Аңдатпа. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі заманауи әлемнің экономикалық дамуының негізі болып табылады деп есептейді ғалымдар

Loading...


Дата15.02.2017
өлшемі18 Kb.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мазмұндалуы.
Олжаш Еңлік

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

ЭжБЖМ-нің 3-курс студенті
Аңдатпа. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі заманауи әлемнің экономикалық дамуының негізі болып табылады деп есептейді ғалымдар. Экономикалық өзара қатынастың күрделену жағдайында, жаһандану үрдістерінің кеңеюімен байланысты ел экономикасын жеделдете жаңғырту қажеттілігін негіздейтін мәселелер кезек күттірмейді. Қазақстан үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабеліттілігін қамтамасыз ету - ең маңызды қажеттілік.
Кілтті сөздер: экономика, экономикалық бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік, стратегия, экономикалық даму.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-2050» атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс.  Жиынтық ІЖӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады [1].

Бәсекелестік деген ұғымға түрлі талдау жасау негізінде анықталғаны, оларда көптеген  бәсекелестікке тән  аспектілердің біреуі ғана сипатталады және бәсекелесу күресінің мақсаты көрсетілмейді. Түрлі зерттеулер барысында бәсекелестік категориясын қарастыра отырып, біз бәсекелестікке қатысты төмендегідей анықтамалардың  тән екенін айтамыз: бәсекелестік – нарық субъектілері арасында экономикалық мүддеге қол жеткізу мақсатында болатын жарыс: өндірушілер (сатушылар) – табыс табу; тұтынушылар (сатып алушылар) – қажеттілігін қанағаттандыру.

            Бәсекелестік фирмаларды бәсекеге қабілетті тауар өндіруге міндеттейді. Алайда бәсекеге қабілеттілік деген ұғымға нақты жауап беретін біртұтас ыңғайдың жоқтығын да атап өтуге болады. Жұмыс барысында жүргізілген талдаудан анықтағанымыздай, олардың формаларында айырмашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінен білінеді, ол өнімнің сатылуы кезінде пайда болады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтау деңгейі, негізінен алғанда, сатып алушы (тұтынушы) арқылы анықталады, ол өнімді сатып ала отырып, оның өз қажеттілігін қанағаттандыратынын мойындайды. Айтылғандарға талдау жасай отырып, біздер бәсекеге қабілеттілік ұғымына төмендегідей анықтама беруімізге болады: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – ол тұтынушылық, баға және инновациялық сипаттар жиынтығы, ол тұтынушыны тартады және бәсекелестік жағдайында өндірушіні коммерциялық табысқа жеткізеді [2].

            Алайда, бәсекеге қабілеттілік ұғымының бәсекелесу қатынасына орай алмасып отыратынын да айта кеткен жөн. Одан макродеңгей (ел), мезодеңгей (сала, аймақ) және микродеңгей (өнім, өндіріс, өнеркәсіп) бөлінеді. Аталған деңгейлердің әрқайсысының бәсекеге қабілеттілікке ықпал етуші өз факторлары болады. Бұл деңгейлер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

            Түрлі авторлардың ұстанған талдауы негізінде бәсекеге қабілеттіліктің жалпы анықтамасын ұсынып отырмыз. Бәсекеге қабілеттілік – көп сатылы ұғым, оның талдауы мен бағасы бәсекелестік қатынас деңгейіне қатысты факторлармен анықталады, ол факторлар бәсекелес субъектілер үшін нақты ерекшеліктерді қамтамасыз етеді.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бұл  инновациялық саясаттың негізгі мақсаты болып табылады [3].

     Әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден бір сара жолы инновациялық даму бағыты болып табылады. Ал, инновациялық дамудың негізгі мақсаты  - жаһандану үдерісі аясында ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, «инновациялық даму – бұл нарықта адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, «инновациялық даму – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтын даму» [4].

Қорыта келгенде, қазіргі экономикалық жағдайлардағы әлемдік қауымдастықтың дамудың жаңа сапалы сатысына көшуі инновациялық және инвестициялық үдерістердің бесенділігінің артуымен байланысты. Еркін бәсекелестік механизмі – дамыған нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс проблемаларын шешуде; дегенмен әлемдік тәжірибеде белгілі ғылыми-инновациялық сфералардағы көптеген индустриалды елдер нарықтық қатынастарға мемлекеттің арала-суын көріп отырмыз. Инновациялық негіздегі қазақстандық дамудың жаңа формалары мен әдістерін табу қажеттілігі туындап отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің артуы инновациялық үдерістердің белсенділігінің артуымен тығыз байланысты: өндіріске жаңа технологияладың ендірілуі, оның ішінде ресурстарды үнемдейтін және ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік аналогтармен табысты бәсекелесе алатын үздік тұтынушылық қасиеттері бар инновациялық өнімдердің шығарылуын кеңейту болып табылады.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.

Отандық тауарлардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру – елдің әлемдік экономиканың ғаламдану үрдісіне кіруінің негізі. Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін кез келген рыноктың қажеттілігін қанағаттандыра алатын максималды балансталған кешенді құру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://group-global.org/kk/node/26096

2. Категория : Қазақстан экономикасы http://group-global.org/kk/publication/19088-ekonomikalyk-kauipsizdik-dengeyin-bagalaudyn-distemelik-aspektileri

3.http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_nat_eco/ecologiya/article/green_ekonomika&lang=kk



4. Категория: Қазақстан экономикасы http://group-global.org/kk/publication/3347-kazakstan-respublikasynyn-ekonomikalyk-kauipsizdigi-mselesi-zhne-ony-sheshu
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...