Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылыққа алынатын бұйрықтар


Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп



бет49/66
Дата31.12.2022
өлшемі162.37 Kb.
#405251
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
күнделік 113

Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп

Білім алушы: Аманжанова Таңшолпан


30.04.2022

Р/с


Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

Өндірістен оқу практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1

Асқазанды жуу,жел шығару түтікшесін қою техникасы

14:00

15:00




2

Тазарту клизмасын қою техникасы

15:00

16:00




3

Майлы,гиертониялық,дәрілік клизма қою техникасы

16:00

17:00






Асқазанды жуу ,жел шығару түікшесін қою техникасы
АСҚАЗАНДЫ ЖУУ



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алдым.

  2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байладым.

  3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғыздым.

  4. Алмалы-салмалы тіс протезін алдым (егер де олар болса).

  5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байладым.

  6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойдым.

  7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрдым.

  8. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартып, қолғапты кидім.

  9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшедім: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қостым.

  10. Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырдым.

  11. Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндірдім.

  12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен суладым.

  13. Науқастан аузын ашуды сұрадым. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салдым.

  14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгіздім.

  15. Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсірдім, асқазандағы зат ағу керек.

  16. Құйғыға 1 л суды құйдым, оны құйғының шетіне дейін толтырдым.

  17. Құйғыны ақырын көтердім, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсірдім.

  18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйдым.

  19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталадым.

  20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығардым.

  21. Клеенкалы алжапқышты шештім.

  22. Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.

  23. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүрттім.

  24. Қолғапты шешіп, қолымды жуып, құрғаттым. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.

  25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектестім.

  26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз еттім.

  27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жібердім.

  28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргіздім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет