Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделеріннің сақталуын қадағалау

Loading...


Дата28.03.2020
өлшемі17.36 Kb.
10 дәріс

Тақырып: Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделеріннің сақталуын қадағалау.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Дәрістің мазмұны:

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды


тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын қадағалау

      1. Қадағалаудың мiндеттерi:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;

      2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.

      2. Прокуратура басқа мемлекеттiк органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметi мен азаматтардың жеке өмiрiне араласпайды.

Прокурордың өкiлеттiгi

      1. Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:

      1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;

      2) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп, мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;

      2-1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi жөнiнде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәлiметтер алуға;

      2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;

      3) басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйi және оны қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректердi алуға;

      4) тексерiске қатысу және қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;

      5) прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сәйкес тексерiс жүргiзудi талап етуге және бұлардың нәтижелерi туралы хабарлауды мiндеттеуге;

      6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;

      6-1) сараптамалар тағайындауға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс әрекеттерiн жасауға құқылы.

     2. Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:

      1) наразылық енгiзедi;

      2) заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;

      3) қылмысты iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;

      4) адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;

      5) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;

      6) мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;



      7) органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...