«Себебі толымдының ісі толық,
Ең түпкі жаратушы - мінсіз ие.
Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,
Есті, мінсіз шебердің ісі емес пе?..»
О дүниеде адамның адал, арамдығы сыналатын «бір тексеру болмай қоймас» деген ойын ақын адамгершілік мақсат тұрғысынан дәлелдеуге тырысады. «Егер құдай барлығы анық болса,
Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес...»
дей келіп: «Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Осы өмірдің азығы - осы ұждан...»
-деп тұжырымдайды. Сонымен қатар жан деген ұғымды Шәкәрім кең мағынада алып түсіндіреді:
«Жарылыс басы - қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан.
Қозғаған қуат жан дейміз,
Жан есті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән солар...»
Сұлтанмахмұт[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ал енді Сұлтанмахмұтты алсақ, оның әлем-дүние, өмірдің мағынасы, адам тағдыры туралы ой толғауы да көбінесе әлеум. көзқарас тұрғысынан келеді. Ол бірде:
«Қандай мән бұл адамның өмірінде?
Дәм татқызар өмір үміт не көңіліңде?
Туысында еріксіз жердің құрты,
Және еріксіз аһ ұрып сенуіңде...»
-десе, тағы бірде:
«Дүниенің дөңгелегі айналады,
Кім үстіңде гөлайттап жиналады.
Кім астыңда езілер саз балшықтай,
Білмейтін түбі неге айналады.
Үстегіде не қасиет, астағы да
Не жаздық деп еріксіз ойланады.
Үстегі сындырмаған шептің басын,
Соңда да тамағы тоқ, киімі асыл,
Жасаулы, зинеттеулі палатада
Қызметкер дайын қылар керек асын,
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
Бір кедей жылдық тамақ етер еді
Өңдеген бояуына бет пен қасын...»
Сұлтанмахмұт ой сонылығына, сездің қарапайымдылығы мен терең мағыналылығына айрықша мән беріп, бұл бағытта Абай өнегесін жақсы жалғастырады. Абай өз заманын, өткен ғасырдағы қоғамдық құрылысқа сын кезімен қарап, «жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін» деп сипаттайды. «Ойлы адамға қызық бүл жалғанда.
Көбінің сырты бүтін, іші түтін...»
-дейді. Сұлтанмахмұт Абайдың осы дәстүрін берік ұстайды. Ақын өткен дәуірді, қанаушылар үстемдік еткен, әділдіктің жоқтығы «адамды сорлы қылған» заманды суреттегенде «бақытсыздық дүние толған, нақақ қан, нақақ көз жас дария болған» деген секілді сипаттауларды қолданады. Ақын сол заманды, сол кездегі өмірді бірнеше көркем бейнелі айқындаулар арқылы айрықша ұтымды етіп көрсете алған.
«Дүние - алдау екен, алдасуда,
Өз обалым өзіме қалсам кейін,
Дүние - жеу, жегізу майданы екен,
Жеңе алсам жеймін демей мен не дейін.
Әділдік болады деп тоса берсем,
Өзімді жеп қоятын оған дейін.
Байып алып, біреуді мен де жекпей,
Неге өгіз боп оларға жегілейін?!»
Осылай етіп Сұлтанмахмұт дүниені, айналасындағы өмірді біреудің біреу түбіне жетіп тынатын «жеу, жегізу майданы» деп сипаттап, дүние, заман сияқты ұғым мен сол ортада өмір кешкен жеке адам тағдырын қатар алып айтып отыр. Бірақ, байып алып, басқаны жегу әркімге тиетін үлес емес екенін де ақын жақсы түсінеді. Және ол осыны мұрат етіп отырған жоқ. Тек заманның, ортаның, әділетсіздік, зорлық-зомбылық бел алған қоғамның адамның ой-санасына қандай әсер ететінін ғана айтып отыр. Мұны біз ақын тағы бір тұста дүниені, заманды және жеке адамды қарама-қарсы қойып сипаттағанда әсіресе анық байқаймыз. «Жан иесі жегелі бірін-бірі Өлмеу үшін аузын ашқан заман.
Дүние - өзен, ағысын кім тоқтатар, Ағып кете баратын мен бір салам...»
Қанаушылар үстемдік еткен қоғамда қарапайым халықтың хәлі қаншалықты аянышты екенін будан айқын, әсерлі етіп айту қиын-ақ болар. Абай үстем тап өкілдерін қатты шенеп, сықақ етіп, әшкерелеп береді. Мысалы, ол дін адамдарын:
«Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көнілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?..»
-деп суреттейтіні белгілі. Осындағы көркем сипаттама, теңеу, салыстырулардың бәрі молданың жексұрын, жиіркенішті ұсқынын барынша айқындап көрсетуге қызмет етіп тур. Сұлтанмахмұт бұл жағынан да Абайды өзіне үлгі тұтқан. Адамның кескін-кейпін, әрекетін бейнелеудегі ақынның ұсталығы бірлі-екілі белгі-сипат арқылы-ақ оның тұлғасын өзіндік құлық-мінез өзгешелігімен тұтас әкеп кезге елестете білуден әсіресе айқын көрінеді. «Мынау терде ишандар,
Аузы-басы кисаңдар.
Ат, тоныңмен жұтады,
Аузына егер сисандар...»
Осындағы Сұлтанмахмұттың дін адамдарын суреттеуіндегі ұтымдылық - алдымен ақын олардың бет-жүзіндегі бір ғана қозғалыс - белгіні алып, сол арқылы есте қаларлықтай көрнекті бейнесін жасап береді. Одан арғы сипаттауы сырт құрылысына қарасақ, әсірелеп айту секілді. Дүниеқор ишандар аузы кісі ат, тонымен сияр лық үлкен болып көз алдымызға сәт елес бергендей болса да, осы сөздердің ауыспалы мағына беретіні айқын аңғарылады. Күші жетсе, қолынан келсе, барыңды жалмап-жұтып қоюға дайын нысапсыз, жемқор дегенді әдетте осылай айта беретінін түсіну қиынға соқпайды. Олай болса, осы сөздердің нақтылы мазмұн-мағынасында иненің жасуындай да артықтық, асырып айтушылық жоқ. Қалайда оқушыны елең еткізетін бірден-бір типтік сипат - белгі болып шыққан. Абайдың жас қыз бен оны мал беріп, еркіне қоймай алмақшы болған кәрі шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен өте әсерлі суреттегенін білеміз. «Біреуі - көк балдырған, бірі - қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз...»
Жайнаған көк балдырған қыздың балама бейнесі болса, жапырағы жоқ сидиған қурай - шалдың балама бейнесі. Көркем символ ретінде жаз бен қыстың алғашқысы балғын қыздың үлбіреген нәзіктігі, сүйкімділігі секілді сипаттарын елестетсе, соңғысы зорлықшыл шалдың мейірімсіз қаталдығын тұспалдап аңғарта алады. Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жас жүрек» сияқты сипаттамаларды алса, метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді.
Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сұлтанмахмұт «Кедей» поэмасында «жексұрын шал» мен оған малға сатылып, еріксіз қосақталған жас қызды суреттегенде шендестіру, қарама-қарсы келтіріп сипаттау тәсілін үлкен шеберлікпен қолданады. «Жастық қызу шөлдеткен жас ерінге Кек мұртты кепкен ерін тұрды-ау тиіп. Кәрі қол талдай нәзік белді қысып, Үлбіреген жас тәнді зорлап, кұшып, Қуарған, кепкен тәнін жылытпақшы, Сәулесі қара кездің нұрын ішіп, Сәбидің білегіңдей торғын тамақ, Тікенектей көк сақал соны қадап...» Міне, мұнда балғын жас сұлу мен шалды үнемі бір-біріне қарсы қойып, салыстыра бейнелеп отыр. Қыздың кескін-келбетін, сипатын танытатын сипат-белгілер - «жас ерін», «нәзік бел», «үлбіреген жас тән», «сәбидің білегіндей торғын тамақ» деген секілді болып келсе, шалдың сиқын - «кепкен ерін», «кәрі қол», «қуарған, кепкен тән», «тікенектей көк сақал» деген сияқты сипаттамалар арқылы байқатады. Сұлтанмахмұт - әрине, ақындық тұлғасы мүлде басқаша, тек қана өзіне тән дарыны бар суреткер. Сөз бұл жерде әдеби дәстүр жалғастығы туралы ғана. Сұлтанмахмұттың кейде Абайша толғап, өмір құбылыстарын Абайша бейнелеп көрсеткен кездері бар, бірақ ол ұлы ақынның сөз үлгісін құр қайталау емес, суреттеу тәсіліндегі кейбір ұқсастықтар ғана. Халық өмірі, бүгінгісі мен кешегі туралы ойланып, тебіренгенде Мағжан да езі «алтын хакім» деп атап, айрықша ардақтаған Абай үлгісінен алыстамай, ашынып, ащы сын пікірлер айтудан тайынбайды.
«Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай барлық ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп...»
-деп күңіренген ақын, тығырыққа тығылған елге шығатын жол сілтемек ниетпен қала салсақ, мектеп пен медреселер көп болса дей келіп: «Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз,
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз...»
-деп түйіндейді.
Мағжан поэзиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жетті енді қам жер мезгіл, жапа бекер, Ойламау келешекті түпке жетер, -деп жұртты жігерлендіруге ұмтылады. Әрине, түгелдей алғанда Мағжан поэзиясында қоғамдық мәселелерді қозғау, талдап-баяндаудан нәзік сыршылдық басым жатыр. Мағжанның сыршылдығы - сезім тереңдігінен туатын ешбір жасандылығы жоқ, нығыз лирикалық сыршылдық. Өмірден алынған сезім-әсерлермен нәрленген, көркем қиялмен қанаттанған сыршылдық. Сезім қуаттылығына, нәзіктігіне орай тілінің, әр сөзінің келісті көркем болуы да ақынның суреткерлік шеберлігінің басты сипаты. Бұл жағынан алғанда Мағжан қазақ поэзиясында өзінше тың өрнек тапқан, үздік шыққан ақын. Мағжан ақындығының осы өзгеше қасиетін, оның сирек кездесетін сыршылдық дарынын жете түсінген, жоғары бағалаған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сезге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңцы зарымен күшті», - деп дәл тауып айтқан. Мағжанның осындай сыршылдығы Абайға да жат емес десек, мәселе, әрине, нақтылы шығармаларды салыстырып, тікелей ұқсастық табуда емес. Абайдың көңі күйі лирикасына, немесе табиғат лирикасына жататын өлеңдерінде сыршылдық сарыны айқын көрінеді. Алайда, тұтастай алғанда Абайдың таза сыршыл болып көрінетін тұсы көбінесе ақындық дарынының бір қыры ғана болса, Мағжанда сыршылдық, сезім нәзіктігі үнемі басым келеді. Сондықтан Мағжан Абай дәстүрлерін негізінен сыршылдық лирика саласында өрістеткен дей отырып, оның поэзиясындағы енерпаздық өзгешелігіне көбірек назар аударған дұрыс дейміз. Және ақынның жеке пікірлерін, сөздерін бағалағанда, соның қай жерде, қандай контексте, қалай айтылғанын да ескеру қажет. Мағжанның, мысалы, өмірдің етуі, адам тағдыры жайлы мынадай сөздерін еске алайық:
«Өмір - көпір, от үстінде салынған,
Діңгектері зәндем отқа малынған.
Қорқу білме, аяқтарың таймасын,
Ойнап қана ет, шарпу керме жалыннан.
Өмір - өзен, сылқ-сылқ күлер,
сылдырар, Қайда ағады,
оның жөнін кім сұрар?
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз,
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар?..»
Осыны жас сұлуға сыр ашқандай ғып айтып отырғаны, ертең, ер жеткенде «кеп уланған, кеп сүйген», «кеп жылаған, көп күлген ақын ағам болып еді дегейсің» деп наз қылып, яғни езінің жылы сезімге беріліп, толқыған көңіл күйіне орай айтып отырғанын ойдан шығармаған жөн. Өмірдің келеңсіз, көлеңкелі жағы бар десе, оны «сұм өмірдің күлін керме, гүлін көр» деген түйінді ойына сабақтастыра айтып отыр. Ал «Қорқыт» атты дастанындағы:
«Ақын - жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын - от, лаулап жанар аспанға ерлей,
Қиялы, жан жүрегі - ойнаған от,
Ақынды аласұртар тыныштық бермей...»
Деген сөздерді Қорқыт жолын қуып, мұрагері болғандай кейінгі ақындардың жинақтап алынған бейнесін сипаттаған деуге болады. Сонымен бірге бүл сездер ажалдан қашып құтылу ниетімен дүниенің төрт бұрышын шарлаған Қорқыт бейнесін көтермелеу үшін шабыт үстінде айтылғаны да айқын емес пе? Ендеше: «Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап, Құшақтап қобызымды керге кірсем...» -дегенді де Мағжан елім күйін шерткен екен деп сыңаржақ пікір түймей, алдымен «атасы ақындардың ақын Қорқыт» деп, соны қастерлеу үшін әдемі әсірелеп, әсерлі етіп айтылған деп ұққан дұрыс. Мағжанның махаббат лирикасында да өз ойлау, сөйлеу ерекшелігі, әсем сыршылдығы, жастық жалын шарпуы айқын байқалатын сезім нәзіктігін жеткізудегі өз қолтаңбасы тайға таңба басқандай анық. Салыстырып қарасақ, Сұлтанмахмұттың жалындап тұрған кезіңде шығарған өлеңдерінде де махаббат сезіміне беріліп, елжіреп, елтігендей күй байқалмайды. Мұны ақын дарынының өзгешелігі, ішкі сырын ақтарып тастамайтын, тартына сөйлейтін әдеті дейміз бе, тіпті: «Қарадың неге, жан қалқам, Күйдірейін дедің бе?.. Көлеңкеңді керейін, Құрбандықта өлейін...» - деп толқығандай болғанның өзінде: «Осындай сүю көрмесең, Қатын алма өмірде...» -деп, аяғын әзілге айналдырады. . Тағы бір өлеңінде: «Сәулешім» деген бір сезің Есімнен кетпес өмірде.
Серт қылдым берік мен езім Өшпестей жазып көңілге...»
- деп ынтықтығын білдірсе де, ойын сезімге жеңдірмей:
Достарыңызбен бөлісу: |