Абайдың он жетінші қарасөзіндегі «АҚЫЛ, Қайрат, ЖҮректі бірдей ұста» СӨзінің МӘнін талдап жаз



Дата02.01.2022
өлшемі12.85 Kb.
#147601
Байланысты:
Д9 Дис.мат.мат.лог.

АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗІНДЕГІ

«АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА»

СӨЗІНІҢ МӘНІН ТАЛДАП ЖАЗ
«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге»

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыз айтып кеткендей, Абай атамыз сөздің маржанын тізбекке тізіп, адамдыққа барар жолды бізге нұсқап кетті. Абай Құнанбайұлының шығармаларынан өз заманындағы өмір шындығын және ақындығының жаңашылдық сипатын көреміз. Өлеңдері өнерге, білімге, ғылымға шақырады әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп оқырманды өзіне баурап алады.

Абайдың қарасөздері – өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Ақын қарасөздерінде халықты өнер-білімге, ынтымақ-бірлікке үндеу, адамгершілік және ұлт бойындағы ұнамсыз мінез-қылық дағдыларды сынау мәселелері көтеріледі. Абай қарасөздері тақырып және идеялық жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып, сабақтасып жатады. Абай өзінің «Он жетінші» сөзінде Ақыл, Қайрат, Жүрек, Ғылымды өзара айтыстыру арқылы олардың адам өмірінде алатын орны туралы философиялық ой тұжырымдайды. Қарасөзде Ақыл, Қайрат, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсы, жаман қасиеттерін дәл сипаттап, әділ айтады. «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет, үшеуің ала болсаң, мен Жүректі жақтадым», деп өз төрелігін айтады. Демек, Абай жүректі, яғни, әділет, нысап, ар-ұят, рақым, мейірбандық бастауы– жүректі бірінші орынға қояды. Абай үшін де, ғылым үшін де Ақыл, Қайрат, Жүректің бірлігі ең маңызды болмыс болып саналады. Бірақ, қазіргі қоғамда үлкеннен ұят, кішіден рақым кетіп, жүректі таза сақтай алмай, ақырында қор болып, ақылы мен қайратын жақсылық пен жамандыққа қатар жұмсап жүрген азаматтарымыз қаншама?

Абай «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», –деп, өзінің «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде тілге тиек етеді. Расында да егерде Ақыл, Қайрат, Жүрек біріксе, ғылымды игеруге жол ашылады және Абай атамыз айтқандай осы үш қасиет адам бойында бірдей табылса, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол болар еді.

Қорыта айтқанда, Абайдың он жетінші қарасөзі адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді игеруге шақырады. Ақыл арқылы ғылымды ұғып, Қайраттың көмегімен адасқанды түзу жолға сала алсақ, Жүрек арқылы өзіндік қалпымызды сақтай алсақ еліміздің егемендігі мәңгілік болады. Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұстасақ, елден ерек, елін сүйген, елі сүйген азамат боларымыз айдан анық!



103 мектеп-гимназияның

5 «В» сынып оқушысы

Лель Екатерина

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді