Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылыққа алынатын бұйрықтар


Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп



бет42/66
Дата31.12.2022
өлшемі162.37 Kb.
#405251
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Байланысты:
күнделік 113

Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп

Білім алушы: Аманжанова Таңшолпан


28.04.2022

Р/с


Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

Өндірістен оқу практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1

Көктамырдан қан алу вакумды жүйесі арқылы(анализге) техникасы

14:00

16:00




2

Көктамыр ішілік тамшылап құюдың техникасы

16:00

17:00






Көк тамырдан қан алу вакумдыжүйесі арқылы (анализге) техникасы
Қан алатын вакуумды жүйе – бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.
Вакутайнер – венадан қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.
Ол 3 компоненттен тұрады:
1. Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине.
2. Бір реттік ұстағыш
3. Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.
Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, үлгісінің бүтіндігінің кепілдігі және зерттеуді қайта жасау, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтадым.


2. Лабораторияға жолдама жаздым.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектестім.
4. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартым. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдедім.
5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты кидім.
6. Қанды алуға арналған жүйені алдым.
7. Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексердім.
8. Орауды (қорапшаны) аштым. (стандартты қарап).
9. Инені алып, қорғаныш қалпағын алдым (егер де 2 жақтық инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алдым).
10. Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекіттім.
11. Науқасты отырғыздым немесе жатқыздым. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салдым.
12. Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен салдым.
13. Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстадым (тамыр соғуы сақталулы болу керек).
14. Көк тамырды зерттедім. Ең көп толыған көк тамырды таптым.
15. Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұрадым .
16. Қолғапты тері антисептигімен өңдедім.
17. Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салдым. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстадым.
18. Оң қолға жүйені алдым.
19. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітім.
20. Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстадым, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгіздім.
21. Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырдым, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап бастым, ол қан ағуды қамтамасыз еттім .
22. Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шештім. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтім.
23. Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алдым.
24. Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырдым, бірақ та шайқамадым, сілкімедім!.
25. Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырдым.
26. Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салдым.
27. Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойдым, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алдым.
28. Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұрадым.
29. Түтіктерге белгілер салдым.
30. Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апардым.
31. Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым.
32. Қолымды жуып, кептірдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет