Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылыққа алынатын бұйрықтар


Көктамыр ішілік тамшылап құюдың техникасы



бет43/66
Дата31.12.2022
өлшемі162.37 Kb.
#405251
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
күнделік 113

Көктамыр ішілік тамшылап құюдың техникасы



  1. Науқасқа жайлы қалып алуға көмектестім (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсындым.

  2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартым. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолымды өңдеп, қолғапты кидім.

  3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексердім, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыдым, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аудардым. Флаконды ашқан күнін белгіледім.

  4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салдым.

  5. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байладым. Көк тамырды тесетін жерін қарадым.

  6. Тамыр соғуын тексердім. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұрадым, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұрадым.

  7. Көк тамырды саусақпен басып, сездім..

  8. Қолғапты тері антисептигімен өңдедім

  9. Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартым, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алдым.

  10. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жібердім, көк тамырды сол қолдың І саусағымен бастым.

  11. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгіздім. Оның еңкейту бұрышын азайттым.

  12. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгіздім. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қыстым.

  13. Ине көк тамырда екеніне көзімді жеткіздім; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.

  14. Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босаттым, науқастан жұдырығын жазуын сұрадым.

  15. Ине тамырда екеніне қайтадан көзімді жеткіздім.

  16. Жүйенің қысқышын аштым.

  17. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақыладым, қарап шықтым тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағаладым.

  18. Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырдым, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жаптым.

  19. Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағаладым.

  20. Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақыладым.

  21. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабып, көк тамырдан инені шығарып алдым, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа бастым. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүктім.

  22. Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым.

  23. Қолымды жуып, құрғаттым.

1.Білім алушының қолы______________________


2022 жыл « 28 » сәуір


__Қадырова Айнагүл


(оқу-өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)
2022 жыл « 28 » сәуір

2.Білім алушының мадақтамалары мен жазалары


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары


______________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы


_________________


2022 жыл « 28» сәуір

Техникалық және қауіпсіздік,орта


білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін оқу өндірістік
практикасын ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
кәсіпорындары (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет