Оқу-өндірістік практикадан өту туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Аманжанова Таңшолпан
15.04.2022
Р/с
№
|
Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Оқу - өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен оқу практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
|
09:00
|
9:30
|
|
2
|
Көзді күту дәрі тамызу
|
09:30
|
10:30
|
|
3
|
Құлақты күту дәрі тамызу
|
10:30
|
11:30
|
|
4
|
Мұрын қуысын күту дәрі тамызу
|
11:30
|
13:00
|
|
1.Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексердім.
Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйдым.
Науқасқа Фаулер қалпын бердім.
Науқастың басын қырына қарай бұрып, мойнын және кеудесін клеенкамен жауып, астыңғы иегінің астына науаны қойдым.
Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты кидім.
Науқастан тістерін сығылыстыруын өтіндім (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).
Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазарттым.
Оң жағын да осы реттілікпен тазарттым.
Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргіздім.
Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартым. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртім.
Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартым.
Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салдым.
Науқастың ауызын шаюға көмектестім немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырдым. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жудым.
Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіп, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майладым.
Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.
Қолғапты шешіп, қолымды жуып, құрғаттым.
Достарыңызбен бөлісу: |