А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына арналған
«Ұлт ұстазы» атты квест ойыны.
Ойынға 7 команда қатысады, әр командада 4 болады. Әр команда жол жүру парағын алады (1-қосымша). Станциялар әртүрлі кабинеттерде орналасады. Соңғы станция коворкингта болады. Әр станцияда команда белгілі бір ұпай санын жинай алады. Станцияда болу уақыты-5 минуттан аспайды.
«Мәтіндегі математика» станциясы.
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәтінді оқып, ішінен сұрақтарға жауап іздейді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
А.Байтұрсынұлы қашан дүниеге келді?
Ақын нешінші жылы қайтыс болды?
Торғайдағы орыс-қазақ мектебі неше жылдық болып еді?
Ахмет неше жыл орыс-қазақ мектептерінде оқытушы болып жұмыс істеді?
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ол қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында 1872 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген. 1937 жылы 8 желтоқсанда дүниеден озды.
Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
«Мәнерлеп оқу» станциясы.
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін мәнерлеп оқып шығу керек. Содан кейін өлеңнен келесі сөздердің аудармаларын тауып алу керек: дети, человек, птица, на мед,зверь, душа.
Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
«Қателерді түзет» станциясы.
Оқушылар берілген сөйлемдердегі жіберілген қателерді түзетеді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Ахмет Байтұрсынулы –қазак әліпбиінін алғашкы авторы.
"Қырык мысал", аударма жинагы, 1909 ж. Санкт-Петербургте
1911 жылы, "Маса " олеңдар жинағі
«Оку құралы», «Тіль – құрал», "Адебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін қолданыста, маңызын жоғалтпаған оқу қуралдарі.
«Ойлан да, тап» станциясы.
Оқушылар ребусты шешіп, шыққан сөздің аудармасын жазу керек (ғалым – ученый).
«Әдеби мозаикасы» станциясы.
Оқушыларға қиылған таратпалар беріледі. Соларды сәйкестендіріп, параққа желіммен жапсырып, сөйлем шығару керек. Сөйлемді аудару керек. Аудармасын астына жазу керек.
Байтурсыновтың жұбайының шын есімі Александра Иванова болды.
Станция атауы
|
Орналасу жері
|
Жүргізушісі
|
Жету сызбасы
|
«Мәтіндегі математика»
|
18 каб
|
Исимбаева Раушан Булатхановна
|
2 қабатта қазақ тілі кабинеті
|
«Мәнерлеп оқу»
|
Мұғалімдер бөлмесі
|
Есетова Роза Еркебулановна
|
2 қабатта мұғалімдердің сүйікті орны
|
«Қателерді түзет»
|
Шағын зал (кинозал)
|
Нугуманова Нургуль Куанышбековна
|
3 қабатта оқушылардың сүйікті орны
|
«Ойлан да, тап»
|
30 каб
|
Есеналина Жумагуль Токушевна
|
2 қабатта қазақ тілі кабинеті
|
«Әдеби мозаикасы»
|
Акт залы
|
Батыргалиева Акмаржан Сулейменкызы
|
3 қабатта мектепішілік іс-шаралары өткізілетін жер
|
Қорытынды жиналатын жер
|
Коворкинг
|
Досжанова Алмагуль Асылкановна
|
2 қабатта мектепішілік іс-шаралары өткізілетін жер
|
Достарыңызбен бөлісу: |