Абай қҰнанбаевтың Қара сөздеріндегі философиялық ЖӘне педагогикалық ізгі ойлары а. К. Кабимолдина Педагогика пәнінің оқытушысы

Loading...


Дата04.04.2020
өлшемі43.51 Kb.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІЗГІ ОЙЛАРЫ
А.К. Кабимолдина Педагогика пәнінің оқытушысы

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ҚКМК

Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан.
Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.

«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары,халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі,ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы,еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

Жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі; 

«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі,ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;

«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;

«Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары,ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;

«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы,ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы,адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;

«Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы,ақынның ес туралы ой тоқтамы,естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы, қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні.

«Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;

«Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы,ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы,өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары. 

Отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы ой толғамдары; 



Қырық бірінші қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы.

Қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі-сыртқы сезім түйсіктері, ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас ретінде тануы.



Абайдың қарасөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары - бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек.

Адамгершілік женіндегі тәрбиелік тақырыпты Абай Отыз екінші сөзіндеде және Қырық төртінші сөзіңде де қайталап, толық дәлелдеп өтеді. Бұлардағылым басқа есеп ушін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінездітолықмағыналыадамболу үшін жәрдем етсін дейді (Отыз сегізінші сөз). Қырық төртінші сөзінде тәрбиелік ойдың тағы біршартын адамның басындағы мінезділікпен байла-нысты талапқа әкеп саяды.

Міне, осылайша топтап тексеру ретінде тақырыптық өзгешеліктерін еске алып отырып, біз Абай жазған қарасөздердің барлығын шолып өттік. Ақынның бұл шығармаларын тексеруде жылмажыл (хронологиялық) ретпен талдауды қолданбадық. Абайдың лирикасын тексеруде ол әдіс ерекше қажет шарт болса, мынау үлгідегі шығармаларын талдап ұғынуда поэзия тұсыңдағыдай соншалық қажет міңдет боп танылған жоқ. Себебі, өлеңде ақынның тақырыгтгары қайталап отырса да барлық ақындык, шеберлік жаңалык, көркемдік түрлер үнемі өзгеріп, жаңарып отырады.

Абай қарасөздерінің ішінен Отыз жетінші сөзді де біраз ерекшелігін қарап, бөліп шығардық. Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық себебінен және өзге сездерде әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп, қайталайтын болғандықтан, бір бөліп шығардық.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...