Абайдың он жетінші және отыз екінші қара сөздерін талдау 10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;
10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;
10.3.4.1 - ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу
1-тапсырма «Он жетінші қарасөзіндегі» «Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста»деген түйін негізінде адами құндылықтарды пайымдап,қарасөздің өзіңе әсері туралы эссе жаз.
2-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы А.Құнанбайұлының «Отыз екінші қарасөзінен» берілген үзінділер арқылы талаптың шарттарына түсіндірме беріңіз.
Үзінділер
Түсіндірме
Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек...
Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады...
Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек...
Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!