А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы

Loading...


Pdf көрінісі
бет4/20
Дата13.04.2020
өлшемі1.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

 

 



жоғарыда  айтылған  хадистің  мəн-мағынасын, 

түпкі өзегін бір тармақ өлеңмен керемет жеткізе 

білген.  Осы  сияқты «...Сыйхатын  қалқама, // 

Бере гөр, я, Рахим!» –  деп, енді бірде Алланың 

Рахим  есімін  атайды.  Мұнда  да  діни  астар 

жатыр. Негізі бұл өлең жолдары ақынның «...Бо-

лашағынан  үлкен  үміт  күткен  ұлы  Əбдірахман 

науқастанып  жатқанда  бір  құдайға  жалбарыну, 

ұлының  дертіне  шипа,  жанына  саулық  тілеу 

мазмұнына құрылған» [10, 81]. Осы өлең жолын-

дағы  «сыйхат»  сөзі  арабтың  денсаулық  деген 

мағынаны білдіретін – «əс-сыххату» [ 

 ُﺔﱠﺤِﺼﻟا ] сөзі. 

Абай осы өлең жолында: «Уа, ерекше мейірімді 

Алла! Ұлымның денсаулығын бере гөр» дегенді 

айтқан.  Енді  неліктен  Абай  Рахман  сөзін  емес, 

Рахим  сөзін  айтып,  Аллаға  жалбарынды  десек, 

мұның  жауабын  осы  Рахим  сөзінің  мағынасы-

нан табамыз. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, 

Рахим  сөзінің  мағынасы  тар,  мұсылмандарға 

ғана ерекше, аса мейірімді деген мағынада қол-

данылады.  Бұған  дəлел  ретінде  Құрандағы  «Ол 

мүмiндерге  мейiрiмдi» [13, Ахзаб  сүресі, 43-

аят], – деген аятты келтірген едік. Тағы бір айта 

кететін жайт пендеге денсаулық беретін, дертіне 

шипа дарытатын да бір Алла деген ұғым Құран 

дүниетанымына  саяды.  Құранда  Ибраһим  пай-

ғамбар: «...Ол,  қашан  ауырсам,  маған  шипа 

береді» [13, Шұғара, 80-аят], – дейді.  Мұнан 

басқа: «Құраннан  біз  мүміндерге  шипа  əрі  рах-

мет  түсіреміз» [13, Исра, 82-аят], «...Ол  Құран 

иман келтіргендерге бір тура жол əрі шипа де», 

  деген  мағынадағы  аяттар  да  кездеседі. 

Сондай-ақ  Абайдың: «...Көңілін  аш  пенденің...» 

деген өлең жолдары Құрандағы «...иман келтір-

ген  қауымның  көңілдерін  ашсын» [13, Тəубе, 

14-аят] деген аяттың мəн-мағынасымен астарла-

сып  жатыр.  Мұхаммед  пайғамбардың  хадис-

терінде  де  науқастанып  қалған  кісінің  көңілін 

сұрап барып, оған: 

 ُلَﺄْﺳَأ

 

 َﷲا



 

 َﻢﻴِﻈَﻌْﻟا

 

 ﱠبَر


 

 ِشْﺮَﻌْﻟا

 

 ِﻢﻴِﻈَﻌْﻟا



 

 ْنَأ


 

 َﻚﻴِﻔْﺸَﻳ

 

«Саған ұлы Аршының Раббысы аса ұлы Алладан 

шипа тілеймін» деп айтуға бұйырған. Сондай-ақ 

пайғамбардың:  Егер  отбасы  мүшелерінің  бірі 

науқастанып  қалған  болса,  оның  хал-жағдайын 

сұрап, «Уа, адамдардың раббысы – Алла! Мына 



дертті  кетіре  гөр.  Сен  шипа  берушісің  шипа 

бере гөр. Тек сенің шипаңнан басқа ешбір шипа 

жоқ. Толық еміңді бере гөр» [Хадис: Муслим], – 

деп жаратқанға жалбарынғаны бізге жеткен. Бұл 

да  Абай  дүниетанымынына  əсер  еткен  болуы 

мүмкін. Дегенмен, Абай Алланың Рахман жəне 



Рахим есімдерін айтып, дұға-тілекті өлең жолына 

төгіп, өз бетінше Жаратқанға жалбарынады. Мол-

далар  мен  қожа-ишандар  тіліндегі  жаттандыны 

айтпайды. 

Мұнан  басқа  осы  екі  сөздің  түбірінен  өрби-

тін  қайырым,  мейірім,  шапағат  мағынасындағы 

«Рақым,  Рахым», «Рахмат,  Рахмет»  сөздері  де 

Абай  шығармаларында  «Алланың  рахматын // 



Жар  тұтып  əрнеге...», «...Рахметіне  Алланың 

көңіл  сенер...», «Тəңрім  рақым  еткені-ай!...»

«Көкке  бақтым  «Алла» деп, // Тамаша  етіп  құ-

діретін.  Рахматы  оның  онда  көп...»  деген 

сияқты үлгілерде тіркес құрап, Алланың Рахман 

жəне Рахим есімдерінің мəн-мағынасын береді. 

Тағы  бір  атап  өтетін  мəселе  ол  Абайдың 

1869  жылы  Ділдəдан  туған  ұлы  Əбдірахман 

есімімен  байланысты  болмақ.  Себебі,  осы  атау 

Алланың  біз  сөз  етіп  отырған  Рахман  есімімен 

аталған.  Нақтырақ  айтқанда,  Əбдірахман  араб-

тың  абд  [

ﺪﺒﻋ] (құл) əр-Рахман [  ﻦ ْﲪﱠﺮﻟا ] (аса мейі-

рімді, қамқор Ие) деген сөздерінен тіркесіп жа-

салған. Араб тіліндегі абд [

 

ﺪﺒﻋ ] сөзінің алғашқы 



əрпі    «айн»  [

ع

   ] атты  дауыссыз  дыбыс  қазақ 



тілінде  болмағандықтан  бұл  əріп  қазақ  тіліне 

кейде  «ғ»  кейде  «ə»  дыбыстарымен  алмастыра-

лады.  Арабтың Абдурахман [

 

  ﻦ ْﲪﱠﺮﻟا ﺪﺒﻋ  ] дегенін 



қазақтың  Ғабдурахман,  Əбдірахман  дейтіні 

сондықтан.  Бұл  атаудың  қазақшасы  «Аса 

мейірімді иенің құлы» дегенді білдіреді. Ал енді 

Абай неге ұлының атын Əбдірахман деп қойған 

дегенге  келсек,  мұның  да  өзіндік  діни  астары 

бар  деуге  болады.  Себебі,  ислам  дүниетанымы 

бойынша балаға қойылатын аттардың ең абзалы 

Алланың  құлы  дегенді  білдіретін  құрамында 



абд [

ﺪﺒﻋ] (құл) сөзі бар Мұхаммед пайғамбардың 

сүннетімен  дəлелденген  игі-көркем  есімдердің 

бірі  болғаны  құпталады.  Осындай  құпталған 

есімдердің  ішіндегі  ең  абзалы  Абдулла  [

ﷲا  ﺪﺒﻋ] 

(Алланың  құлы,  пендесі)  мен  Абдурахман  [

 ﺪﺒﻋ


ﻦ ْﲪﱠﺮﻟا] (Раханның, аса мейірімді иенің құлы) деген 

есімдер.  Бұл  туралы  Мұхаммед  пайғамбардың 

хадистерінің  бірінде:  «Расында  сендердің  ат-

тарыңның ішіндегі Аллаға ең қатты ұнайтыны 

– Абдуллаһ мен Абдур-Рахман» [Хадис: Муслим 

жəне  Дауд], – деген.  Осы  сияқты  тағы  бір 

хадисте: «Ұлыңды Əбдірахман деп ата!» [ 

 ﻚﻨﺑا ﻢﺳ


ﻦﲪﺮﻟا ﺪﺒﻋ : ] деп пайғамбардың бір кісіге кеңес бер-

гені айтылады. Міне, осы хадистерден хабардан 

болғандықтан  Абай  да  ұлын  Əбдірахман  деп 

атаған  болса  керек  деген  ой  түйеміз.  Абай  осы 

ұлынан  көп  үміт  күткен,  бірақ  ол  науқастанып 

жүріп 1895 жылы ажалы жетіп дүниеден озады. 

Бұл қаза Абайды қатты есеңгіретеді. Бұл туралы 

М.Əуезов та: «...Оспанның өлімінен соң Абайды 

қатты күйіндірген өлімнің бірі осы болады. Бұл 

баласы  Абайдай  əке  өмірінің  жалғыз  бір  үлкен 

жұбанышы  еді.  Соның  мұратына  жете  алмай, 

ерте өлгені артында қалған əкесін қатты қайғыға 

салған» [11, 302], – дейді. Абай ұлы Əбдірахман 

науқастанып жатқанда оған: «Я, құдай бере гөр 



//  Тілеген  тілекті...», «Алланың  рахматын // 

Жар тұтып əрнеге...» деп хат жолдаса, Кəкітай 

атынан:  «Тілім,  саған  айтайын...», «Көзімнің 



нұрысың...» деп басталатын хат-өлеңдер жазған. 

Ал  дүние  салғанда:  «Арғы  атасы  қажы  еді...», 



«Кешегі өткен ер Əбіш...», «Тұла бойың ұят, ар 

16                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

едің...», «Жиырма жеті жасында...», «Талаптың 

мініп  тұлтарын...», «Орынсызды  айтпаған...» 

деп  жоқтаса,  Əбірахманның  əйелі  Мағышқа:  



«Жылағанды тоқтатып...» деп басталатын жұ-

бату  өлеңін  айтты.  Сондай-ақ:  «Бермеген  құлға 



қайтесің...»  деген  өлеңінде:  «...Өмірін  берген 

құдайым // Ажалын  да  беріпті... // Оспанды 

алған  бұл  өлім, // Тəубе  қылсақ  керек-ті...»  деп 

Алланың  ісіне  пенделікпен  қарсы  келсек,  тəубе 

етейік, жаратқаннан кешірім сұрайық дей отырып, 

«...Қажыны  алған  бұл  өлім // Сабыр  қылсақ 

керек-ті»  деп  өз  əкесі  Құнанбай  қажының  да 

дүние  салғанын  есіне  алып,  өзін  де,  өзгені  де 

сабырға шақыра білді. Пенделікке салынып, мұ-

сылманшылыққа  қайшы  келетінді  мүлде  айтпай-

ды.  Түйіндеп  айтқанда,  Абайдың  Алла  туралы, 

өмір  мен  өлім  жайындағы  дүниетанымы,  діни 

көзқарасының біразы осы Əбдірахманға арнаған 

хат-өлең,  жоқтауларынан  көрініс  табады  деуге 

болады.  Біз  сөз  етіп  отырған  Алланың  Рахман 

жəне  Рахим  есімдері  де  ақынның  Əбірахман 

науқастанып  жатқанда  оның  дертіне  шипа, 

деніне  саулық  тілеп,  жаратқанға  жалбарынып 

айтқандары. Бұл – ақынның жастық шағындағы 

шығысқа еліктеулері іспетті емес, өзіндік дүние-

танымы қалыптасқан, айтқан сөздерінің тамыры 

тереңнен тартқан, даналық деңгейге жеткен шағы. 

М.Əуезов  ақынның  осы  кездерін: «...əрине,  бұл 

уақыттарда  Абай  терең,  даналықпен  толғайтын 

ақынның өзі болған...» [11, 302], – деп баға бере 

білген.  Негізінде  ақынның  Оспанның,  Əбдірах-

манның  өліміне  арнап  айтқандары  Абайдың 

ішкі  жан  дүниесінен  сыр шертетін,  Құран  дүние-

таны  мен  қарым-қатынасын  айқындай  түсетін, 

сəуле-жарық беретін тұстар. 

Міне, осылайша қорыта келгенде, өз тарапы-

мыздан Абай шығармаларында ең жиі қолданыс 

тапқан  Жаратқан  Иенің  Алла,  Рахман  жəне 

Рахим  есімдеріне  лексика-семантикалық  талдау 

жасауға тырыстық. Талдау барысында Абай дү-

ниетанымы  қасиетті  Құран,  ислам  дүниетаны-

мымен  астарласып,  біте-қайнасып  жатқанды-

ғына тағы да көз жеткіздік. 

 

Əдебиет 

1.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.  Шығармаларының  екі 

томдық толық жинағы. ІІ том. Алматы, «Ғылым» баспасы, 

1977. 321 б.  

2.  Тəфсирул-Қуран əл-Азим ли-Ибн Кəсир. І-том. 

3.  Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. І-том. / 

Құраст.: Т.Жанұзақов, С.Омарбеков, Ə.Жүнісбек жəне т.б. 

– Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. І-том.- 752 б. 

4.  Муғжам əлфаз əл-Қуран əл-Кəрим. І-том. 619 бет. 

5.  Абай тілі сөздігі. Алматы, «Өнер» 2011. – 616 бет. 

(2-қайта басылымы) 

6.  Сыздықова  Р.  Абай  жəне  қазақтың  ұлттық  əдеби 

тілі. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2004. – 616 бет.  

7.  Халифа Алтай Хұтпалар. Алматы, 2001. – 192 бет. 

8.  Бұхар  жырау  Қалқаманұлы.  Шығармалары. – 

Алматы, 1992. - 240 б. 

9.  Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – ІІ 

том. 280 б. 

10.  Абай.  Энциклопедия. (Бас  ред.  Р.Н.  Нұрғалиев). – 

Алматы: «Қазақ  энциклопедиясының  Бас  редакциясы, 

«Атамұра» баспасы, 1995.-720 бет.  

11.  Əуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. Он екінші 

том. Мақалалар, зерттеулер. «Жазушы» баспасы, Алматы – 

1969. 536 бет. 

12.  Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. І-том. / 

Құраст.: Т.Жанұзақов, С.Омарбеков, Ə.Жүнісбек жəне т.б. 

– Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. 1-том. – А – А. -752 б. 

13.  Халифа Алтай. Құран Кəрім қазақша мағына жəне 

түсінігі. Алматы, 2000. – 476 бет.  

14.  

http://ar.wikipedia.org/wiki



 

 

 



 

АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ 

 

 

 

Тарақов Ə.С. 

   Аударма əлемі : оқу құралы. – Өңд., толықт. – 2 бас.  

- Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 332 б. 

ISВN 978-601-247-248-6 

 

Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті 

филология  факультеті  аударма  теориясы  кафедрасының 

профессоры,  филология  ғылымдарының  докторы,  Қазақ-

стан  Жазушылар  жəне  Журналистер  одағының  мүшесі 

Ə.С.Тарақовтың  «Аударма  əлемі»  аударма  теориясы, 

аударматану  саласындағы  зерттеу  тəжірибесі  мен  ой-

пайымдауларына негізделген танымды, жаңа оқу құралы. 

Автор  біраз  жылғы  теориялық  əрі  тəжірибелік  ізденісін 

қорытындылап,  аударманың  жазбаша  түрлеріне,  техни-

касына,  тəсілдеріне,  құрылымдық  сипатына  тоқталған. 

Шетел  жəне  ТМД  елдері  аударма  зерттеушілерінің  ой-

пікірлерін талдап, салыстыра сараптаған. Аударма мəсе-

лесін  лингвистика,  салыстырмалы  стилистика,  əдебиет-

тану, эстетика, логика пəндерімен сабақтастықта сара-

лаған.  Көркем  аударманың  жанрлық  түрлері,  тектері 

бойынша  проза,  драматургия,  поэзия  аудармасын  тал-

даған. Оқу құралы қайта редакцияланып, толықтырылып, 

жүйеленген.  Тың  тақырыптар  қамтылған.  Аударма  тео-

риясын  түрлі  мысалдармен  дəлеледеп,  тұжырымдаған. 

Кітап «Аударма ісі негіздері жəне стилистика», «Поэзия 

мəтіндерін  тəржімалау», «Аударма  шығармаларын  тал-

дау жəне редакциялау» пəндерін негізге алған. 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                         17 

 

 

 



 

АБАЙТАНУ ТАРИХЫНАН 



                                       

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С. Сейфуллин 

ИБРАҺИМ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (АБАЙ) (1845 -1904 жж.) 

Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.  

Ақынның балалық шағы. Орыс əдебиетімен танысуы. Араб, парсы əдебиетін білуі. 

 Ақынның эстетикалық нысанасы мен шеберлігі. Ақын шығармашылығының маңызы. 

Тірек сөздер: Абай, өмір, шығармашылық, орыс əдебиеті, араб, парсы əдебиеті, ақындық нысана, шеберлік. 

 

С. Сейфуллин 



ИБРАҺИМ КУНАНБАЙУЛЫ (АБАЙ) (1845 -1904 гг.) 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Жизнь и творчество Абая. Детство поэта.  

Знакомство с русской литературой. Знание арабской, персидской литературы.  

Эстетические идеалы и поэтическое мастерство поэта. Значение творчества поэта. 

Ключевые слова: Абай, жизнь, творчество, литература, русская, арабская,  

персидская, эстетические идеалы, поэтика, мастерство. 

 

S. Seifullin 

IBRAGIM KUNANBAEV(ABAI) (1845 -1904) 

Abstract. The issues dealt in this article. Life and work of Аbai. Childhood of poet. Acquaintance with Russian 

literature. Knowledge of Arabic, Persian literature. Aesthetic ideals and poetic mastery of poet. Value of poet’s work. 

Keywords: Аbai, life, work, literature, Russian, Arabic, Persian, aesthetic ideals, poetics, mastery. 

 

АҚЫННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ 



 

Абай – Арғын Тобықты руынан, 1845 жылы 

Шыңғыс  тауында  туды.  Абайдың  шын  аты 

Ибраһим. Қазақ əдеті бойынша шешесінің ерке-

летіп  қойған  Абай  атын  толық  атап  кеткен-

діктен біз де Абай дейміз. 

Абайдың əке тұқымы – Тобықтыға басшы би 

болған, бай жуан ата. Үлкен атасы Ырғызбай да 

əрі батыр, əрі жуан би болып елді аузына қара-

тып  өткен  кісі.  Осы  Шыңғыс  тауы  қонысқа 

лайық, малға жайлы жер деп орын қылған кісі. 

Онан соңғы атасы Өскенбай би, Абайдың өз 

əкесі  Құнанбай – жұртты  аузына  қаратқан,  ел 

билеген  ақсүйек  байлар  табының  өз  елінде  кө-

семі болған азулы би байы. 

Өз тұсында қазақ арасында мұсылмандықты 

жайып, дін, шариғаттың орнауына мықты еңбек 

сіңірген діншіл кісі болған. 

Заманында өз табы – (өзі үшін) діннің мық-

ты  құрал  екендігін  мықтап  түсініп,  ел  арасына 

діннің тамырлап, тарауына арнап еңбек сіңірген. 

Құнанбай,  өзге  жұрт  баласын  орыстан  қа-

шырып  тығып  жүргенде,  өз  баласын  орыс  мек-

тебіне беріп, орысша оқытқан. 

Абайдың  шешесі – қазақ  ортасында  елді 

күлдіргі,  қалжыңымен  сөгіп,  шешендікпен  атақ 

алған əйгілі Қантай, Тонтаймен туысқан Тұрған-

ның қызы. Абайдың шешесі өзінің тұқымдарын-

дай от ауызды – əрі бай, əрі жуан би, той-думан 

арылмайтын,  ақын,  жыршы,  шешен,  би  кетпей-

тін ауыл болған. 

 

Атадан ұл туси геді,  



Ата жолын қуси геді... 

 



 

деген  ескі  нақыл  бойынша  Абай  жас  шағынан-

ақ  сөз  тыңдап,  сөзге  үйір  боп  өсе  бастайды. 

Осындай қожа, молдалар, билер, ақындар кетпе-

ген ортада тəрбие алады. 

Абайды ақындыққа ыңғайланған жағдайдың 

бірі  осы  сияқты.  Он  жастан  он  екі  жасқа  дейін 


18                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

ауылда  мұсылманша  оқып,  сауатын  ашып  қана 

қоймай білімін кеңіте береді. Он үш жасқа шы-

ғарда Семейде молда Ризəнің медресесінде оқи-

ды.  Медреседе  оқып  жүріп  Приходский  школі-

нен орысша оқып, 14 жасында сабақтан шығады. 

15 жасында балалықты былай қойып, үлкен-

дер  қатарында  жұмыс  атқаруға  кіріседі.  Өз 

тұсында ақылды, саналы, зерделі, шешен, көсем 

жігіт болып ел билігіне араласады. 

20  жасында  Абай  халық  ортасында  маңдай 

алды шешен болады. Орақ ауызды, от тілді кісі 

атанады. 

Абай  жасынан-ақ,  қазақтың  бұрынғы  салтын, 

қалпын,  əдет-ғұрпын,  дəстүрін,  ескі  сөздерін, 

ескі  билердің  ережелі  тақпақтарын,  тапқыр, 

пішін сөздерін, биліктерін көп зерттеп, үйреніп, 

тексереді, көп оқиды. 

Ескі  мақал-мəтел,  қазақтың  өзінің  бұрынғы 

өткен билерінің нақыл мысал өрнек етіп айтқан 

сөздерін  көп  зерттеп  жаттайды.  Бұрынғының 

барлық шебер сөздерімен Абай өте жақсы таныс 

болып,  өзі  де  сондай  сөздерге  өмір  бойы  ма-

шықтанады. 

Абайды сөзге, сөз өнеріне, шешендікке бау-

лыған жағдайдың бəрі өмір бойындағы Абайды 

коршаған – жуан  көсем  бидің,  ірі  байдың 

ауылы. Абай араб, парсы, түрік тілдеріндегі əде-

биеттерді еркін оқып түсінетін болды. Заманын-

да  арабшаны,  парсышаны,  түрікшені  Абайдан 

артық  білетін  ешкім  болмайды.  Шала,  шапты 

оқып, шариғат айтып, мал тауып жүрген дүмше 

молдалар Абай отырған жерде қысылып, сеске-

ніп, сөйлей алмайтын болады. 

Абай  əлгі  тілдерді  жақсы  білгеннің  арқа-

сында əдебиетін де көп оқитын болады. Сөйтіп, 

араб,  парсы,  түрік  əдебиеттерімен  де  əжептəуір 

таныс болады. 

Абайдың  əдебиетке  жақындауына  бұлар  да 

көп себеп болады. 

Абай 14 жасында-ақ  құрбы-құрдастарына 

арнап  тəлкек,  сықақ  өлеңдер  жаза  бастаған. 

Құрбылары  Абайдың  өлеңдерін  жаттап  алып, 

елге  жайып  жіберетін  болған.  Өлеңдері  сол 

кезде  мəнді,  дəмді  болған.  Бірақ  Абай  өзін-өзі 

ақынмын  деп  санамаған,  өзі  жуан  атаның 

баласы болған соң, «кедейлер істейтін ақындық 

кəсібін  кəсіп  етіп»,  өзін-өзі  ақын  деп  санамай, 

бері  таман  келгенше  оның  соңына  түсуге 

арланатын болған. 

Ол  кезде  қазақ  ортасында  ақындықтың  қа-

дірі  де  шамалы  болатын.  Ақындық  кəсіп  еткен 

кісіге  жоқшылықтан  істеген  кəсіп  есебінде 

болатын. 

 

АБАЙДЫҢ ОРЫСТЫҢ, БАСҚА ЕЛДІҢ 



ЖАЗУШЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУЫ 

 

Абайдың  бойындағы  қайнап  жатқан  қуат, 



зердесінің  жарыққа  шығып, «жалпыға»  жеміс 

болып  шашылуына  сол  замандағы  жер  ауып 

жүрген  орыс  халықшылары  көп  себепші  бола-

ды. «Орыс  əдебиеттеріменен  таныстырып,  өрі-

сімді  кеңейтіп,  көзімді  ашқан  жер  ауып  келген 

Михаэлис,  Маковецкий,  фольклор  жинаушы 

Гиролсс  деген  кісілер  болады», – дейді  екен 

Абайдың өзі. Шынында Абайдың сана-сезімінің 

ұлғайып,  өлеңді  өнер  деп  тануына,  өлеңнің 

соңына шұғыл түсуіне əлгі айтылған кісілер көп 

көмек  көрсетеді.  Орыстың  атақты  ақын-жазу-

шылары  Пушкин,  Некрасов,  Салтыков,  Толстой, 

Тургенев,  тағы  басқа  ақын,  жазушы,  сыншы-

ларымен  таныстырады.  Олардың  мұрат-мақсат-

тарының  қандай  болғандығымен  де  таныстыра-

ды.  Сондықтан  Абай  өле-өлгенінше: «Менің 

əкемнен  артық  жанашырлық  қылып  дүниеге 

көзімді ашқан Михаэлис еді», – деп айта беретін 

болған. 

Абай бала жасынан тырыстығының, зеректі-

гінің арқасында орыстың өте көп жазушылары-

ның  шығармаларын  оқып  шықты,  оқып  қана 

қоймай өзіне керектерін пайдаланды. 

Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың бір-

қатар  шығармаларын  қазақ  тіліне  ұғымды,  жа-

тық, əдемі ғып аударды. 

Кей  аудармаларының  көркемдігі  ана  ақын-

дардың түп сөздерінен кем болмаған. 

 

АБАЙДЫҢ ҚАРТАЙҒАНДАҒЫ БІР АРМАНЫ 



 

Абай елдің бар жұмысына қатынасты: болыс 

та, би де болды. Барлық елді өз аузына қаратып 

ескі  билерше  билеп  отырғысы  да  келді.  Бірақ 

Абайдың  табы – билер-феодалдар  табының 

əкімшілік дəуірі ол кезде өшкен еді. Сондықтан 

заман дегенін істетеді. Абайдың бір арманы осы 

болды.  Жас  кезінде  тереңнен  тексерерлік  ілім 

оқи алмады. Қартайған кезіндегі бір зор арманы 

осы  болды.  Бұл  туралы  Абай  мынадай  өлең 

шығарды: 

 

Жасымда гылым бар деп ескермедім,  

Пайдасын көре тұрып тексермедім.  

Ер жеткен соң түспеді уысыма,  

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 

 

Өзінің  өмірінің  үлгісін  есінен  алып,  бала-

ларының бəрін жастайынан оқуға берді, оқытты. 

Балалардың  оқып  білім  алғанын  өте  жақсы 

көрді. Бұл туралы: 

 

Адамның бір қызығы бала деген,  



Баланы оқытуды жек көрмедім.  

Баламды медресеге біл деп бердім,  

Қызмет қылсын, чин алсын деп бермедім, 

 



 

деген. 

Абайдың  балаларының  бəрі  де  оқымысты 

болған. 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          19 

 

 

 



АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢІ 

 

Абай өлеңді жазғанменен, құнттап жинамай-

тын  болған.  Жазған  өлеңдерін  ел  адамдары, 

өлеңші  жігіттер  жаттап  алып, елден  елге  тарат-

қан.  Абайдың  өлеңдері  халық  аузында  мақал-

мəтел орнына жұмсалып ардақталатын болған. 

Абай  өзінің  өлеңіне  қарағанда  үздік  жақсы 

екенін  түсініп,  халықтың  оншалық  бағалай 

қоймауына назаланып, мынадай өлең айтқан: 

 

Батырды айтсам, ел шарлап алған талап,  

Қызды айтсам, кызықты айтсам, қыздырмалап,  

Əншейін күн өткізбек əңгіме үшін,  

Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап. 

Ақыл сөзге ынтасыз жұрт шабандап,  

Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.  

Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,  

Жіберсем өкпелеме көп жамандап. 

 

Абай  өлеңді  өнер  деп  түсіне  бастаған  соң, 

өлеңге  қоятын  шартты  да  зор  деп,  қиын  деп 

түсінеді.  Өлең  жазу  екінің  бірінің  қолынан 

келмейді.  Екінің  бірі  жазған  дəлдубатпақ  өлең 

де болмайды. 

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,  



Қиыннан қиыстырар ер данасы.  

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,  

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...