Абай шығармаларындағы имандылық тақырыбы



Дата11.04.2022
өлшемі0.86 Mb.
#219733
Байланысты:
Абай шығармаларындағы имандылық тақырыбы
ұстаз, Жаңа формация, Астана – бас қала, ТЕРМИНДЕР, АстАНА, А.Байтұрсынов әдеби кеш, 32-апта


Абай шығармаларындағы имандылық тақырыбы
Ұлы кемеңгер, данышпан, әлемдік деңгейдегі ақын Абай, оның шығармашылығы туралы талай еңбектер, ғылыми зерттеулер жазылған, әлі де жазыла бермек. Ақын Қадыр Мырза Әли Абайдың туған жеріне келіп, берген бір сұхбатында: «Абайды оқып, өзімше түсінген жолдарды көк сиямен сызып қойдым, келесі бір оқығанда, тағы бір жерлерін қызылмен, үшінші қайтара оқығанда басқа бір түсті сиямен сыздым»,- деген екен. Осы айтқандай Абайды әр оқыған адам, әр ұрпақ өзінше түсініп, өзінше бір жаңалығын тауып жатады. Бұл да ақын ойларының өміршеңдігін, «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» демекші, ақын жұмбағының, ашыла берер тұңғиық сырларының әлі де барын көрсетеді.

Бұл жолы мен ұзақ уақыт жабулы қалыпта тұрған, кейінгі жылдары ғана ашық айтыла бастаған Абайдың дінге қатысты шығармалары туралы айтуды жөн көрдім. Баяндамамды «Абай шығармаларындағы имандылық тақырыбы» деп алдым. Оның да өзіндік себебі бар. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, қазіргі техниканың дамыған заманында келіп жатқан жағымды жаңалықтармен бірге кері әсерін тигізіп жүрген келеңсіз, «заман дертіне» айналған нәрселер де етек алып келеді. Кезінде Әл-фараби жазған екен «Адам баласына ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз алған білім- адамзаттың қас жауы» деп. Болашақ азамат білікті, білімді болумен қатар, өз халқының болашағын ойлайтын, рухани дүниесі бай, зор адамгершілік иесі болу қажеттілігі тұр. Ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани құндылықтар қашан да өз мәнін жоғалтпай әлі де жалғаса беру керек. осындай тәрбие алар, үлгі-өнеге көрсетер жолдардың бірі- имандылық, ізгілік, кісілік қасиеттерге толы Абай шығармалары.

Абайдың имандылыққа қатысты ойлары туралы айту үшін, алдымен оның осы көзқарасына әсер еткен, тәрбиеленген ортасы, білім алуы туралы хабардар болу керек.

Абай жас кезінен ақ өлең, ертегі, аңыз, мақал- мәтелдер және жұмбақтарға әуез болды. Осыларды әжесі Зере мен анасы Ұлжан аузынан естіп, халық әдебиетінің алғашқы үлгілерінен сусындайды. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабұл Жаппардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игереді. Шығыстың классик ақындары Науаи, Низами, Фузулли, Фирдоуси, Сағди шығармаларымен танысып, оларды қызыға оқыған. Медреседегі соңғы жылдарда Абай мұсылманша оқумен шектелмей, Семейдегі «приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған.Кейін орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытты. Абай орыстың ұлы классиктерінен Пушкин, Лермонтов, Толстойдың және Еуропанның ақын, ғалым, философтарынан Байрон, Гетте, Аристотель, Сократ тағы басқалардың еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой пікірін, дүниетану көзқарасын кенейте түседі.

Біліммен қаруланғаннан кейін әкесі Құнанбай оны оқудан шығарып, өз қасына алады да , ел билеу әдісін үйретеді. Құнанбай Тобықты руының билеушісі, атақты бай болған. Сонымен бірге мұсылманның бес парызын орындап, Меккеге қажыға барған. Қарқаралыда Құнанбай қажы салдырған мешіт бәріне белгілі.

Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан Абай сол елдің тұрмыс тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып, жүдеген кедей шаруаларды, барымта бақталастықты, содан туған лаң пәлелерді көреді. Өмірдің қызығы мен қиындығынан бірдей сабақ алады. Ел тарихымен таныса келе, ақыл ойы толысып, әдлеттілік пен хақиқаттың жаршысы болумен көзге түсе бастайды.

Абай бұдан бұрын оқыған шығыс, орыс және батыс классиктердің шығармаларындағы оқиғалардың, қазақ даласындағы өмір шындығымен шендесіп жатқандығына куәгер болады да тағы да көп кітап оқиды. Терең зерттеп оқыған сайын өмірге деген көзқарасы айқындалады. Елдің бытыранқы, бас басына би болған жағымсыз әрекеттерін көрген сайын, елім деп елжірейді. Орхон ескерткіштерінде жазылған «бытыранқы» халықты бірлестіру керек деген ой пікір Абайдың арман тілегі болады. Ол ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы, сынды ұрыс керісті тоқтатып, надан халықтың көзін ашып, оларға ғылым, білім үйрету үшін атсалысады.

Абайдың өлеңдері мен қара сөздері: Алла, табиғат, адам, бірлік, білім, сүйіспеншілік, ғашықтық, тыныштық, өмір мен өлім, салт -дәстүр, өнер, тіл, әділеттік, өтірік, өсек аяң, ру арасындағы қақтығыстар, жағымсыз мінез құлық сияқты әртүрлі мазмұндарды қамтиды. Барлық шығармаларынан ақынның философиялық ой пікірін көруге болады.

Ақын өлеңдерінде адамның ішкі дүниесінің өлмейтіндігін ерекше атап көрсетеді.Адамдардың рухани жақтан барлық жамандықтан арылған кезде барып жаратылыстан жоғары ғажайып мәні бар Аллаға қауашатындығын аңғарта келіп, адамдарды имандылыққа шақырады.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті,

Алланы танытуға сөзі айрылмас.

Осы жолдардан біз ақынның жоғарыда айтқан иманның басты шарттарын атап отырғанын көреміз.

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өззгермес,

Әхли кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,

Бос сөзбенен қатыспай түзу келмес.

Абай Алланың шындығын мойындап, мұсылмандардың Алланы шын жүректен сүюлері және оған бағынуы керектігін уағыздайды.

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл

Өзгесі хаққа қол емес.

дейді ақын, яғни тек ауызбен сендім деп айтып қою жеткіліксіз. Шын ынтамен, көңілмен сеніп, жүрекке бекіту керек. Басқа жол жоқ.

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл сауаты

Махаббат қылса тәңірі үшін.

Дене мүшелерімізбен қажетті іс қыламыз: ауызбен сөйлейміз, ас ішеміз, көзбен көреміз, екі қолмен жұмыстарды атқарамыз, екі аяқпен баратын жерлерге жетеміз т.б. Алланың нәсіп етуімен неше түрлі өнер қыла аламыз. Ал жүректің қызметі Алла Тәнір үшін, оның осылайша бізге берген шексіз нығметтері, жақсылықтары үшін оны жақсы көріп, махаббатпен жауап беру дейді.

Сондай ақ, Ислам дінінің қасиеттігі Құран сырына жету үшін алдымен білім, ғылым игерудің шарт екендігін ашық көрсетеді.

Алла мінсіз әуелден, Пайғамбар хақ,

Мүмин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ.

Бұл жерде Ислам Пайғамбары (С.А.А.): «Ғылым жолында талаптану өзін мұсылмандар санатына жатқызатын әрбір ер әйелге парыз» деген хадисын еске түсіреді.Және де Пайғамбар Мұхаммедке (С.А.А.) түскен Құранның алғашқы аяты «Иқрақ», яғни « Оқы» деген сөзден басталады екен. Яғни өз өлең жолдары арқылы Абай бізге Алланың бұйрығын еске салып, білім алудын маңыздылығын бекіте түседі.

Ал білімсіздік түбінде имансыздыққа әкелетіні сөзсіз. «Абралыға» деген өлеңінде :

Мен жасымнан көп көрдім

Мұсылманды, кәпірді.

Абыралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды, деп бастап

Қира әтін оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді.

Бұл жерде «Қира әті» деп отырғаны Құранды арапша айтылуынша оқу, «ниет қылу» Исламда парыздарын өтеу үшін алдымен ниет қылады, мәселен таң намазын оқыр алдында «Алла разылығы үшін таң намазын оқымаққа ниет еттім» деп айтады. Ал «нәпіл» деп отырғаны адам өзі орындағысы келсе қосымша атқарылатын іс. Мысалы нәпіл намаз, нәпіл ораза болады яғни бұлар міндетті парыз емес. Яғни, Абыралы бұл амалдардың бәрін дұрыс білмейді, сауаты жоқ. Ал сауатсыз болған соң бұл парыз істердің маңыздылығын түсінбейді, әйтеуір нобайын келтірсе болды:

Намазшамның артынан

Құржаң, құржаң етеді.

Жер ұшық берген кісідей,

Тоңқандай ма, не етеді.

Осылайша намазда тұрудың жөнін білмей тұрған соң, айтылған аят сөздері де дұрыс емес. Мұндай «намаздың қай жерінде сауап бар?»

деп ақын налиды.Осындай имансыздықтан сабырсыздық, арсыздық, еріншектік, ұятсыздық, ойламсыздық, өтірік, өсек, жалақорлық, мақтаншақтық, қулық сұмдық, қанағатсыздық, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер шығып, Абайдың пікірінше, қазақтың бірлігі мен дамуына зиян келтіреді. Ұлы кемеңгер бұл өрескел қылық істерден құтылу мұсылманшылық бойынша адал еңбек ету, талаптану, қанағат қылу, досқа қайырымдылы болуда екендігін айтады.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеніз.

...

Талап, еңбек, терең ой,



Қанағат, рахым ойлап қой

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абай адамды адам дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады. Адамдар ақылын, парасатын қолдана отырып, артына өлмейтін еңбек қалдырғанда ғана мәңгі жасайды. Сондықтан әр адам осы дүниеде өзін кемелдендіріп, өнер иесі болып, игілікті еңбегімен өз үлесін қосу керек деп тұжырымдайды.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Адамның қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге ақын «Он тоғызыншы сөзін» арнаған: «Адам, ол ата анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әр бір естіліктің жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», деп жазады.

Ұлы ойшыл жан мен тәнді айыра қараған. Жан деген адам баласының рухани байлығы, оның үйренсем, ойласам деген қасиеті бар деп есептейді. Абайдың пайымдануша: «адамның хайуаннан айырылатын екі үлкен қасиеті бар, оның бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі: көпке пайдалы еңбек істеу»

Махаббат ол да иманнан. Абай бір адам тірі кезінде отбасын, сүйген жарын, туысқандарын, өз халқын аялап өтсе, кейінгіге мағыналы сөз, жақсы іс қалдырса, сол адамның ақыл ойы, үлгілі ісі қалады дейді.

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,

Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,

Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.

Абай әлемдік философ, ол жер шарындағы Алла жаратқан барлық адамдарды достыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке шақырады.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тітті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Бізді зор сүйіспеншілік, махаббатпен жаратқан Алланы сүйю бізге міндет. Өйткені « махаббаттың төлеуі махаббат». Ал енді осы махаббатқа қалай ие боламыз? Әлбетте, ғылым білім арқылы. Ғылым білімге құштар болу арқылы, оны сүю арқылы қарызымызды өтей алады екенбіз. Сол себептен де Абай ғылым білімге деген махаббатқа қалай ие болуға болатының, оның себептерін түсіндіріп береді. Түсіндіре келе «қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана аты адам болады», дейді. «Ата анадан туылуың әлі саған «адам» деген атақ бермейді. Адам болуының жолы бар ол өзіңнің шыққан тегінді таңу. Өзіңнің кім екеніңді, не үшін дүниеге келгеніңді , өміріңнің мәні мен мағынасы неде екенін тануың керек.»



Абай ұсынған жолмен кемелденген адам тамырын тереңге жайған алып бәйтерек сияқты ұлттық топырақта жайқалып өседі.Абай ұсынып отырған жол ғылымның жолы. Осылайша ұлттық құндылықтарға негізденген біртұтас жүйе арқылы ғана біз өзімізді бүгінгі ғылым мен техниканың тасқынына негізделген, ақпарат тасқынына негізделген басқыншылықтан сақтап қала аламыз. Имандылыққа негізделген Абай концепциясы, нәпсіге негізделген ғаламдық жаһанданудан сақтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Әуезов М.О. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы) Алматы. «Санат» 1997 ж. 
2. Әуезов М.О. «Абай Құнанбаев» Алматы « Санат» 1995 ж. 
3. Ысмағұлов Ж. « Абай: Даналық дәрістері» Алматы « Өнер» 2008 ж. 
4. ( бас ред. Нұрғалиев Р.Н.) «Абай» (Энциклопедия) Алматы «Атамұра» 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан