А. В. Климов С. Н. Долматова М. Н. Дубовая Л. В. Коваленко

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.04.2020
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ  



  ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

А.В.Климов С.Н. Долматова М.Н. Дубовая Л.В.Коваленко 



  

 

ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ АУРУЛАРЫНДАҒЫ 

 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ

  

(сколиозде) 

   


  

Әдістемелік құрал 

  

  



  

  

 



  

  

  



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қарағанды 2012  

 

ӘОЖ 615.82 (02) 



КБЖ  53. 54 я 7 

        Т 92  

 

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:  



Жарылқасын  Ж.Ж.-  Жалпы  гигена,  экология  және    тағам  гигенасы 

кафедрасының  доценті, п.ғ.к.   



Утеубаева Р.Д. -ҮКДФ спорттық медицина  және медициналық оңалту  

кафедрасының  ассистенты. 



Ахметов  А.А.-ҚарМТУ  дене  шынықтыру  кафедрасының  меңгерушісі,  м.ғ.к, 

доцент. ҚР . Спорттың құрметті қайраткері  

 

 

Т 92   Климов А.В., Долматова С.Н., Дубовая М.Н., Коваленко Л.В.,  



Тірек-қимыл  аппараты  ауруларындағы  (скалиозда)  дене  тәрбиесі 

құралдарын қолдану Әдістемелік құрал.Қарағанды -2012  - 44б. 

 

Аудармашы – Емершина Динара Тиыштыкбаевна. 



 

  

Осы әдістемелік құрал тірек-қимыл аппараты ауруларымен (скалиозда) 



ауыратын  студенттермен  жұмыс  істейтін  оқытушыларға  көмек  ретінде, 

сондай-ақ студенттердің дербес сабақтарына арналған. Жұмыста сколиоздың 

қысқа  клиникалық  сипаттамасы,  сабақтарды  өткізу  әдістемесі,  емдік 

гимнастиканың мысалдық кешендері беріледі.  

 

 

 ӘОЖ 615.82 (02) 



КБЖ  53. 54 я 7 

 

ҚММУ Оқу - әдістемелік кеңесімен шығаруға ұсынылған және мақұлданған  



«14»  03   2012 жыл. №_7___Хаттама 

  

ҚММУ Ғылыми кеңесі отырысында бекітілген 



«29» 03.2012 жыл. №__8__Хаттама 

 

 



 

 

 

©А.В.Климов С.Н. Долматова М.Н. Дубовая Л.В.Коваленко - 2012 г. 

 

Қысқартулар тізімі  



 

Б.қ. –  бастапқы қалып  

Ә.н.-   әдітемелік нұсқаулық 

М. -     мөлшерлеу 

Қ.-       қарқын 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе  



 

Бұқаралық  дене  шынықтырудың  сауықтыру  және  профилактикалық 

әсері  жоғары  дене  белсенділігімен,  тірек-қимыл  аппараты  қызметінің  арту-

ымен, зат алмасудың белсенділендіруімен тығыз байланысты. Р.Могендович-

тің моторлы-висцералды рефлекстер туралы ілімі, қаңқалық бұлшық ет және 

вегетативті  мүшелер  қызметінің  өзара  байланысын  көрсетті.  Адам  ағзасын-

дағы  жеткіліксіз  қозғалыстық  белсенділік  нәтижесінде  табиғатпен  берілген 

және ауыр дене жұмысы барысынла пайда болған жүйке-рефлекторлық бацй-

ланыстар  бұзылады,  ол дегенеративті  аурулардың  дамуына  және  зат  алмасу-

дың  бұзылуына,  жүрек  қантамырлары  және  басқа  да  жүйелер  қызметі  рет-

телісінің бұзылысына әкеледі (атеросклероз және т.б.). 

Денсаулық сақтау және адам ағзасының қалыпты қызмет етуі үшін қоз-

ғлаыс  белсенділігінің  белгілі  бір  «мөлшері»  қажет.  Осыған  байланысты  қал-

ыпты  қозғалыс  белсенділігі  деп  аталатын,  яғни  кәсіби  еңбек  және  тұрмыста 

қолданылатын  қызмет  мәселесі  туындайды.  Экономикасы  дамыған  елдерде 

соңғы  жүз  жылдықта  адам  энергия  генераторы  ретінде  қолданатын  бұлшық 

ет жұмысының үлес салмағы 200 есеге азайып, ол еңбек әрекеті барысындағы 

энергия  шығынының  төмендеуіне  әкелді,  қазіргі  адамға    тәулігіне  350-500 

ккалдан  кем  емес  энергия  шығындарын  төмендетуге  әкелді  (немесе  2000—

3000). 


Беккер  мәліметтері  бойынша,  қазіргі  уақытта  экономикасы  дамыған 

елдер тұрғындарының тек 20% ғана  энерго шығындардың қажет минимумын 

қамтамасыз  ететін  барынша  қарқынды  дене  шынықтырумен  айналысады, 

қалған 80% энергияның тәулікті шығыны қалыпты денсаулық сақтауға қажет, 

деңгейден  барынша  төмен.  Соңғы  онжылдықтағы  қозғалыс  белсенділігінің 

күрт  шектелуі  орта  жастағы  адамдар  белсенділігінің  төмендеуіне  әкелді. 

Қарқынды  дене  шынықтырудың  қорғаныс  әрекеттерінің  механизмі  адам 

ағзасының гентикалық кодында жатыр. Орташа алғанда ден салмағының 40% 

құрайтын  (ер  адамдарда),  қаңқа  бұлшықеттері  гендік  тұрғыдан  табиғатпен 

ауыр  дене  жұмысына  бағдарламаланған.  «Қозғалыс  белсенділігі  ағзаның 

алмасу  үрдістерінің  деңгейін  және  оның  ми,  бұлшықет  және  жүрек 

қантамырлары  жүйесінің  жағдайын  анықтайтын,  негізгі  факторлар  санына 

жатады»,- деп жазды академик В.В.Парин (1969). 

Адам  бұлшықеттері  энергияның  алып  көзі  болып  табылады.  Дене 

шынықтыру  жаттығуларының  жалпы  және  арнайы  әсерлерін,  сондай-ақ 

олардың  қауіп  факторларына  жанама  ықпалын  ажыратады.  Жаттығулардың 

барынша жалпы әсері бұлшық ет қызметінің қарқындылығына және пропор-

ционал  ұзақтығына  тікелей  пропорционал,  энергия  шығынында  жатыр,  ол 

энергия  шығындарының  жетіспеушілігін  толтыруға  мүмкіндік  береді. 

Сауықтыру  жаттығуларының  арнайы  әсері  жүрек  қантамырлары  жүйесінің 

функционалдық мүмкіндіктерінің артуымен байланысты.  

Тамақтағы жеткіліксіз қозғалыс белсенділігі және кальцийдің жетіспеуі 

тірек-қимыл  аппаратының  жағдайын  төмендетеді.  Әдетте,  артрит,  артроз, 

остеопороз,  мүсіннің  қисаюы,  сколиоз  сияқты  аурурлар  жиі  кездеседі.  Осы 

жұмыстың  негізгі  мақсаты  тірек-қимыл  аппаратын  нығайту  және  дамытуға 

(омыртқа) дене шынықтырудың ықпалын зерттеу болып табылады.  



 

  Сколиоздың қысқаша клиникалық сипаттамасы  



  

Сколиоз  –  бұл  фронтальдық  жазықтықтағы  омыртқа  қабырғасының 

қисаюы. Бұнда бақылаудағы омыртқа дөңесі, бүйір және арты дөңестігіндегі 

өзгерісті – кифосколиозды құрайды. Сколиоз этиологиясы жағынан туа біткен 

сколиозда  ажыратылады  (В.Д.Чаклин  бойынша  олар  23.0%  кездеседі), 

олардың негізінде омыртқаның әр түрлі өзгерістері жатыр:  

 

шала жетілу;  



 

олардың  сына тәрізді нысаны;  



 

қосымша омыртқалар және т.б. 



 

          Жүре пайда болған сколиозға келесілер жатады: 

 

Миозит  және  спандилоартрит  құбылыстары  болғанда  сау 



бөліктегі  бұлшық  ет  контрактурасымен  негізделетін  және  әдетте  кенеттен 

ревматикалық туындайтындар.  

 

Тірек-қимыл аппараттарының әр түрлі өзгерістерімен өте ерт 



көрінетін,  рахиттік.  Сүйектер  жұмсақтығы  және  бұлшық  еттер  әлсіздігі, 

баланы  қолда  ұстап  жүру  (көбіне  сол  жақта),  әсіресе  мектепте  ұзақ  отыру,  - 

осының барлығы сколиоздың көрінуі және күшеюіне жағдай жасайды.  

 



Салдық,  әдетте  бала  кездегі  бұлшықеттің  бір  жағының  сал 

болуынан кейін пайда болады, бірақ басқа да жүйке ауруларында да байқала 

алады.  

 



Қалыпты, қалыпты қисық мүсін негізінде (әдетте оларды 

«мектептік» деп атайды, себебі бұл жаста олар барынша көп көрініс табады). 

Олардың  тікелей  себебі  дұрыс  жасалмаған  парталар,  оқушыларды  парта 

нөмірін  және  олардың  өсуін  ескермей  отырғызу,  бірінші  сыныптан  бастап 

портфель  ұстау,  қыдыру  кезінде  баланы  бір  қолынан  ұстау  және  т.б.  Әрине, 

бұл тізімде сколиоздың барлық түрлері емес, тек негізгілері ғана қамтылған. 

Мүсін  табиғи  тұқым  қуалаушылыққа  шарттастырылған,  бірақ  оларды 

қалыптастыруға  өсу  үрдімінде  қоршаған  ортаның  көптеген  факторлары 

ықпал етеді.  

Мүсінді  қалыптастыру  үрдісі  ең  алғашқы  кезеңнен  басталады  және 

шартты  қозғалыс  байланыстарын  қалыптастыруға  тән,  жоғары  жүйке 

қызметінің  физиологиялық  заңдылықтары  негізінде  болады.  Бұл  балаларда 

мүсіннің қалыптасу үрдісіне, олардың дұрыс дамуын қамтамасыз ете отырып 

белсенді араласу үшін мүмкіндіктерді тудырады.  

Мүсіннің  қисаюына  (сколиозға)  әкелетін  себептер  өте  көп.  Мүсіннің 

қисық  қалыптасуына  қоршаған  ортаның  қолайсыз  шарттары,  әлеуметтік 

гигиеналық  факторлар,  атап  айтқанда  бала  денесінің  қисық  жағдайда  ұзақ 

уақыт болуы әсер етеді. Дененің қисық орналасуы жағдайында дененің қисық 

орналасу  дағдысы  қалыптасады.  Кей  жағдайларда  бұл  дағды  тірек-қимыл 

аппараты тарапынан функционалдық және құрылымдық өзгерістер жоқ кезде 



 

қалыптасса,  екінші  бір  жағдайларда  туа  біткен  немесе  жүре  пайда  болған 



сипаттағы,  тірек-қимыл  аппаратындағы  патологиялық  өзгерістер  фонында 

қалыптасады.  Мүсіннің  қисаюы  әдетте  балалардың  қозғалыс  белсенділігінің 

жеткіліксіздігі (гиподинамия) немесе бірыңғай дене жаттығуларымен тиімсіз 

әуестену, теріс дене шынықтыру негізінде болады. 

 

Бұдан басқа, қисық мүсіннің пайда болуы (сколиоз) қазіргі балалардағы 



акселерация,  буындар  қозғалмалығының  шектелуімен,  осы  жағдайда 

ұстайтын  бұлшық  еттердің  бәсеңдеуімен  немесе  омыртқаның  тік  жағдайын 

анықтайтын  рецепторлардың  жеткіліксіз  сезімталдығымен  байланысты. 

Сонымен  қатар  сколиоздың  себебі  қолайсыз  киім,  ішкі  органдардың 

аурулары, 

көз 


көрудің 

нашарлауы, 

жұмыс 

орнының 


жеткіліксіз 

жарықтандырылуы, баланың бойына сай келмейтін мүлік және т.б.  

Мүсін  қисаюы  90-95  %  жағдайларда  жүре  пайда  болған  болып 

табылады,  әдетте  астеникалық  дене  бітімді  балаларда  кездеседі.  Мүсіннің 

қисаюы адамның сыртқы келбетін нашарлатады, омыртқааралық дискілердегі 

ерте, дегенеративті өзгерістердің дамуына жағдай жасайды және кеуде қуысы 

және іш  қуысы органдарының қызметі  үшін  қолайсыз шарттарды тудырады. 

Мүсіннің  қисаюы,  ереже  бойынша  омыртқадағы  өрескел  өзгерістермен 

жалғаспайды.  Омыртқадағы  өрескел  өзгерістер  сколиотикалық  ауруларда 

дамиды. Олар сколиоздың 2-3-4 дәрежедегі ауырлығында байқалады.  

Сколиоз  басым  түрде  қаңқаның  қарқынды  өсу  кезеңдерінде,  яғни  6-7 

жаста,  12-15  жаста  омыртқа  өсуінің  аяқталуымен  дамиды,  ереже  бойынша 

өзгерістің  артуы  өзгеріс  бүкіл  өмір  сүру  уақытында  күшейе  алатын 

паралитикалық сколиозды қоспағанда, тоқтатылады.  

 

 Сколиоз: нысандары және көрінісі 



 

Омыртқаның патологиялық өзгерістері  

 

деформациялар немесе басқа да сыртқы факторлар тобы; 



 

омыртқаны бекіту; 



 

аурушаңдылықтың  болуына  байланысты  клиникалық  түрде 



анықталады.  

Арқа омыртқасының бекітілуі қозғалғыштық және осыған байланысты 

омыртқаның қызметтік кемістігіне байланысты шектелулермен көрінеді. 

Жоғарыда  аталған  белгілер  зақымдану  сипатына  байланысты 

оқшауланған  немесе  бір  бірімен  үндескен  болады.  Жекелеген  ауру 

нысандарына  олардың  ішіндегі  бірде  бірінің,  енді  бірде  екіншісінің  басым 

түсуі белгілерінің әр түрлі әрекеттері тән.  

  Омыртқа аурулары әрі қарай тиісті тарауларда басым белгілеріне қарай 

суреттелген.  Патологиялық  өзгерген  омыртқаны  тексергенде  бастың  денеге 

қатысты орналасуына назар аударады. 

Бас алдыға немесе жанына қарай еңкеюі мүмкін. Бастың бір жақ жанына 

қисаюы – қисықмойын – келесілермен шарттастырылады:  

 

сүйек қаңқасы өзгерістерімен; 



 



 

жұмсақ тіндер өзгерістерімен (бұлшықеттер, шандыр, тері); 

 

қорғаныс  бұлшықет  қысымымен  (мойынның  рефлекторлық 



немесе аурулық сіреспелілігі). 

Қисық мойындағы қаңқа мен жұмсақ тіндердің тұрақты өзгерістерінің 

себебі  туа  біткен  және  жүре  пайда  болған  болып  бөлінеді.  Соңғы  жағдайда 

қандай  да  бір  ауру  және  жарақат  белгілерінің  бірі  болып  келетін  бастың 

мәжбүрлі жағдайы, симптомды қисық мойын деп аталады.  

Сколиоз  омыртқаның  немесе  оның  сегменттерінің  бүйірлік  берік 

ауытқуын  көрсетеді.  Қалыпты  бел  лордозы  немесе  кеуделік  кифозынан 

айырмашылығы,  ол  үлкейе  отырып,  патологиялық  болуы  мүмкін,  қалыпты 

омыртқада  берік  бүйірлік  қисаюлар  жоқ.  Омыртқаның  берік  бүйірлік 

қисаюларының болуы үнемі қалыптан тыс, патологиялық болып табылады.  

«Сколиоз»  белгісі  омыртқаның  бүйірлік  қисаюының  болуын  көрсетеді 

және өзімен өзі диагноз болып табылмайды. Ол әрі қарай зерттеуді, бүйірлік 

қисаю  ерекшеліктерін,  оның  себептері  мен  ағымдарын  анықтауды  талап 

етеді.   

  

Омыртқаның қисаю шамасына қарай сколиоз төрт деңгейге жіктеледі:  



 

 



Сколиоздың бірінші дәрежесі орта сызықтан шамалы ғана байқалатын 

сколиоздың бүйірлік ауытқуымен сипатталады; 

 

Екінші дәреже омыртқаның қабырғалық дөңестен бастап орта сызыққа 



дейінгі елеулі ауытқуымен сипатталады;    

 



Сколиоздың үшінші деңгейі кеуде қуысының берік және барынша 

шұғыл  сипатталған  өзгерісімен,  үлкен  қабырғалық-омыртқалық  дөңестің 

болуымен 

және 


омыртқа 

қозғалғыштығының 

күрт 

төмендеуімен 



сипатталады.  

Бүйірлік 

қисаюдың 

анатомиялық 

ерекшеліктеріне 

байланысты 

сколиоздардың  екі  тобы  анықталады:  құрылымдық  емес,  немесе  қарапайым 

және  құрылымдық,  немесе  күрделі  (James,  1967).  Бұл  топтарды  нақты 

жіктеудің  клиникалық  маңызы  зор,  себебі  ол  көпетеген  науқастарды  ұзақ 

уақытты  алатын  қажетсіз  емдеуден,  ал  ата-аналарды  негізсіз  уайымнан 

құтқарады.  

Құрылымсыз  сколиоз  омыртқаның  қарапайым  бүйірлік  ауытқуын 

көрсетеді.  Деформация,  атауы  айтып  тұрғандай,  жалпы  омыртқа  және 

омыртқалардың құрылымдық, тұрпайы анатомиялық өзгерістерін құрамайды, 

атап  айтқанда  құрылымдық  ротацияға  тән,  тіркелген  ротация  жоқ. 

Омыртқаның  тіркелген  ротациясының  болмауы  бойынша  құрылымсыз 

сколиозды 

құрылымдыдан 

ажыратуға 

болады. 


Клиникалық 

және 


рентгенологиялық  белгілерді  қолдана  отырып,  омыртқаның  тіркелген 

ротациясын  анықтайды.  Омыртқаның  тұрақты  ротациясының  клиникалық 

анықтамасы,  сколиоздардың  осы  екі  тобын  қатесіз  ажыратуға  мүмкіндік 

беретін әдіс болып табылады.  

 

 


 

Құрылымсыз сколиоздар бес түрге жіктеледі:  



 

 



мүсіндік; 

 



компенсциялық; 

 



рефлекторлық (люмбишиалгиялық); 

 



қабынушы; 

 



истерикалық. 

Мүсіндік  сколиоз

. 

Жоғарыда  айтылғандарға  қосымша  ретінде 

фронтальды  жазықтықтағы  мүсіннің  қисаюын  сипаттауда,  балалардағы 

мүсіндік  скалиоз  әдетте  өмірлерінің  алғашқы  онжылдығының  аяғында 

болатынын атап өткен жөн. Бүйірлік кеуделік қисаюдың доғасы құрылымдық 

сколиозға қарағанда өзінің дөңестігімен солға бұрылған, ол әдетте оң жақты 

болады.  Омыртқаның  жатқанда  және  ерікті  күш  салғанда  жоғалады,  ал 

алдыға иілгенде белгіленген ротация анықталмайды.    



Компенсаторлық сколиоз. Бір аяқтың қысқаруы (ақиқат, көрінетін және 

арақатысты),  егер  соңғысы  аяқтар  ұзындығындағы  айырмашылықты 

ортопедиялық  аяқ  киіммен  толтырмаса  қысқарған  жаққа  қарай  жамбастың 

еңкіштігі 

және 

омыртқаның 



дөңестігінің 

қисаюымен 

негізделеді. 

Компенсаторлық  сколиозда  омыртқалардың  белгіленген  ротациясы  және 

құрылымдық  өзгерістері  жоқ.  Көптеген  авторлардың  пікірі  бойынша, 

омыртқаларда  әдетте  компенсаторлық  сколиоздың  ұзақ  өмір  сүруінде  де 

құрылымдық өзгерістер байқалмайды.  

Рефлекторлық  (люмбишиалгиялық)  сколиоз  (scoliosis  ischiadica) 

омыртқаның  рефлекторлық  бүйірлік  ауытқуын  көрсетеді  және  маңызы 

жағынан  шынайы  сколиоз  болып  табылмайды.  Бұл  ауытқуды  әдетте  диск 

жарығымен  негізделген,  тітіркену  түбірін  азайту  үшін  науқастармен 

қабылданатын, аяншақтық күйі деп атауға болады.  

Истерикалық  және  қабынған  сколиоздарда  құрылымдық  өзгерістер 

болмайды.  Истерикалық сколиоз  әдетте  өте  сирек  кездеседі,  ол  омыртқаның 

қисаюға  қатысты  компенсаторлық  және  тіркелген  ротациясынан  арылған,  

ауыр  сколиоз  әсерін  тудырады,  бірақ  соңғыға  қарағанда  айтарлықтай  қатты 

көрінген.  Истерикалық  сколиоз  кенеттен  жоғалып  кетуі  және  қайталануы 

мүмкін.  

 

 

  Сколиоздағы  емдік  дене  шынықтыру  сабағы  құрылысының 



кестесі  

 

Корригирлеуші гимнастика сабағы 3 бөлімді құрайды: дайындық, негізгі 



және  қорытынды.  1  және  2  деңгейдегі  сколиозда  жаттығулар  40-45  минут 

бойында өтеді.

 

Дайындық  бөлімі:  жүру,  саптағы  жаттығулар,  дұрыс  мүсін 



қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары. 

Жүру  –  бұл  адам  үшін  барынша  табиғи  жүктеме.  Мүсіннің  бұзылуы 

жүрісте  көрінеді,  ал  жүру  кезіндегі  жаттығулар  мүсіннің  бұзылуын  жоюға 


 

көмектеседі. Жүруді сабақтың барлық бөлімдеріне, басым түрде кіріспе және 



қорытынды  бөлімдерге    қосуға  болады.  Жүруді  дұрыс  мүсінді  сақтаумен, 

тыныс  алу  жаттығуларымен,    аяқтың  ұшымен,  табанның  сыртқы  және  ішкі 

ойығына, табаннан ұшына әр түрлі қол, дене қозғалыстарымен ауысуы және 

қосымша тапсырмалармен қолданылады.  

Жаттығуды  айна  алдында,  назарды  мүсінге  бағыттау  арқылы  жасаған 

жөн.  


        Негізгі  бөлім:  арқа  бұлшықеттерінің,  құрсақ  тығыршығының,  жалпы 

және күш төзімділігін жаттықтыру және қалыптастыруды қамтамасыз ететін, 

кеуде  бөлігінің  «бұлшықет  корсетін»  құру  үшін,  жалпы  нығайтушы  және 

тыныс алу жаттығуларымен үйлескен корригирлеуші жаттығулар.   

Сабақтың  негізгі  бөлігіндегі  жаттығулар  дененің  бар  салмағынан 

омыртқаны  жеңілдендіру  жағдайында  өтеді  (ауаны  ішке  тарту,  тыныс  алу, 

босаңсыту  жаттығулары),  жалпы  нығайтушы  жаттығулар  қолданылады. 

Басым  түрде  алғашқы  жағдай  –  жатып  және  тізеге  таяныш  жасап 

(төртаяқтап). Негізгі бөлімнің аяғында қозғалыс ойыны, оның ережесі дұрыс 

мүсінді 


сақтауды 

қамтиды.  

Қорытынды  бөлім:  жүру,  үйлестіруге  арналған  жаттығулар,  тыныс  алу 

жаттығулары, дұрыс жағдайды бір уақытта сақтауға арналған ойындар.   

Сондай ақ жүрек қан тамырлары жүйесін жайландыратын жаттығуларды 

да қосу керек.  

 

Сколиоздарды түзеуде гимнастика өткізу әдістемесі және 

жаттығулары 

  

Корригирлеуші  жаттығуларды  тек  деформацияны  түзеу  үшін  ғана  емес, 

сонымен қатар олардың пайда болуын профилактикалау үшін де қажет.  

Әлсіз бұлшық еттер және омыртқаның физиологиялық емес қисаюы бар 

адамдарға,  денсаулық  жадайы  мен  қисаю  деңгейінің  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  жаттығуларды  орындау  уақытында,  аса  созылып  кеткен  бұлшық  ет 

қысқарып,  өз  тонусын  арттыруын,  ал  қысқарған  бұлшық  ет  өзінің  қалыпты 

физиологиялық  ұзындығы  мен  иілімділігін  қалпына  келтіру  қажет.  Кеуде 

қуысының  кеңеюіне  ерекше  назар  адуарған  жөн,  мысалы  сколиоз  кезінде 

омыртқалар мүсінінің кішіреюі байқалады.  



Сколиоздағы  корригирлеуші  гимнастика  клесі  жаттығаулардан 

тұрады:  бұлшық  еттердің  қозғалғыштығын  дамытуға  жағдай  жасайтын 

жаттығулар. Олар омыртқаның әр түрлі қозғалысынан, алдыға-артқа, жанына 

еңкеюінен  және  үлкен  амплитудамен  және  бірнеше  рет  қайталаулармен 

айналу  қозғалыстарын;  қысқарған  бұлшықеттер,  буындар,  сіңір  жіне 

жалғаушы  тіндердің  созылуына  жағдай  жасайтын; бұл  қозғалыстарды  үнемі 

және  толық  орындағанда  омыртқаның  қисаюы  түзеледі;  бұлшықеттің  дұрыс 

дамуына,  қозғалыстарды  үйлестіруге,  тепе-теңдікті  сақтауға  жағдай 

жасайтын  жаттығулар;  мүсіннің  бұзылуы  және  деформацияның  басқа  да 

түрлерінің  пайда  болуын  өзіндік  корригирлеуші  жаттығуларды  құрайды.  


10 

 

Арнайы (динамикалық жаттығулар) және түзеуші  (статиткалық жаттығулар) 



болып бөлінеді.  

  

Алғашқы жағдайын байланысты, корригирлеуші жаттығулар келесі 



топтарға бөлінеді:  

 



түрегеліп тұрып жасалатын жаттығулар; 

 



отырып жасалатын жаттығулар; 

 



ішпен,  арқамен  және  жанымен  жату  арқылы  жасалатын 

жаттығулар; 

 

тізерлеп тұрып жасалатын жаттығулар; 



 

тізеге  таяныш  жасау  жағдайында  жасалатын  жаттығулар 



(төртаяқтап). 

  Дұрыс  бастапқы  қалыпты  таңдай  білудің  маңызы  өте  зор.  Сол  себепті 

сабақтың  алғашқы  кезеңінде  денені  дұрыс  жағдайда  ұстауды  бақылауға 

ерекше назар бөлінеді.  

    Науқасты 

оқытуда  бастапқы  тұру  қалпын  қабылдауда,  келесі 

нұсқаулықтарды  сақтау  қажет.  Біріншіден,  табан  бір  бірінен  шамамен  10  см 

қашықтықта  паралель  орналасуы  керек.  Екіншіден,  аяқты  түзу  ұстап,  дене 

салмағын табанға дұрыс бөлуді үйрену керек.  

Жаттығуларды  жату  қалпында  жасағанда  дененің  салмағы  омыртқа 

бағанына  ауысуы  орындалады.  Жатып  жасалатын  жаттығулар  бұлшықетті 

түзеуге  және  қатайтуға,  созылуына  ең  қолайлы  болып  табылады.  Аталған 

поизициядағы жаттығуларды әр сабаққа қосқан жөн.  

Түрегеліп  тұрып  тізеге  таяныш  жасау  корригирлеуші  гимнастикалар 

циклінде  маңызды  орын  алады.  Бұнда  арқа  бұлшықеті  және  омыртқа  адам 

денесінің салмағы ықпалынан босатылған. Бұны басқалармен сабақ үрдісінде 

де кезектестірген жөн.  

Корригирлеуші  гимнастика  жаттығуларын  орындағанда,  бұлшықеттің 

дамуы  бір  жақты  болмауын  бақылау  керек,  сол  себепті  бұлшықеттер 

топтарының  барынша  мүмкін  санымен  жұмыс  істеу  үшін  сабақтар  сипатын 

үнемі  өзгертіп  отыру  керек.  Жаттығулар  арасында  қысқа  демалу  үзілістерін 

жасау қажет.  

Сабақтың басында жаттығуларды орындау қарқыны баяу болу керек. 

Бұл өте маңызды!  

Бұл  қозғалыстың  дұрыс  техникасын  меңгеруге,  дененің  кеңістіктегі 

жағдайын, 

жоғары 


мүсінді 

және 


дәл 

қозғалыс 

стереотиптерін 

қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Әрі  қарай  жаттығуларды  барынша  жылдам,  және  жылдамдатылған 

қарқында орындауға болады.  

Корригирлеуші 

гимнастикада 

маңызды 

орынды 


тепе-теңдік 

жаттығулары  алады,  себебі  омыртқаның  қисаюы  бар  адамдарда  (әсіресе 

сколиозбен ауырғанда), тепе-теңдікті сақтау сезімі нашар дамыған.   

Сабақтар нәтижелі болу үшін, оларды барынша қарапайымнан, күрделіге 

ауыса отырып бастаған жөн.  



11 

 

Тыныс  алу  жаттығуларының  тобы  сколиозда  кеуде  қуысының  өзгерісі 

байқалатыны себепті маңыздылардың бірі болып табылады.  

Кеуде  қуысын  кеңейту  үшін  арнайы  тыныс  алу  жаттығулары 

қолданылады.  Сонда  ол  кең  (фронтальды  жазықтықта)  және  (сагиттальды 

жазықтықта) терең бола түседі, ол өкпе көлемінің артуына әкеледі.  

Әр  түрлі  сколиоздарды  түзеу  үшін    жаттығуларды  іріктер  алдында 

келесілерді анықтау қажет:  

 

сколиоздың туындау себебін; 



 

сколиоз түрі; 



 

қисаю деңгейі; 



 

жалғасатын аурулар. 



 

Әрі  қарай  сколиоздың  пайда  болу  себептерін  бағалау  өткізіледі.  Егер 

қисаюдың  пайда  болу  себебі қандай  да  бір  ауру  болса,  мысалы  рахит  болса 

аталған  ауруды  алдымен  жойып,  содан  соң  сколиозды  түзеуге  кірісу  керек. 

Корригирлеуші  жаттығулар  жеке  таңдалады!  Сколиоздарды  түзеуде 

төмендегілерді ескеру қажет:  

   алдымен бұлшықетті созу; 



   омыртқаның қозғалғыштығын арттыру; 

   Омыртқаның кері жаққа қисаюын түзеу  



   Омыртқаның жаң жағдайында бұлшықетті қатайту. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...