«Абай әлемі» клубының жоспары 2019-2020 оқу жылы «Абай әлеміне саяхат» клубының мақсаты

Loading...


бет2/2
Дата08.04.2020
өлшемі0.6 Mb.
1   2

Өлең қандай болуы тиіс

Бұрынғының ақындарын сынау

Тыңдаушыға айтары

Өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.Ол әлеуметтік шындықты жариялау.Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап торы қойылады.Халық мүддесі жұмсауды мақсат етеді.

Өлеңнің сатып,күн көріс көрген жағымсыз,жарамсақ ақындарға ыза болып, қатты сынайды.Ақын өнерін,саудаға салу,сөз қадірін кетіру,арсыздық деп қарайды

Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауды.

Тыңдаушыларды тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.





  • «Өлеңді сатылай кешенді талдау» Жұмыстың алгоритмін ұсындым.

  • Өлеңді сатылай кешенді талдау

  • Жұмыс алгоритмі

  • .1. Авторы.

  • 2. Тақырып.

  • 3. Жанр түрі.

  • 4. Идеясы.

  • 5. Шумақ.

  • 6. Тармақ.

  • 7. Бунақ.

  • 8. Буын

  • 9. Теңеу

  • Эпитет –

  • 10. Сөздік:

Желтоқсан айында «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» Абайдың табиғат құбылыстарына жазылған өлеңдерінен суреттер сайысын өткізіп, нәтижесінде Нұғман Сүйрік І орынды,Абдрахман Медет пен Досман Айғаным ІІорынды, Нұғман Асылзат пен Төлеген Айдана ІІІ орынды иеленді.

Мектеп кітапханасында кітапханашымен бірлесе отырып «Абай- дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында «Абай бұрышы» жасалды. Мектепішілік «Абай оқуына» дайындық жұмыстары жүргізіліп, презентация дайындап, залды безендіру жұмыстары қолға алынды. «Абай- дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік.Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам жайында деректер жиналып,талқыланды. Еңбек, бірлік тақырыбы

«Еңбекпен тапқан нан тәтті» дейді ата-бабамыз.Ал Абай атамыздың мақалға бергісіз мынадай сөзі бәрімізге таныс.



Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

1.Егінніің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп ойла, мал ізде.

Адам бол-мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде.

Біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос.

2. Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз қылжаң,

Болымсыз ыржаң,

Бола ма дәулет нәсіп бұл.



Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Елбасы биылғы жолдауында «. Күшті бизнес-мықты мемлекет. Өз облысыңда кенже қалған кәсіпті қолға ал, соны дамыт, сонда ғана үлкен табысқа жетесің.» деп атап көрсетті. Абайдың «мал тап» идеясы осыған келіп саяды. Оқушылардың кәсіпкерлік жайлы ой-пікірлері тыңдалады.Оқушыларға 30 қараша 2015 жылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Қазақстан жаңа нақты ахуалда: өсім, реформа, даму»атты жолдауында мынадай жолдар бар: «Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады.» деген сөздері мысалға келтіре отырып, Абай өлеңіндегі оймен сабақтастырылады.

Ақыл-ойдың алыбы, адамзаттың данышпаны атанған абыз ақын Абай Құнанбаевтың 173 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстелдің тақырыбы – «Абай және ХХІ ғасыр» деп аталады. ХІХ ғасырда өмір сүрген ақынның шығармаларындағы айтылған ой, құнды пікір, өмірге, өмірдегі сан-алуан құбылыстарға деген саналы да сыни көзқарас, қанша жыл өтсе де өзінің құнын, мағынасын, қажеттілігін жоймай, өміршең идея екендігін дәлелдеп келе жатыр.Абайды әлемге заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов танытса, Әуезовтің өмір бойы шәкірті болған жазушы З.Қабдолов журналистердің «Қазақ халқы ХХІ ғасырға қалай барғанын қалайсыз?» деген сұрағына: « Әрбір қазақ баласы Абайдың өлеңдерін ұғып, тереңіне бойлап түсініп, құранның сөзіндей жаттап алса екен, өзінің иманына айналдырса екен. Қазақ жаңа ғасырға Абайымен барса екен.» деп жауап беріпті. Бұл сөзде терең мән бар. Ал мына сендер, оқушылар, жаңа ХХІ ғасырда дүниеге келіп, өмір сүріп жатқан ұрпақсыңдар. Біз Абайды қаншалықты таниды екенбіз, ұлы ақынның өлеңдерін қаншалықты біледі екенбіз, тек қана біліп қоймай, санамызда жаңғыртып, өмірімізге азық етіп ала аламыз ба екен? деген сұрақтар төңірегінде қызу ойталқы өтті.

« Абай деп соққан жүректер» жас ақындар мүшайрасы бойынша біздің жас ақындарымыз Абайға арнаған өлеңдерін оқып,бақтарын сынап көрді.Нәтижесінде 8-сынып оқушысы Төлбай Естай ерекше шығармасымен ауданға жолдама алды. Аудандық Абай оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Абай шығармаларындағы білім, өнер » тақырыбы бойынша оқушылар эссе жазды. Эссенің құрылымын дұрыс сақтап,оө көзқарастарын білдіріп отырған.

Қорытындылай келе аудандық «Абай оқулары» конкурсында «Өлең-- сөздің патшасы..» номинациясы бойынша ІІ орынмен 10-сынып оқушысы Тоқсанбай Гүлмарал марапатталса, «Ұлылыр әлемі...» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Нұғман Сүйрік «Алғыс хатпен»марапатталды. 8-сынып оқушысы Төлбай Естай «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.



Клуб жетекшісі Оспан Ә

Иманов атындағы жалпы орта мектебінің

«Абай әлеміне саяхат» клубына қатысатын оқушылардың тізімі



Аты -жөні

сыныбы

1

Бейсенбай Г

10

2

Досыбай Б

10

3

Темірбек Б

10

4

Сұлтанбек Ж

10

5

Тоқсанбай Г

10

6

Төлбай Ұ

10

7

Баян А

10

8

Мырзабай О

10

9

Әйнекбай П

10

10

Тілеукен Ж

10

11

Нұғман С

10

12

Ерман Н

10

13

Абдрахман М

9

14

Досыбай С

9

15

Бағназар Д

9

16

Жарылқап А

9

17

Тұрғара С

9

18

Әбіл Ә

9

19

Тілеукен Г

9

20

Әбілда Н

9

21

Оразбек Б

9

22

Илиясқызы Ж

9

23

Алпыс Д

8

24

Аппаз А

8

25

Бейсенбай Н

8

26

Төлеген А

8

27

Тілеукен Е

8

28

Әйнекбай С

8

29

Тохтарбай Ж

8

30

Бағназар Т

8

31

Мейірханова А

8

32

Төлеш Ә

8

33

Мұхамеджанұлы Б

8

34

Қалжан Б

8

35

Саматұлы А

8

36

Баян С

8

37

Тұрғара А

8

38

Төлбай Е

8

Клуб жетекшісі: Оспан Ә

Абай XXI ғасырда

(дөңгелек үстел)

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздар мен оқушылар!

Ақыл-ойдың алыбы, адамзаттың данышпаны атанған абыз ақын Абай Құнанбаевтың 173 жылдық мерейтойына арналған апталық аясында өткелі отырған дөңгелек үстелдің тақырыбы – «Абай ХХІ ғасырда» деп аталады. ХІХ ғасырда өмір сүрген ақынның шығармаларындағы айтылған ой, құнды пікір, өмірге, өмірдегі сан-алуан құбылыстарға деген саналы да сыни көзқарас, қанша жыл өтсе де өзінің құнын, мағынасын, қажеттілігін жоймай, өміршең идея екендігін дәлелдеп келе жатыр.Абайды әлемге заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов танытса, Әуезовтің өмір бойы шәкірті болған жазушы З.Қабдолов журналистердің «Қазақ халқы ХХІ ғасырға қалай барғанын қалайсыз?» деген сұрағына: « Әрбір қазақ баласы Абайдың өлеңдерін ұғып, тереңіне бойлап түсініп, құранның сөзіндей жаттап алса екен, өзінің иманына айналдырса екен. Қазақ жаңа ғасырға Абайымен барса екен.» деп жауап беріпті. Бұл сөзде терең мән бар. Ал мына сендер, оқушылар, жаңа ХХІ ғасырда дүниеге келіп, өмір сүріп жатқан ұрпақсыңдар. Біз Абайды қаншалықты таниды екенбіз, ұлы ақынның өлеңдерін қаншалықты біледі екенбіз, тек қана біліп қоймай, санамызда жаңғыртып, өмірімізге азық етіп ала аламыз ба екен?

1.Абай шығармаларындағы білім, ғылым тақырыбы

2.Еңбек және ел бірлігі

3.Абай армандаған толық адам



Білім,ғылым тақырыбындағы өлеңдері

Бәріміз жақсы білетін, кейінгі ұрпаққа айтып кеткен өсиет іспеттес өлеңіне тоқталайық. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Қазіргі заман-бүкіл әлемдік дағдарыс кезеңі. Азуын айға білеген алпауыт мемлекеттерді де айналып өтіп жатқан жоқ. Абай айтқан үнемшілдік, барды бағалау, оның қадіріне жету – бүгінгі күннің басты қағидасына айналып отыр.. Абай айтқан бекер мал шашудан аулақ болатын кез енді келді.Дағдарысты меңдеп жеңудің бір жолы-үнемшілдік.


2. «Интернатта оқып жүр» өлеңі

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы.

Жаңа өспірім, көк өрім,

Бейне қолдың саласы.

Еждиһатсыз, мехнатсыз,

Табылмас ғылым сарасы.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Оқушылар өлең жолдарына талдау жасап, өз ойларын , пікірлерін жеткізеді



3.«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің бірінші шумағын бәрі бірге оқиды.

Осы өлеңі арқылы қандай ой тастайды?

1.Жасыңда ғылым мен білім үйрен.

2.Не нәрсенің де қадірін уақытында біл.

3.Білім мен ғылым –адамға өмірлік серік

Ақын оқу оқы, білім ал, ғылым үйрен десе, елбасымыз жастарға: «Бұл заман білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман» дейді. Тәуелсіз қазақ елінің алдында әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру және әлемдік білім кеңістігіне ену жоспар тұр. Адамның қиялы жетпейтін ғажайып жетістіктере қол жеткен мына ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да ,ең алдымен, білім керек, ғылым керек.

Тәуелсіз мемлекетімізде балалардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте ғылымның негіздері үйретілуде. Мына өтіп жатқан түрлі зияткерлік сайыстар, пәндік олимпиадалар, басқа да түрлі шаралар осының айғағы. Білім-өмірлік азық. «Білімді мыңды жығар» деген даналық сөз бар халықта.

ІІ Еңбек, бірлік тақырыбы

«Еңбекпен тапқан нан тәтті» дейді ата-бабамыз.Ал Абай атамыздың мақалға бергісіз мынадай сөзі бәрімізге таныс.



Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

1.Егінніің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп ойла, мал ізде.

Адам бол-мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде.

Біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос.

2. Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз қылжаң,

Болымсыз ыржаң,

Бола ма дәулет нәсіп бұл.



Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Елбасы биылғы жолдауында «. Күшті бизнес-мықты мемлекет. Өз облысыңда кенже қалған кәсіпті қолға ал, соны дамыт, сонда ғана үлкен табысқа жетесің.» деп атап көрсетті. Абайдың «мал тап» идеясы осыған келіп саяды. Оқушылардың кәсіпкерлік жайлы ой-пікірлері тыңдалады.Оқушыларға 30қараша 2015 жылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Қазақстан жаңа нақты ахуалда: өсім, реформа, даму»атты жолдауында мынадай жолдар бар: «Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады.» деген сөздері мысалға келтіре отырып, Абай өлеңіндегі оймен сабақтастырылады.

3..«Жастықта бір күлгенің бір қаралық» өлеңі оқылып, талданады.

4. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңі

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

5. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың cуы секілді тез суалар./ оқушылар пікірі /



6.Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.



7.Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.



8. Егер ісім өнсін десең, ретін тап.

Абай өлеңіндегі жолдар жолдауда айтылған сөздермен сабақтастырылады.



«Мына заманда өнердің кілтін тапқан адам ғана озады» Н.Назарбаев

9. 33-қарасөз

Мал жұтайды, өнер жұтамайды.Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қөлөнерші – қазақтың нағыз әулиесі сол.


Бірлік

«Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік пен береке.» Н.Назарбаев ХХІ ғасырда

Ал Абай не дейді екен бірлі пен береке жайында?



10. «Сәулең болса кеудеңде» өлеңі

Берекелі болса ел-жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып, бұлғақтайды соқса жел.

Берекесіз болса ел – cуы ашыған батпақ көл.

Құс қаңқылдап жағалап, сулай алмас жазғы төл.

Тағы да елбасының сөзіне тоқталсақ:

«Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек».

11. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі

ІІІ Абай армандаған толық адам

Абайдың барлық шығармаларының алтын қазығы –адам, жай адам емес, нағыз адам.

1.«Әуелде бір cуық мұз ақыл зерек» өлеңі

.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

. 2.«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі



Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

3. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

4. «Жүректе қайрат болмаса» өлеңі

5. Адамды сүй, алланың хикметін сез

6. «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.»

Бүгінгі таңда ОҚУШЫ қандай болу керек?

/Оқушылар өз білгендерін айтады./

Ақыл мен ойдың, сезім мен сырдың алыбы Абай атамыздың армандаған жаңа заманы, нағыз адамы бүгінгі күні өз шешімін тапты деуге толық негіз бар.Еліміздің жеткен жетістіктері, «Нұрлы жол» бағдарламасы, 100 нақты қадам- Ұлт жоспары, Мәңгілік ел , Ұлы Дала елі деп атау идеясы, жолдау жайында әңгіме қозғалады.Дөңгелек үстел апталықтың өзегіне айналған С.Торайғыровтың өлеңімен аяқталды.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,



Жаттап тоқы көңілге.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...