Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Аманжанова Таңшолпан
22.04.2022
Р/с
№
|
Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен оқу практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
Дәрілік заттардың(наркотикалық) сақталуына қойылатын талаптар
|
09:00
|
10:00
|
|
2
|
Науқастарға дәрілік заттарды тарату
|
10:00
|
12:00
|
|
3
|
Дәрілік заттарды(энтеральды) ауыз,тіл асты енгізу
|
12:00
|
13:00
|
|
Дәрілік заттардың (наркотикалық) сақталуына қойылатын талаптар
Мейірбике бөлмесінде дәрі-дәрмектер сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек. Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер, диуретиктер, ). Шкафтың төменгі сөрелерінде тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді , глюкоза және т.б.) орналасады. Шкафтың артқы бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен қорапшадағы дәрілер орналасады. Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды). Иісі анқыған дәрілерді (иодофарм, мезол) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек қораптарда сақтайды. Тез бұзылатын препараттар (тұңбалар, қайнатпалар, микстуралар) мен майлар, вакциналар, сары су, ректалдық балауыздарды тоңазытқышта сақтайды. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы залалсыз ерітінділердің сақтау мерзімі – 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар – 3 тәулік, тұңбалар, қайнатпалар, микстуралардың сақтау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Дәрілерді сақтауға арналған процедура кабинетіндегі шкафтар, тоңазытқыш және сейф.
Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотроптты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері
Есірткілік препараттар – бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады. Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде “А” (улы дәрілер) және “В” (әсері күшті дәрілер) тізіміне кіретін дәрілер атаулары, тәуліктік дозалары сейфте сақталады. Сейф кілті аға медбикеде немесе тәжірибелі медбикеде болады. Емделушіге есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен енгізеді. Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет. Есірткілерден босаған ампулаларды тастамайды, оларды жинап, қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Сонында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |