Қабылдаған: Доскараева. Г есептің шешуін іздестіру



Дата19.11.2021
өлшемі105.44 Kb.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Душабаева Аида

Тобы: 1301-10к

Қабылдаған: Доскараева.Г

 Есептің шешуін іздестіру

Есептің шешуін іздестіру. Есептің мазмұнымен танысқаннан кейін оның шешуін іздестіруге болады : оқушылар есепке кірістірілген шамаларды , берілген сандармен ізделінді сандарды айқындай білуі тиіс , берілген мәліметтермен ізделіп отырған шамлардың арасындағы байланысты тағайындауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс.Жаңа түрдегі есептерді енгізгенде оның шешуін табу жұмысына мұғалім басшылық жасайды, сонан кейін мұны оқушылар өздігінен орындайды. Екі жағдайда да балаларды шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандар-

ды мүшелерге бөлуге көмектесетін , олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнайы әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есепті шығару жоспарын талдау және оны құру жатады

Осы әдістердің әрқайсысын қарастырайық.

Е с е п т і и л л ю с т р а ц и я л а у – есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін , сондай-ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану.

Иллюстрация нәрсе т ү р і н д е немесе с х е м а түрінде болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда и л л ю с т р а ц и я ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылуы мүмкін : солардың көмегімен заттардың тиісті амалдары иллюстрацияланады.

Мысалы, мына есепті иллюстрациялау керек : «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр. Олардан 5 қыз бала , 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды. Барлығы қанша бала үйлеріне кетті?» Бұл жағдайда иллюстра ция ретінде балалардың өздерін пайдаланған дұрыс : тақта алдында төбешіктен сырғанап жүрген балаларды кескіндейтін бір топ оқушыны шақырып алып , олардың « үйге кетіндерін» көрсетуге болады , демек, 5 қызды бір жерге шығарып қояды, содан кейін 2 ер бала « үйлеріне кетеді» (қыздарға барып қосылады). Сонымен жиындардың бірігуі иллюстрацияланады, сонда балалар кетті делінетін боласа да есеп қосу амалымен шығарылатыны оқушыларға белгілі болады (оқушылар бұл етістікті әдетте азайту амалына байланысты қолданады). Заттардың өзінен де гөрі көбі не олардың суреті немесе басқа заттар пайдаланылады

Мысалы есепті

иллюстрациялайық : «Себеттен әуелі 5 сәбіз, содан кейін тағы 2 сәбіз алынады. Барлығы себеттен қанша сәбіз алынды?» деген есепті түсіндіру үшін сыныпқа сәбіз әкелудің қажеті жоқ, ол үшін сәбіздің картонннан қиып алынған суретін пайдаланса да жеткілікті. Мұнда балалардың өздері нәрселерменжұмыс істейтіндерінің мәні зор: сәбіздің орнына олар геометриялық фигураларды алып , парта үстіне алдымен 5 фигураны , содан кейін 2 фигураны қойсын . Балаларды олар өздігінен жұмыс

істегенде есептің мазмұнын түсіндіру үшін нәрселерді пайдалануға үйрету керек.

Нәрсені көрсете отырып түсіндіру, есепте айтылған, өмірде болатын жағдайларды балалардың көз алдына жақсы елестетеді не көмектеседі, ол есепті шығару үшін таңдап алуы керектігін көрсететін болады. Нәрсені иллютрациялап түсіндіруді есептің жаңа түрін шығаруды таныстырғанда , әсіресе 1- сыныпта пайдаланылады.

Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1- сыныптан бастап схема түрінде түсіндіру де пайдаланылады , ол – есепті қысқаша жазу.

Қысқаша жазуды ыңғайлы түрде шамалар, берілген және ізделіп отырған сандар , сондай-ақ есепте не туралы айтылғанын көрсетінін кейбір «бар еді» , «тағы қосылды» , «болды» т . с. с. және қатынастарды көрсетінін «артық» , «кем» , «бірдей» т. с. с. сөздер жазылады.

Есептің қысқаша жазуын таблицаға да және онсыз да жазуға болады, сондай-ақ сызба түрінде де жазуға болады. 



Келтірілген мысалдан көрініп тоырғандай есепті таблица түрінде жазғанда таауын да (жұмсау нормасын, жұмыс уақын , жалпы жұмсалғанын ) атап көрсету талап етіледі.Сан мәліметердің орналасуы шамалар арасындағы байланыстарды тағайындауға көмектеседі: бір жолдың бойына әр түрлі шамалардың сәйкес мәндері жазылады ,ал бір шаманың мәндерібірінің астына бірі жазылады ; ізделінді сан сұрақ белгісімен белгіленеді.,,

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік