырайды.

  3. Үшінші топтың құралдары ерекшеленген аймақтарды манипуляциялау үшін қажет. Бұру (Поворот), Көлбеу (Наклон), Өлшем (Размер) және Айна (Зеркало) құралдарының атқаратын қызметі аттарынан – ақ белгілі.

  4. Төртінші топ құралдарына Айналдыру (Превращение) және Диаграмма жатады. Айналдыру құралдары объектілерді трансформалауға арналған альтернативті топтар (бір формадағы объектіні екінші формадағы объектіге барлық аралық объектілерді сақтау арқылы айналдыру). Диаграмма құралы ісмер графиканың диаграмма құруға арналған альтернативті тобын құрайды.

  5. Соңғы топты қарауды басқаруға арналған қосымша құралдар құрайды (Масштаб, Қол, Сызғыш), үлгі бойынша түс таңдау (Пипетка), сондай-ақ құюға арналған құралдар (Заливка және градиент).


Бақылау жұмысы:

  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі дегеніміз не?

  2. Жаңа құжат құру жолдарын ата?

  3. Illustrator редакторының құралдары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік