4.Мұрын қуысын күту дәрі тамызу
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты кидім.
Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын бердім.
Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қарадым.
Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгіздім.
Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйдым.
Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сықтым.
Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіп және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырдым (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).
Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алдым, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазарттым.
Қолғапты шештім.
Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салдым.
Қолымды жуып, кептірдім.
МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексердім (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылыттым.
Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқыздым.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіп, қолғапты кидім.
Мұрын жолдарын қарадым, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізуіміз керек(стандартты қараңыз).
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкердім (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қыстым.
Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қыстым.
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алдым.
Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтердім.
Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіп, оның қабырғасына тигізбеуге тырыстым.
Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамыздым.
Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасадым.
Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейттім.
2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамыздым. Науқастан хал-жағдайын сұрадым.
Қолымды жуып кептірдім. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым.
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салдым.
1.Білім алушының қолы______________________
2022 жыл « 15 » сәуір
__Қадырова Айнагүл
(оқу-өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)
2022 жыл « 15 » сәуір
2.Білім алушының мадақтамалары мен жазалары
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
______________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
_________________
2022 жыл « 15» сәуір
Техникалық және қауіпсіздік,орта
3білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін оқу өндірістік
практикасын ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде
кәсіпорындары (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
Достарыңызбен бөлісу: |