Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiмадамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi



бет1/2
Дата20.11.2021
өлшемі36.47 Kb.
  1   2

Ы. Алтынсариннің шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiмадамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi” деп ӘлФараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияның бiрiтәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерi.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен ізгілендіру үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнезқұлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.

Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iсәрекеттерi де үлкен әсер етедi.

Ең алдымен, тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты екенін тұңғыш қарастырған К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы ағартушы Ы.Алтынсарин адамгершiлiктiң мынадай 7 қасиетін атап көрсетеді: 1. Имандылық. 2. Жоғарғы әдiлдiк. 3. Адалдық, ақкөңiлдiлiк. 4. Сыпайылық, момындық. 5. Адал ниетпен өсиет беру. 6. Жомарттық, қайырымдылық. 7. Дұрыс заңдылық [2,266]. Яғни, жас ұрпақтың – ақыл-ойын, сезiмiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуiне барлық ынтасымен кірісе отырып, өзінің туындыларын сол бағытқа арнайды.

Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдардың ерте замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің бірі болып саналса, солардың қатарында 19-ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтысарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой, Н.Ф.Бунаковтармен пікірлес болды.

Мектеп бағдарламасында Ы.Алтынсариннің шығармашылығын меңгертуге бірнеше сағаттар бөлінген. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жаттап өссе, кейінгі сыныптарда ұлы ағартушының тәрбиелік мәні өте жоғары әңгімелері мен лирикаға тұнып тұрған өлеңдерін оқып-үйренеді. Үйреніп қана қоймай, сол туындылардың астарында жатқан адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп өседі. Әр шығармасында Ы.Алтынсарин адамгершілікке сай келетін жақсылық істердің не екенін ашып беруге тырысады. Ол халық қамын ойлау, қоғам пайдасын өз жеке басының пайдасынан жоғары қою адамгершіліктің ең жоғары өлшемі деп санайды. "Кел, балалар, оқылық" өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырады:

Істің болар қайыры Надандықтың белгісіБастасаңыз алдалап. Еш ақылға жарымас... Оқымаған жүреді

Жөн білмеген адамға Қараңғыны қармалап. Қыдыр ата дарымас...

Сондықтан да халық мүддесін ойлау, ол үшін жан аямай қызмет ету ағартушы шығармаларының негізгі өзегі болып табылады. Ол өзінің «Қырғыз хрестоматиясының» кіріспесінде: «...біздің әрқайсымыздың міндетіміз – Отанымыздың пайдасы үшін қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосу»,деп жазады. Өз пайдасы үшін халық мүддесіне үлкен зиян келтіріп жүрген адамдарды аяусыз сынап отырған. Өзінің 1880 жылы 14 ақпанда В.В.Катаринскийге жазған хатында бір уезд бастығының өз пайдасын ойлап, мектепті өзінің бұрынғы ескі, тар үйінде ұстап отырғанын айтады. «Осындай жеке пайдасын ойлаушы адамдардың,деп көрсетеді ол,ұлы қоғамдық іске зиянын тигізіп, оны жаншып-таптап отырғанын біреуге айтудың өзі ренішті». Ы.Алтынсарин өз өлеңдерінде де ондай қасиеттерге соққы беріп отырады. Ол бір өлеңінде былай дейді:

Азған елдің адамына, Қашан тоба қылғанымша, Айтсаң тілді алмағай Үзіп жұлқып алайын деп,


Кетсе шарлап жылмағай... Өлшеп берген өмірін,

...Бүгін тоба қылайын, Зая қылса керек-ті.

Ертең тоба қылайын,

Бұдан ақынның өмірді зая өткізбеудің амалын, адам бақытының неде екендігін шешуге тырысқаны байқалады. Адам бақыты бұл өмірде барға қанағат ету екенін де әңгімелерінен байқатады. Тіпті бұл жерде Ы.Алтынсариннің ойлары ертеде өмір сүрген грек ойшылдарының пікірлерімен үйлесіп жатқанын байқауға да болады. Мысалы, біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларда өмір сүрген грек философы Демокриттің «кімде-кім аз дүниеге қанағат тұтып, шын көңілімен ішкі сезімін байсалды ұстаса – ол бақытты; ал кімде-кім көп дүниеге қанағат тұтпай, көңілсіз жүрсе – ол бақытсыз» және де «егер сен көпті керек етпей, азға қанағат тұтсаң, онда аздың өзі саған көптей көрінеді» т.б. тұжырымдарын оқып отырып, Ы.Алтынсарин сол ойларды ары қарай жалғастырғандай әсер аласыз. Дәлірек айтқанда, Ы.Алтынсарин өзінің «Қанағат» деп аталатын әңгімесінде: «...қанша малы көп болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды, қанша малы аз да болса, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; соның үшін байлық қанағатта»,деп көрсетеді. Осы ойын Ы.Алтынсарин өзінің жақын достарына жазған хаттарында да қуаттайды. 1885 жылы 25 қазанда мұғалім Мазохинға жазған хатында: «Менің ақылыммен емес, араб философының ақылын басшылыққа ала отырып, өмір сүріңіз. Біреу араб философынан «байлық пен бақыт неде» деп сұрағанда, «қанағатта» деп жауап беріпті»,деп жазады. Осы айтылғандардың бүгінгі таңда өзектілігі шексіз артып тұрғандай. Қазіргі таңда адам баласына қажет болып отырған «қанағат» деген ұғымға ой жүгірту үшін, бәлкім Ы.Алтынсарин шығармаларын қайтадан оқып шығуды ұсыну керек шығар...

Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады. Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлықты, әділетсіздікті сынап, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің, адамгершілік мінезқұлықтың артықшылықтарын бейнелейді.

Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беруде, олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейтуде «Қазақ хрестоматиясы» тек сол кезең үшін ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор туынды. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбексүйгіштік, оқуға, өнерге ұмтылу, елін-жерін қадірлеу, талаптылық, қайрат пен ерік-жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілдік, махаббат, қайырымдылық, жалпылай айтқанда, адамгершілік ұғымына тән тағы басқа жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатмиды. Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогика ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын көреміз. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі мектеп ашу, бала оқыту жалпы халықты ағарту жұмысы да, екіншісі халықтың ой санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп». Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.


Адам бақытындағы еңбектің өте зор рөлін Ы.Алтынсарин чехтың XVII ғасырдағы ұлы философы Ян Коменскийдің сөзімен түсіндіре келіп: «Кімде-кім өз адал еңбегімен өмір сүріп отырмыз дей алатын болса, сол адам ғана нағыз бақытты», деп көрсетеді. Сол үшін де ол мұғалімдерден игілікті іс істеуді және жоғары адамгершілікті талап етіп отырады. «Мұғалімдерді,деп жазады ол, ешқандай пайдасыз бос сөздері үшін емес, олардың оқушыларға көрсеткен үлгілері мен еңбектерінің жемісі арқылы бағалайды».

Ы.Алтынсарин өз өлеңдерінде, әңгімелерінде және хаттарында адамның жақсы мінезді, құлықты, адамгершілігі жоғары болу үшін тәрбиенің, әсіресе еңбек арқылы тәрбиелеудің маңызын баса көрсетіп отырады. Мысалы, өзінің «Бақша ағаштары» деп аталатын әңгімесінде әкесі баласына қисық өскен ағашты көрсете жүріп ақыл айтады. Келесі бір жерде ол өзінің осы ойын толықтыра түсіп, дұрыс тәрбиенің маңызын баса көрсетеді. «...әрбір іс,деп жазады ол, бастан түзу бола келмесе, түбінде түзелуі қиын болады...» [1,81]. Ы. Алтынсарин жастарды еңбек сүйгіштікке баулыды, уақытты босқа өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға шақырды. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі екенін айтады. Адамгершілік адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Міне, осы бағыттағы еңбектерінің орны бір төбе.

Көркем әдебиеттің күрделі жанры болып саналатын әңгіме жазуда оның түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізуідегі шеберлігін талай зерттеушілер дәлелдеп қойған. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді. Ол туралы белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы

болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар", деп жазды [2,62]. Ыбырай жазған әңгімелер ең алдымен, уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды. Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына жеңіл, тілі жатық және оқу, өнер, адамгершілікке жетектейтін тәлім-тәрбие беретін қасиеттері жағынан алғанда мазмұнды. Кез келген жастағы балалар қызыға отырып оқумен қатар, өздері-ақ ой түйе алады. Оның қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім» т.б. шығармаларын атауға болады. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді. "Бай баласы мен жарлы баласы" Ыбырай шығармаларының биік шыңы леп атауға болады. Бұл әңгімені оқып отырған мектеп жасындағы балаға еңбек етудің қажеттілігін сезінуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Автордың Үсеннің іс-әрекетінен адамгершілік деп аталатын асыл қасиеттердің жиынтығын көрсетуді мақсат еткені анық сезіліп тұр. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай талдап береді. Бұл әңгімені оқыған бала адамдарға жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғықасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету; кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу; рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу; көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру сияқты қаситеттерді бойына жинары анық.

Ыбырай Алтынсаринның тағы бір мағыналы да мазмұнды шығармасы "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесі. Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сөйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу; адал болу; жауапкершiлiк таныту, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болуға үндейді. Әңгіменің тәрбиелік жағы осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген. Әрі бұл әңгіме өмірде болған тарихи оқиғаның негізінде жазылғандығын автордың өзі де атап көрсетеді.

Ыбырай Алтынсариннің өз халқын оқу-білімге, өнерге шақыруы, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеуметтік өмірдегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның шығармашылығының халықтық жағы болып саналса, сонымен бірге қазақтың қазіргі проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушылардың бірі болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды ның биік адамгершілік қасиетін, азаматтық ұлы тұлғасын көруге болады.

Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми–зерттеу еңбегінде педагог-жазушыға: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор",деп баға береді [2,71].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік