Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылыққа алынатын бұйрықтар



бет33/66
Дата31.12.2022
өлшемі162.37 Kb.
#405251
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
күнделік 113

Ойылу және алдын алу
Ойылу – қысым арқылы тері, тері асты ұлпаларының, бұлшықеттерінің, некроздануы, және сұйық қабыршағының зақымдануы.
Ойылудың белгілері:
терінің бозаруы;
терінің қызаруы;
көк дақ пайда болуы;
ұлпалардың ісінуі;
терінің сырылуы;
тері асты зақымдануы;
бұлшық ет зақымданып,сүйекке жетуі.
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.
Емшара бөлмесін күнделікті, қортынды жинастыру
v Процедуралық мейірбике жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.
v Мейірбике халатын, бас киімін киіп, қолын жуады.
v Залалсыздандырылған столдың үстіне аспаптарды, яғни шприц инелермен т.б. қойып, дайындайды.
v Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін құрады.
v Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды нашар халдегі науқастардан бастайды..
Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады.
Емшара бөлмесін жинау
-Күнделікті жинау-2 рет 1%хлорамин ерітіндісімен немесе басқа зарарсыздандыру ерітінділерімен 0,5% жуу ерітіндісімен қоса.
-Кварцпен өңдеу-күніне 4 рет 20 минут
-Соңғы(генеральды)жинау-аптасына бір рет аға мейірбике даярлаған және бөлім меңгерушісі бекіткен кестесі бойынша.
Ине егетін бөлмеге жалпы жинастыру жүргізу
1.Орамалды байлап,халатты,алжапқышты,биялайды кидім.
2.Зарарсыздандыру ерітіндісін дайындадым,яғни 1% кальций гипохлориді ерітіндісі.
3.2% сабынды-содалы ерітіндіні(200 грамм сабын,200 грамм кальциленген сода,9 л 600 мл су) әзірледім.
4.Бөлмені дайындадым-жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырдым.
5.Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне батырып,заттар мен жабдықтарды сүрттім.Қабырға,төбе мен еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып 1сағатқа бөлмені жауып қойдым.
6.Осындай тәртіппен 2% сабынды содалы ерітіндімен сүрттім.
7.Барлығын таза сумен шайдым.
8.Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүрттім.
9.Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойдым.
10.Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосып қойдым.
11.Бөлмені желдеттім(20-30 минут)
12.Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып,сумен шайып,құрғатып арнайы бөлмеде сақтадым.

1.Білім алушының қолы______________________


2022 жыл « 23 » сәуір


__Қадырова Айнагүл


(оқу-өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)
2022 жыл « 23 » сәуір

2.Білім алушының мадақтамалары мен жазалары


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары


______________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы


_________________


2022 жыл « 23 » сәуір

Техникалық және қауіпсіздік,орта


білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін оқу өндірістік
практикасын ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
кәсіпорындары (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет