Адам организміне әсер етуші негізгі факторлардың сапасын анықтау Студент: Ишанғали А. Б

Loading...


Дата01.04.2020
өлшемі1.04 Mb.

Адам организміне әсер етуші негізгі факторлардың сапасын анықтау

Студент: Ишанғали А.Б

Оқу тобы: Б-16-5

Оқытушы: Оңғарбаева Г.Р

Мақсаты:

  • Тақырып бойынша зерттеу тәжірбиесін жүргізуді меңгеру

Адам организміне әсер етуші зиянды тағамдарды анықтау

Тақырыптың өзектілігі:

  • Адам денсаулығына зиянды тағамдар қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай, сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот – догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді. Дәрігерлер қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдардың жиі пайдалануы, түрлі ауруларды туғызады.
  • Мəселе(проблема): Зиянды тағамдардың ағзаға әсері
  • Нысаны: Тағам өнімі
  • Зерттеу жұмысының міндеттері:
  • 1.Зиянды тағамдарының құрамын, зиянын білу үшін көптеген әдебиеттерді,газеттерді, журналдарды қарау;

    2.Танымдық деңгейді арттыру;

    3.Аурудың алдын – алу жолдарын қарастыру;

    4.Теориялық білімді өмірде іске асыру;

  • Зерттеу жұмысының əдістері: тəжірибе қою, бақылау, салыстыру, талдау.

Мазмұны:

  • Кіріспе 
  • ІІ . Негізгі бөлімі:
  • 2.1 Зиянды тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері.

    2.2 Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары.

    2.3 Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар.

  • ІІІ. Зерттеу бөлімі:
  • 3.1 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола”

    сусынына сапалық реакция.

    3.2 Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары.

  • Қорытынды.
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Әлемдік диетологтар адам ағзасына өте зиян тағам түрлерін анықтады. Әрине, олардан адам уланып өлмейді. Алайда, жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз.

Чипсы мен лимонад

  • Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады. 

Фастфуд

  • Тез әзірленетін тағамдар - фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады.

Шұжық,кептірілген ет өнімдері

  • Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет - бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көпетеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр. 

Маргарин,тәтті тоқаштар

  • Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес. 

Кофе мен энергетикалық сусындар

  •  Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.

Шоколад батончигі, сағыздар

  •  Бұл - түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі колория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады

Майонез бен кетчуп

  •  Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал, кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар.

Йогурт пен балмұздақ

  • Біздің ойымызша, йогурттың сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.

Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары

  • Кока-кола сусынында ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.
  • Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.
  • Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.
  • Кока- кола дақты және иісті  жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар

  • «Ауру – астан» десек те, оған өзіміз мән бере бермейміз. Қазақстандықтар соңғы жылдары зиянды тағамның тұтқынына айналды. Жеңіл асқа жерік көп. Бұл тағам түрі - ағзаға аса қауіпті дейді елдегі гастроэнтерологтар. Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабыну, ойық жараның асқынуы секілді дерттер.

Коко – колаға жасалған тәжірибе.

Жай су құйылған стаканға және коко – кола сусыны құйылған стаканға бір кесек тауық етін салып қойдым. 3 сағаттан кейін ет көлемі коко – кола сусынында бүрісіп, кішірейіп кеткен. Екіншіден тағы бір қасиеті тотты оңай кетіре алуы. Кока – колаға салынып қойылған тот басқан шегенің ешқандай тоты қалмаған. Толығырақ айтар болсам коко – коланың мынадай қасеттері бар:

1.Тамақ дайындағанда кез – келген соусқа араластырып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді

2.Үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға коко – коланы құйып, еденді сүртіп шықса жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады

3.Ыдыстың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған, қарайған дақтар болса, оны коламен ысқылап жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді

Зиянды тағамдарды тұтынушыларға кеңестер:

  • Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн
  • Өзіңізді жылдам тағам орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз
  • Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз
  • Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.
  • Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.
  • өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз
  • өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз
  • ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз
  • құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді
  • егерде сол өнімге қызықсаңыз оны қолдану мөлшерін азайтыңыз
  • кириешки мен чипсы кішкентай балаларға ұсынбаңыз

Қорытынды

  • Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылған шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім.

Қолданылған әдебиеттер  

  • 1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл
  • 2. “Биология және салауаттылық негіздері”
  • 3. “Пайдалы кеңестер”
  • 4. Ғаламтордан алынған мәліметтер
  • 5. «Алаш айнасы» интернет – газеті
  • 6.ҚазАқпарат ақпараттар арнасы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...