Қадір атаға арнау.
Әдебиет – бұл дүниенің теңдесі жоқ қазығы,
Ақындардың басылмайтын құштарлығы,қызығы.
Әдебиет адамдармен үнсіз ғана тілдесіп,
Рухани тәрбиелеуші,таусылмайтын азығы.
Әдебиеттің іргетасын қалаушылар-ақындар,
Ақын десе мақтау да бар, даттау да бар, сын да бар.
Қазағымның әдебиетін биік шыңға көтерген
Ұлы ақындар құдды бір қаһарманмен пара-пар.
Өлеңдермен халықтардың жүректерін тулатқан,
Шалғайдағы теңіздердің толқындарын шулатқан.
Аңыз ақын,абыз ақын Қадір Мырза Әлиге
Жүректен жарып шыққан өлең жолдар арналар.
Өзіміздің жерлесіміз, шырайлы шаһар Оралдан,
Туған жерге талай дастан,түрлі жырлар арнаған.
Туған жердің, туған елдің құдіретін ән қылып,
Болашаққа үлгі етіп,зор мұра қып қалдырған.
Бүлдіршіндер өлеңдерін шығарудың шебері,
Тілі оңай,келісіп тұр барлық сөздер мәнері.
Балалардың санасына құйған білім байлығын,
Борыштары-қадір тұту, әрбір қазақ өрені.
Дәуір менен уақыттан жаратылған майталман,
Өлеңдері жүректерге бірдей оңай жол тапқан.
Ана тілдің ар екенін, заң екенін дәріптеп,
Қазақ тілдің күр тамырын терең жайып, дарытқан.
Болған әрі заманында жеті қырлы , бір сырлы,
«Өзге тілдің бәрін біл» деп шектемеген ілімді.
Есениннің лирикасын қазақ тілге аударып,
Мақтанышпен бағалаған барлық қазақ ғалымы .
Поэзияда, биік шыңның басында
Құмарлықпен оқиды кәрі менен жасың да.
Ақындықты адамдықпен шеңдестіріп келтірген
Ұлы тұлға бір рет қана туылатын ғасырда
Достарыңызбен бөлісу: |