ә) «Көз-адам жанының айнасы»-деген сөз бар. Шынында да , көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады.
б) Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады.
в) Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды
Мінездің физиологиялық негізі
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алған жайт – жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс.Осы орайда, И.П.Павлов сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінез типтерінің мынадай үш түрге бөлінеді.
1. Ойшыл тип – бұл негізінен,сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2. Көркем тип – бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. Орташа тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды.
Мінез акцентуациялары
адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.