Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық



бет2/4
Дата31.12.2022
өлшемі34.84 Kb.
#405253
1   2   3   4
Байланысты:
абай1

«Пайданы керсең бас ұрып,
Мақтаңды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма...»

Мақтан қуу, ішінде қулық сақтап айтылған мақтау сезге сенгіштік - сағым қуып босқа алдану екенін ақын анық аңдатады. Ғақлия сөздерінде де Абай мақтау жайында сез қозғап, мақтаныш сезімі мен мақтаншақтықты ажырата білу қажеттігін ескертеді. Мақтау, мақтанудың жағымды жағымен қатар жағымсыз жағы да бар екенін ашып көрсетіп, бұл мәселе хақында қазақ әдебиетінде терең пікір айтқан Абай болды. Осыған үндес, жалғас өткір пікірлерді Шәкәрім ақынның өлеңінен табамыз:
«Дос мақтайды сені жақсы кермек үшін,
Дұспан мақтар елірте бермек үшін,
Есептемей есірік елін мақтар,
көп нені айтса, соны айтып ермек үшін,
Бұл үш мақтау бере ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?

Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік Жол тап тағы, ақылды солай айда. Кейде дос та жамаңдар жоқ нәрсе үшін, Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін. Өнері жоқ өсекшіл ел жамандар Өтірік пе, рас па, кермей ішін...» Мақтау шын көңілден тап басып тауып айтылса ғана пайдалы, орнымен айтылса, сөгіп, сынаудың езі де ой саларлық, ал басқадай білместікпен де айламен айтылған мақтау болса - елірмеу, даттау болса - елемеу қажет дегендей ой түйеді ақын. Шәкәрім Абайға пәлсапашылдыққа бой ұруы жағынан жақындайтынын байқаймыз. Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» - деп басталатын елеңіне назар салсақ, осы «адам өлмес» дегеннің езі қандай мағынада айтылған екен деген сауал ойға оралады. «Адам өлмес» деп кесіп айтқан Абай ойын қалай жалғастырады, соған тоқталайық: «Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,
«Мені» мен «менікі»-нің айрылғанын «Әлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...»
Дәл осы өлеңінде «мен» және «менікі» деген ұғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: «Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған...»
деп келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
- дейді.Бұл орайда «адам өлмес» дегенінің мағынасы өзі өлсе де, сөзі өлмес, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге саяды. Абайдың бұл пікірі бір жағынан халық даналығын танытатын сөз үлгілерімен де жанасып жатыр. Бұхар жыраудың нақыл сөз үлгісінде келетін: «Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Әкімнің хаты өлмейді...»
-деген сөзін еске алсақ та болар. Мағыналы сөз өлмейді дегенді ақындар ез шығармаларына қатысты да айтады. Мен кетермін, сөз қалар, Ақ қағазға басылып. Боз балалар қолға алар, Әр ауылға шашылып...» - дейді Шәкәрім ақын. Мәселе, ақынның кейбір басқалар да айтқан, айтатын пікірді қай қырынан келіп, өзі қаншалықты терең мән беріп айтуында екені талассыз. Осы жағынан келгенде елең сөздің әлеум. мәнін жаңаша танып, жоғары бағалаған Абайдың «өлмейтұғын артына сез қалдырған» дегенді аса зор, жаңа мағына беріп айтқаны айқын. Ал «Кек тұман алдыңдағы келер заман» атты өлеңінде Абай «мен» және «менікі» деген ұғымдарды дәлірек айқындай түседі: «Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі, «Мені» мен «менікі»-нің мағынасы екі «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі. Сөйтіп, адамның тәні өлсе де, ақыл мен жаны өлмейді деген тұжырым айтылады. Осы адамның тәні қалып, жаны о дүниеге ауысады деу діни ұғыммен сабақтас дейміз бе? Келесі шумақтағы: «Әділеттік, арлылық, махаббатпен Үш жолдасың қабірден әрі еткенде... - деуіне қарағанда адамның адамгершілік қасиеттері жанымен бірге болатын сияқты. Жоғарыда келтірілген «өлмейтұғын артына сез қалдырған» дегенді еске алсақ, Абай адамның ақыл-ойы кейінгі ұрпақтарға қалады деп санайтынын аңғарамыз. Адамның жаны өлмейді деген пікірді шығыс философтары, мысалы, Әбу-Насыр Әл-Фараби да айтқан. Ол наданның емес, адал ниетті, білімдар адамның жаны өлмейді дейді. Мұны адамның ақыл-ойы кейінгіге қалады, солардың санасында сақталады деген мағынада түсінсек, мұндай пікірді Л. Фейербах секілді ғалымдар да айтқан. Қалай десек те, Абайдың «адам өлмес» дей отырып толғайтын пікірі әлдеқалай айтыла салған нәрсе емес, өмір мен елім, адам тағдыры, келешек, мәңгілік туралы терең толғанудан туған тұжырым. Ерекше көңілге қонарлық нәрсе - Абай жоғарыда аталған «Көк тұман алдыңдағы келер заман» деген елеңінде «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі...» - дей отырып, өмірдің мағынасын адамгершілік идеясымен ұштастырып ашып беруге ұмтылады:
«Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Қарекет қыл, пайдасы кепке тисін.
Кептің қамын әуелден тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Ғаділет пен махаббат - көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.

Көпке қызмет қылу, әділеттілік, рақымдылық,жапа шеккен адамды аяу - міне, осыларды Абай нағыз адамгершілік қасиет деп санайды. Осы айтылған мәселе Шәкәрімді де кеп толғандырған:
«Талайдан ой бар менде:
Бар әлемді жаратқан не?
Жоғала ма жан өлгенде,
Түзу істер іс қалай?
Ей, жастар, қалай дейсің бүл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсатсыздықтан шыққан болса,
Мақсат, білім, ой шықты мұнан неге?..»

Осындай сауалдарға беретін жауаптарынан ойшылдыққа бой ұру ғана емес, сонымен қатар ақындық сезімінің әсерлілігі, бейнелеп айту шеберлігі де жақсы аңғарылады:
«Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы -
Шынында дөңгеленген жер жүрісі-ау.
Күн жауды, көз шағылды назағайдан,
Судан от жаратылып шыққаны анау.
Күн нұрын, жер жүрісін, көлеңкені
Жарық уақыт, қараңғы деп атаймыз.
Жоқ болса ыстық, жарық, қараңғылық,
Біздің мүмкін бе еді барлығымыз?..»

Шәкәрім дүниенің, табиғаттың кереметтігі, керексіз бір тозаңы жоқ болып жасалған кемелдігі жаратушының шексіз қуаттылығын танытады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы