3.Құлақты күту дәрі тамызу
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды кидім.
Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындадым.
Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтып, науаны астына қойдым.
Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүрттім; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғаттым (кірді кетіру үшін).
Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйдым.
Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тарттым; құлаққа 2-3 тамшы тамыздым.
Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырдым.
Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алдым, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.
Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазарттым.
Қолғаптарды шештім.
Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салдым.
Қолымды жуып, кептірдім.
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексердім(атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылыттым.
Науқасты отырғыздым немесе қырына қаратып жатқыздым.
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.
Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты кидім.
Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазаладым.
Тамызғыштың бүтіндігін тексердім. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қыстым.
Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алдым.
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғары қарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолына тамыздым.
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен бастым.
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұрадым, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүрттім.
Қолғапты шештім.
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіп, құлақ жолын мақта шаригімен құрғаттым.
Пайдаланған турундаларды, мақта шариктерін қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салдым.
Қолымды жуып, кептірдім.
Достарыңызбен бөлісу: |