Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім.
Қолымды гигиеналық деңгейде тазартым. Қолғапты кидім.
Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жудым (стандартты қараңыз).
Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинадым.
Жолдаманы толтырдым. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсеттім
Жиналған зәрді лабораторияға апардым.
Қолғапты шешіп, контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.
Формалы элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;
эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;
цилиндрлер – жоқ.
Зимницкий байқауына зәрді жинау
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім:
зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;
бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;
зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинадым.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін,
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін,
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін,
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін,
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін,
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін,
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін,
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін.
24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апардым.
Достарыңызбен бөлісу: |