А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Мәжит Мұқанов (1920-1985)



бет9/15
Дата10.09.2017
өлшемі1.18 Mb.
#20114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Мәжит Мұқанов (1920-1985) қазақтың ғылыми психологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ырғыз ауылында туған. 1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясын, халқымыздың батырлық дәстүріне талдау жасайды. 1980 жылы докторлық диссертация қорғап профессор атанады. Ол жалпы психология жас педагогикалық, этноспсихологиясынан жазылған көптеген еңбектердің авторы.

Ғалым көп жылдар бойы интеллект мәселесіне бұлардың адамның жан-дүниесіндегі алатын орнын анықтауға жалпы ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағытталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүруы ортасына тіршілік жағдайы мен әлеуметтік жағдайына байланысты екенін анықтады.

М. Мұқанов жүргізген енді бір экспериментінде оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығын анықтады. Мысалы, көшпелі ата-бабамыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы түрлі ақпарат-хабар мөлшерінің аздығы, зақатың суырып-салма шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған. өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін түйіндей келіп, М. Мұқанов адамның ойлау әрекеті өзгермейтін және өзгермелі болатындығын, мұның өзі қоғамдық әлеуметтік кезеңнің біреуінен өткенде келесіде ойлау механизмі өзгеріске түсіп отыратындығы адам интеллектісінің өзгермейтін жағы психологиялық дамудың алғы–шарты және басты тірегі ретінде қоғам дамуының кісінің ой өрісі шарттас болатындығын мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алатындығын дәлелдеп берді.

М. Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б.) диссертация қорғап, осы салада бірер еңбек жазылды. М. Мұқанов ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі.

30 дәріс

Тақырып Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері.

Дәрістің мазмұны


  1. Қазақстандағы психология ғылымының даму деңгейі.

  2. Қазақстандағы ЖОО дағы психология кафедрасының қалануы.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері ҚазПИ-де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы, академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы, 1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.

Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.



Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»(Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі»(М.Мұқанов) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бәймішеваның «Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың «Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның «Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ.Шернияздаеваның «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері» т.б. зерттеулерді жатқызуға болады. Психологияның жекелеген салалары бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов «Педагогика психология очерктері» мен «Ақыл-ой өрісі»,Н.Нажділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтің «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың «Алдын-ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің «Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Р.И.Илешованың «Медициналық психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (1987), «Ақылдың кені» (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың «Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық мұрасы» (М;1989), К.Шәймерденованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (А; 1991), К.Ыбыраеваның «Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары» ( А; 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу» атты диссертацияларын жатқызуға болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап тән.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Семинарлық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1










2







3.










4.










5











6.










7.










8










9










10










11










12










13










14










15










1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Ежелгі және қайта өрлеу дәуіріндегі психологиялық мәселелер.

Семинар мазмұны:

  1. Ерте гректік философиядағы «жан» мәселесі.

  2. Ежелгі грек дәрігерлерінің зерттеулері.

2 практикалық сабақ

Тақырыбы: Антикалық психология.

Семинар мазмұны:

  1. Демокрит, Гераклит, Платонның идеялары мен оның психологиялық негізі.

  2. Антикалық психологиядағы ғылыми бағыттар.

  3. Антикалық заманнан қайта өрлеу заманына өту кезеңі.

3 практикалық сабақ

Тақырыбы: Қайта өркендеудегі психологиялық көзқарастар.

Семинар мазмұны:

  1. Схоластикалық, теологиялық, гуманизм бағыттары.

  2. Номинализм және реализм мәселелері.

4 практикалық сабақ

Тақырыбы: Француздық эмпирикалық психологияның құрылуы (ХҮІІғ.)

Семинар мазмұны:

  1. Француздық материалисттердің теориялық ізденістері.

  2. Ж.Ламетридің ілімі.

  3. Ж.Ж.Руссо теориясы.

5 практикалық сабақ

Тақырыбы: Ағылшын ассоцианистік психологиясы (ХІХ ғ.)

Семинар мазмұны:

  1. Ағылшын ассоцианистік психологиясының негізгі кезеңдері.

  2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының психологияға әсері.

  3. Г.Гельмгольцтің зерттеулері.

6 практикалық сабақ

Тақырыбы: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Семинар мазмұны:

  1. ХІХғ. аяғы ХХғ.басындағы психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуындағы бағыттары.

  2. Психологияның жеке ғылым ретінде құрылуындағы жаратылыстық ғылыми тасымалдар.

7 практикалық сабақ

Тақырыбы: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Семинар мазмұны:

  1. В.Вундттың эксперименталды психология саласындағы еңбегі.

  2. Қалыптасқан ғылыми лабораториялардың маңызы мен мәні.

  3. Дүниежүзіне танымал болған ғылыми зерттеу орталықтары мен ғылыми баспалары.

8 практикалық сабақ

Тақырыбы: Ресейдегі философиялық психология.

Семинар мазмұны:

  1. В.С.Соловьев, Н.О.Лоский психологиялық көзқарастары.

  2. Л.М.Лопатин, А.И.Введенскийдің психологиялық көзқарастары.

  3. Н.А.Бердяев, С.Л.Франктың психологиялық идеялары.

9 практикалық сабақ

Тақырыбы: Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы.

Семинар мазмұны:

  1. В.М.Бехтеревтің психоневрологиялық институты.

  2. А.Ф.Лазурскийдің зертеуі.

  3. Даму психологиясы саласындағы зерттеулер мен ғалымдар.

10 практикалық сабақ

Тақырыбы: ХХғ. 10 50ж.ж. Психологияда қалыптасқан ғылыми ағымдары.

Семинар мазмұны:

  1. З.Фрейд   психоанализі.

  2. Психоанализдегі қарастырылған басты мәселелер.

  3. Тұлға жүйке жүйесінің бұзылуы туралы мәселелер.

  4. «Түс көру» туралы айтылған тұжырымдамалары.

11 практикалық сабақ

Тақырыбы: Кеңестік психологияның қалыптасуы.

Семинар мазмұны:

  1. Кеңестік психологтардың ғылымды дамыту саласындағы жалпы үлестері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн).

  2. Соғысқа дейін кеңестік психологияның даму жолында баспа жұмыстарының, ғылыми ізденістердің жалпы нәтижесі.

12 практикалық сабақ

Тақырыбы: Соғыс жылдары (1941­ 45ж.ж.) мен 80 ж. ортасына дейінгі кеңестік психология.

Семинар мазмұны:

  1. 1940-50ж. психологиялық ғылымдардың дамуына әімшілік және саяси араласудың теріс салдары.

  2. 50-70ж. болған теориялық тартыстар.

  3. КСРО психологтар қоғамының ұйымдасуы.

13 практикалық сабақ

Тақырыбы:

Семинар мазмұны:

    1. Тұлға теориясы жөнінде зерттеулер

    2. Г.Айзенк Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері.

14 практикалық сабақ

Тақырыбы: Шетелдік психологияның жаңа беталыстары.

Семинар мазмұны:

  1. Тұлға дамуына қатысты ғылыми теориялар мен ғылыми теориялық бағыттардың қалыптасуы.

  2. Транзактілі психология.

  3. Неофрейдизм, необихевиоризм бағыттарының жаңа психологиялық теориялары.

15 практикалық сабақ

Тақырыбы: Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері.

Семинар мазмұны:

  1. Ә.Алдамұратов, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев.Ж.Намазбаевалардың психология ғылымындағы ролі.

  2. Қазақстандағы психологиялық білімдердің дамуы.


1.5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Б.Жарықбаев Психологическая наука в Казахстане А,2002ж.

  2. Қ.Б.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы.А,1996ж.

  3. А.Н.Ждан История психологии. От античности к совреммености М,1997ж.

  4. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.

  5. В.А.Якунин история психологии. СПб:,1998ж.

  6. Т.Д.Марцинковская История психологии М, 2001ж.

  7. В.М.Розин Психология: теория и практика М.,1997ж

  8. В.В.Большаков Очерки истории русской психологии М, 1997ж

  9. Лучинин А.С. История психологии. Учеб. пос. Ростов-на Дону, Феникс, 2005

  10. Галустова О.В. Истории психологии в вопросах и ответах. Учеб. пос. Москва.,Проспект,2005


Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Том 1. Алматы:Таймас, 2005

  2. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Том 2. Алматы:Таймас, 2005

  3. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Том 3. . Алматы:Таймас, 2005

  4. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Том 4. Алматы:Таймас, 2005

  5. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Том 5. Алматы:Таймас, 2005

  6. Столяренко Л.Д. Психология. Учеб. Р/Д,Феникс, 2003

  7. Под ред. Ролло Мэя Экзистенциальная психология.. Учеб. Москва, Эксмо-Пресс, 2001


1.6 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:


    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:



«Психология тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Практикалық сабақтарда жауап беру

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

ОЖСӨЖ

0,5

15

+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+



+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+



3

Жеке тапсырма

2,5

10










+







+










+







+




4

Тестілеу

10

100






















+



















+

5


























































Р1 + Р2




100














































Емтихан




100














































Барлығы




100














































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді