Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылыққа алынатын бұйрықтар


Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп



бет20/66
Дата31.12.2022
өлшемі162.37 Kb.
#405251
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
күнделік 113

Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп

Білім алушы: Аманжанова Таңшолпан


19.04.2022

Р/с


Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

Өндірістен оқу практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1

Қолтықтан дене қызуын өлшеу

09:00

09:30




2

Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу

10:00

10:30




3

Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу

10:30

11:00




1

Тыныс алуды анықтау

11:00

13:00




Қолтықтан дене қызуын өлшеу



  1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.

  2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым.

  3. Науқасты отырғыздым немесе жатқыздым.

  4. Термометрді қолға алдым. Оның бүтіндігін тексердім. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкідім және қарадым.

  5. Қолтық асты ойысын қарадым: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

  6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртім(ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

  7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салдым, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұрадым).

  8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым.

  9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.

  10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жаздым (қара түспен).

  11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзімді жеткіздім.

  12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.

  13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жудым, салфеткамен құрғатып сүртім, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтадым.

  14. Қолымды жуып, кептірдім.


Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндірдім, оның келісімін алдым, тамыр соғуын анықтайтын жерді анықтадым.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды бердім.

  3. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартым.

  4. Бір мезгілде қолымның саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстадым, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырдым. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстадым. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қыстым, тамыр соғатын жерді анықтадым, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырдым. Тамыр соғу сәйкестігін анықтадым. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу реттілігін анықтадым.

  8. Тамыр соғу жиілігін анықтадым.

  9. Тамыр соғу толысуын бағаладым.

  10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтадым.

  11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жаздым.

  12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарладым.

  13. Қолымды жуып, кептірдім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет