Адалдық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. Адалдық деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады



Дата19.01.2023
өлшемі13.53 Kb.
#417227
Байланысты:
адалдық
6 занятие задача, httpssmarteng.megoielts8.pdf, Презентация (1) химия

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі.

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінің соңына дейін әділдікті, адалдықты насихаттап, басқаларға іс жүзінде үлгі болып кетті. Алла елшісінен (с.ғ.с.) тәлім-тәрбие, үлгі алған саңлақ сахабалардың өмірі де тұнып тұрған әділдік пен адалдық.

Әділдігімен, адалдығымен танылған халифа Омар (р.а.) бірде мемлекет қазынасынан барлық адамға мата таратады. Екінші күні мінберге шығып сөйлей бергенде бір сахаба тұры: «Ей, Омар! Сен біздің алдымызда сөйлеуге хақың жоқ. Себебі, кеше қазынадан барлығымызға мата тараттың. Бірақ, сол мата киім тігіп алуға жетпеді. Ал өзің киім тігіп алыпсың. Бұл әділетсіздік!», – деген кезде Омар қасындағы баласына: «Ей, ұлым Абдулла, мұның жауабын сен түсіндіріп берші», – дейді. Сонда Абдулла: «Әкем кеше маған әрі өзіне екі мата әкелді. Ол мата не өзіне, не маған жетпеді. Кейін әкеме: «Сен елдің алдында көп боласың. Мынау жыртық жамау киіміңмен жүргенің ұят болады», – деп өз матамды берген едім. Осылай екі матаны қосып бір киім тігіп алып, сіздердің алдарыңызға шығып тұр», – деген. Сонда анау сахаба енді сөйлей бер деп рұқсат еткен еді. Бұл оқиға Омардың әділдігін, адалдығын, кішіпейілдігін, сабырлылығын, Алладан қаншалықты қатты қорқатынын, өзінің ісіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Дана халқымыздың ұрпағына «ісінде адал болуды», «біреудің ала жібін аттамауды» насихат етіп келуінің бір сыры осында болса керек. Міне, осы секілді жұмысымызға әділдікпен, адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, басқа біреу көріп тұрмаса да, Алла көріп тұр, ақыретке барғанда күнім не болады деген қорқыныш оймен жұмыс істеу керек. Әрі біреудің ақысын жемей, шынайы ықыласпен істеген дұрыс. Имам ғалымдарының бірі былай деген: «Кімде-кім адамдармен әділетті түрде қарым-қатынас жасайтын болса, басқалар да әділдікті қабылдайтын болады».



Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың», – деп айтқан болатын. Күнделікті жұмысымызға адал болып, қызметімізге Алланың аманаты деп қарап, мұсылмандықты ту етіп өмір сүруімізді жазсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан