А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы


Абай институтының хабаршысы

Loading...


Pdf көрінісі
бет17/20
Дата13.04.2020
өлшемі1.92 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 

Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                       79 

 

 

 



 

 

ҚОҒАМТАНУ



 

                                       

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б. Кəрібаев  

Т.И. СҰЛТАНОВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ

  

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Қазақ хандығының құрылуы мəселесінің тарихнамасы.  

Т.И. Сұлтанов мақаласы. Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттары мен себептері. Хандықтың 

құрылу хронологиясы. Қазақ хандарының шығу тегі туралы тұжырымдар. 

Тірек сөздер: Қазақ хандығы, алғышарттар, хронология, хан, шығу тегі. 

 

Б. Карибаев 

Т.И. СУЛТАНОВ И ВОПРОСЫ СОЗДАНИЯ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Историография проблематики создания  

Казахского ханства. Статья Т.И. Султанова. Политические предпосылки и причины создания Казахского 

ханства. Хронология создания ханства. Концепции о происхождении казахских ханов. 

Ключевые слова: Казахское ханство, предпосылки, хронология, хан, происхождение. 

 

B. Karibaev 

Т.I. SULTANOV AND QUESTIONS OF CREATION OF THE KAZAKH KHANATE 

Abstract. The issues dealt in this article.  A historiography of problematics of the Kazakh khanate creation.  

The article of  T.I. Sultanov. Political preconditions and the reasons of the Kazakh khanate creation. Chronology of 

khanate creation. Concepts about an origin of the Kazakh khans. 

Keywords: the Kazakh khanate, preconditions, chronology, the khan, origin. 

 

Кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихында-

ғы аса маңызды жəне өзекті мəселелердің біріне 

Қазақ  хандығының  құрылуы  тақырыбы  жата-

тындығы  белгілі.  Мəселенің  тарих  ғылымында 

алғаш  көтеріле  бастағанына  бір  жарым  ғасыр-

дай  уақыт  өтті.  Сол  кезден  бері  əрбір  тарихи 

кезеңде өмір сүріп  мəселемен тікелей айналыс-

қан  зерттеушілер  тақырыпты  жан-жақты  қарас-

тырады. Олар мəселенің  əртүрлі аспектілерін өз 

еңбектерінде  жан-жақты  талдап,  кейбір  түйінді 

мəселелерді күн тəртібіне қоя бастайды. Қазіргі 

күнде  мəселенің  жеке  өзіндік  тарихнамасы 

қалыптасқан. Оның өзін  шартты түрде хроноло-

гиялық тұрғыда бірнеше кезеңге бөлуге болады. 

Оның алғашқы кезеңіне – XIX ғасырдың 60-жыл-

дарынан XX ғасырдың 20-жылдарының  соңына  

дейінгі  зерттеулер  жатса, XX ғасырдың 30-40 

жылдарындағы  зерттеулер  тарихнаманың  екін-

ші кезеңін құрайды. Ал осы ғасырдың 50-80-ші 

жылдарындағы  тарихшыларымыздың  бұл  мəсе-

леге  қатысты  зерттеулеріндегі  тұжырымдары 

мен  ой-пікірлерін  тарихнаманың  үшінші  ке-

зеңіне жатқызамыз. Тəуелсіздік алған 1991 жыл-

дан  қазіргі  күндерге  дейінгі  Қазақ  хандығының 

құрылуына  қатысты  зерттеу  жұмыстары  тарих-

наманың  соңғы  немесе  төртінші  кезеңіне  жа-

тады. 


Сөз етіп отырған мəселені тарихнаманың  əр 

кезеңінде  тарихшылардың  жекелеген  өкілдері 

арнайы қарастырып, зерттеу ісін алға қарай жыл-

жытады, мəселенің зерттелуіне өзіндік үлестерін 

қосады.  В.В.  Вельяминов-Зернов,  И.  Крафт, 

Н.А.  Аристов,  М.  Тынышпаев,  Ш.  Құдайберді-

ұлы, А.П. Чулошников, С. Асфендияров, М. Вят-

кин  сынды  тарихшылар  өз  еңбектерінде  Қазақ 

хандығының  құрылуы  жөнінде  ой-пікірлер  ай-

тып,  мəселенің  зерттелу  тарихының  алғашқы 

жəне  екінші  кезеңдеріне  негіз  қалайды.  Ал 


80                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

тарихнаманың  үшінші  жəне  төртінші  кезең-

дерінде А.А. Семенов, С.К. Ибрагимов, П.П. Ива-

нов, Б.А. Ахмедов, В.П. Юдин, К.А. Пищулина, 

З.  Қинаятұлы  жəне  тағы  басқа  ғалымдар  мə-

селені  зерттеуде  өзіндік  үлес  қосады.  Осы 

үшінші  жəне  төртінші  кезеңдердегі  зерттеуші-

лер  арасында  Қазақ  хандығының  құрылу  мəсе-

лесімен  өте  терең  айналысып,  оның  əртүрлі 

қырларын  жаңадан  қарастырған  жəне  жалпы 

мəселені  бірнеше саты жоғары деңгейге көтер-

ген зерттеушілердің қатарында – өзіміздің жер-

лесіміз,  Санкт-Петербург  Мемлекеттік  универ-

ситетінің  Орталық  Азия  жəне  Кавказ  халық-

тарының  тарихы  кафедрасының  меңгерушісі, 

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Ре-

сей  Ғылым  Академиясының  корреспондент-

мүшесі,  кейінгі  ортағасырлардағы  Қазақстан 

тарихының  ірі  маманы  Тұрсын  Икрамұлы 

Сұлтановтың (1940 жылы туылған) есімі ерекше 

аталады.    

Қазіргі  күндерде  XІІІ-ХVІІI  ғасырлардағы 

Қазақстан тарихының көрнекті зерттеушілерінің 

біріне  айналып  отырған  Т.И.  Сұлтанов  өзінің 

алғашқы ғылыми-зерттеу ізденістерін біз қарас-

тырып отырған мəселенің үшінші тарихнамалық 

кезеңінде  бастайды.  Оның 1971 жылы  көлемі 

жағынан өте қысқа болса да, мазмұны жағынан 

терең «Некоторые замечания о начале казахской 

государственности»  атты  ғылыми  мақаласында 

Қазақ  хандығының    алғашқы  кезеңінің,  яғни 

құрылу  тарихының  мəселелері  қозғалады.  Ға-

лымның  дəлелдеп көрсетуі бойынша Керей мен 

Жəнібектің «көшпелі өзбектерден» бөлініп кетуі  

Өзбек  Ұлысындағы  ішкі  қайшылықтардың 

шиеленісуі  мен  Əбілқайыр  хан  билігінің  ең 

əлсіреген кезеңіндегі біршама дербес сұлтандар 

қарсылығының  түрі  болған  жəне  ол  қарсылық  

қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу барысындағы 

оқиғалар  тізбегінің  ең  маңыздысына,  сондай-ақ 

жаңа  саяси  құрылым  атауының  анықталуында 

ерекше  рөл  атқарған.  Одан  əрі  Т.И.  Сұлтанов 

Керей мен Жəнібек сұлтандардың бөлінуінің се-

бептеріне көңіл аударып, əлеуметтік-экономика-

лық себептерге ерекше көңіл қояды. Оның пікірі 

бойынша,  Əбілқайыр  ханның  көшпелі  тайпа-

ларды  қанауының  күшеюі,  соған  байланысты  

жергілікті  тұрғындардың  əлеуметтік  жағдайы 

күрт  нашарлап  кетеді  де,  олар  көрші  елдерге 

көшіп  кетуге  мəжбүр  болады.  Əбілқайыр  ханға 

наразы Жошылық сұлтандар: Керей мен Жəнібек 

өздерінің əлеуметтік мүдделеріне сай, бөлінудің 

басында тұрады.  

Осы мақаласында Т.И. Сұлтанов моғол ханы 

Есенбұғаның  көшіп  келушілерді  жылы  қабыл-

дауының  бірнеше  себептерін  көрсетеді.  Бірінші 

себепке  солтүстіктегі  көшпелі  тайпалардың 

жорықтарына тоқтауыл қоюға Есенбұға ханның 

мүмкіншілігі  болмауы  жатады.  Екінші  себепке 

көшіп  келушілер  арқылы  өз  иелігінің  батыс 

шекараларын ағасы Жүністен қорғауы, ал келесі 

себепке көрші елдегі билеушінің қарсыласын  өз 

жағына тарту арқылы оларды қажет кезінде сол 

елге  қарсы  қолдануға  ұмтылуы  жатады.  Осы-

лайша, Т.И. Сұлтанов осы кішігірім жұмысында 

Қазақ  хандығының  құрылуының  саяси  алғы-

шарттары  мен  себептерін  ашып  көрсетуге 

тырысады.  Оның  бұл  тұжырымдары  кейіннен 

зерттеушінің  басқа  еңбектерінде  кеңінен  қарас-

тырылады. 

Т.И. Сұлтановтың назарынан хандықтың құ-

рылған  жылы  жөніндегі  мəселе  де  тыс  қалмай-

ды.  Ол  Əбілқайыр  ханның  соңғы  жорығы  мен 

оның  осы  жорық  барысында  қайтыс  болғанын 

негізге  ала  отыра, Керей  мен  Жəнібектің  Өзбек 

Ұлысына  қайтып  келгенін,  ондағы  жоғарғы 

билікті тартып алғанын айтады. Олардың Дешті 

Қыпшақ  аумағындағы  саяси  билікке  келген 

кезімен  хандықтың  құрылуы  аяқталады  деген 

тұжырымды  ол  алғаш  рет  алға  тартады.  Оның 

пікірінше, қазақ мемлекеттілігінің басталуы ХV 

ғасырдың 70-жылдарының  басына  сай  келеді. 

Сонымен  бірге  Керей  мен  Жəнібектің  жəне 

олардың  жақтастарының    «қазақ»  сөзін  Шығыс 

Дешті Қыпшақ аумағына ала келгенін айтады. 

1982  жылғы  монографиясының  қосымша-

сында  ол  Қазақ  хандығының  құрылған  жылы 

туралы  мəселеге  тоқтап,  оны 1470-71 жылдары 

болған  деп  санайды.  Ол  мұндай  тұжырымға 

негіз  етіп  мынадай  тарихи  фактілерді  ұсынады. 

Дулати  мəліметі  бойынша  Есенбұға  ханның 

қайтыс болған жылы нақты белгілі, ол – 1461/62 

жыл,  олай  болса  Керей  мен  Жəнібектің  Моғол-

станға келуі моғол ханының тірі кезінде жүзеге 

асқан.  Ол  осы  пікірі  арқылы  Қазақ  хандығы 

1456  жылы  құрылған  деген  басқа  тарихшылар-

дың тұжырымдарын теріске шығарады.  

Т.И.  Сұлтанов  өзінің  осы  пікірлерін  еш 

өзгертпей, қазіргі кездердегі зерттеулерінде оны 

тереңдетіп  жəне    кең  түрде  қарастыруда.  Ол 

С.Г.  Кляшторныймен  бірігіп  жəне  де  жеке  өзі 

жазған  бірнеше  монографиялары  мен  оқулық-

тарында  ХІІІ-ХVІІ  ғасырлардағы  Қазақстан  та-

рихының  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жəне 

мəдени-рухани мəселелеріне терең көңіл бөледі. 

Т.И. Сұлтанов осы зерттеулерінде Қазақ ханды-

ғының құрылуы тарихы мен оған қатысты мəсе-

лелерге  ерекше  назар  аударып,  оларды  жеке, 

арнайы  түрде  қарастырады.  Қазақ  хандарының 

шығу  тегі,  алғашқы  қазақ  хандары,  Қазақ  хан-

дығының құрылуына қатысты жазба деректерге 

сипаттама, хандықтың құрылуы жөніндегі пікір-

лерге талдау, хандықтың құрылуының саяси ал-

ғышарттары,  Керей  мен  Жəнібектің  Əбілқайыр 

ханнан  бөлінуінің  маңызы  мен  салдарлары, 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        81 

 

 

 



хандықтың  құрылуы  барысындағы  оқиғалар, 

хандықтың құрылған жылы, «қазақ» сөзінің мə-

ні  туралы  мəселелер  Т.И.  Сұлтанов  зерттеуінде 

басты тақырыптар болып саналады.  

Т.И.  Сұлтанов  қазақ  хандарының  шығу  тегі 

мəселесіндегі  екі  тұжырымға  негіз  болған  дерек-

терді  топтастыра,  олардың  мəліметтерін  салыс-

тыра  отыра  мынадай  қорытындыға  келеді.  Жо-

шы ханның кіші ұлдарының бірі – Тұқай Темір 

жəне  оның  ұрпақтары  Батыйдың  кезінен  бері 

солтүстік  Кавказ,  Хажы  Тархан,  Қырым,  Маң-

ғышлақ  аймақтарында  билік  құрған.  Ал  Жошы 

ханның үлкен Орда Ежен жəне оның ұрпақтары 

болса,  ХІІІ  ғасырдың  екінші  ширегінен  ХV 

ғасырға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында 

хандық билікте болған. Қазақ хандарының арғы 

атасы    Орыс  хан – Орда  Ежен  ұрпағы  болып 

саналады.  Оның  бұл  пікірі  қазіргі  кездегі  қазақ 

хандарының шығу тегі мəселесі бойынша үстем 

пікірлердің біріне айналып отыр.  

Өткен  ғасырдың 20-жылдары  М.  Тыныш-

паев  бұл  мəселеге  арнайы назар  аударып, қазақ 

хандарының  шығу  тегі  Орда  Еженнен  бастау 

алады  деген  пікірді  Жошыдан  Орыс  ханға 

дейінгі  ұрпақ  буындарын  салыстыру  арқылы 

айтқан  болатын.  Бұл  тұжырымның  Қазақ 

хандығының  тарихы  үшін  қандай  маңызы  бар 

деген  сауалға,  біз  ХІІІ  ғасырдың  басында  Орда 

Ежен  ұлысының  негізін  қалаған  Орда  Ежен 

жəне  оның  ұрпақтарының  Шығыс  Дешті  Қып-

шақтағы билігінің үзілмеген жəне ұлттық сипат-

тағы  Қазақ  хандығының  алғашқы  хандары – 

Керей  мен  Жəнібек  хандардың  осы  əулет  билі-

гінің жалғастырушылары деп жауап береміз.  

Т.И.  Сұлтановтың  тағы  бір  ерекше  назар 

аударған  мəселесіне  Қазақ  хандығының  құры-

луының  саяси  алғышарттары  мəселесі  жатады. 

Ол  ХV  ғасырдың  І  жартысындағы  «Көшпелі 

өзбектер»  мемлекеті  мен  Есенбұға  ханның  би-

лігі тұсындағы Моғолстаның ішкі саяси жағдай-

ларындағы қалыптасқан саяси ахуалдарды зерт-

тей келе, олар  Керей мен Жəнібектің бөлінуіне 

өте  тиімді  болды  деген  қорытындыға  келеді. 

Оның  бұл  қорытындысы  Қазақ  хандығының 

құрылуы  тарихи  дамудың  заңды  нəтижесінде 

жүзеге асқандығын көрсетеді. 

Хандықтың құрылған жылын Т.И. Сұлтанов 

өз  зерттеуінде  арнайы  мəселе  ретінде  қарас-

тырады.  Оның  көрсетуі  бойынша  Керей  мен 

Жəнібектің бөлініп кетуі жəне олардың өздеріне 

бағынышты  ру-тайпалармен  Моғолстанның  ба-

тыс  өңіріне  көшіп  келуі 1459-1460 жылдары  

болған; 1468-1469 жылдары  Əбілқайыр  хан 

қайтыс  болғаннан  кейін  көптеген  тайпалардың 

Керей  мен  Жəнібекке  қосылуы  нəтижесінде  олар 

күшейе бастайды; ал 1470-1471 жылдар  – Қазақ 

хандығының құрылуының аяқталған  жылдары.  

Т.И.  Сұлтанов  Қазақ  хандығының  құрылған 

уақыты  жөнінде  өзінің 1971 жылғы  мақала-

сында  айтқан  ойларын  тағы  да  қайталап,  бұл 

жерде оны кең түрде негіздейді. 1459-1460 жы-

лдарды –  бөлінген  жылдар, ал 1470-1471 жыл-

дарды хандықтың құрылуының аяқталған  жыл-

дары  деп  көрсетіп,  осы  екі  оқиғаны  Қазақ 

хандығының  құрылу  барысындағы  маңызды 

оқиғалар  қатарына  жатқызады  да,  оларды  бір 

тарихи желідегі оқиғалар деп санайды. Ғалымның 

бұл  пікірлері  Қазақ  хандығының  құрылуының 

тарихнамасындағы  жаңа  əрі  тың  пікір  болып 

саналады.  Біз  Т.И.  Сұлтановтың  осы  пікірлерін 

негізге  ала  отырып,  хандықтың  құрылуы  бары-

сы  бірнеше  сатыдан  тұратын  тарихи  процес 

ретінде  қарастырамыз.  Ол  тарихи  процестің 

басында Керей мен Жəнібектің Моғолстанға кө-

шіп келуі тұр. Осы оқиғамен Қазақ хандығының 

құрылуы процесі басталады.  

Біздің  ойымызша,  Т.И.  Сұлтановтың  Керей 

мен  Жəнібектің  Əбілқайыр  ханнан  бөлінген 

жылын  көрсетуде  сəл  дəлсіздік  бар  секілді. 

Белгілі шығыстанушы ғалымның бөлінуді 1459-

1460  жылдары  болған  деп  көрсетуі  біршама 

шындыққа  сай  келеді,  бірақ  өте  дəл,  анық  дей 

алмаймыз.  Біз  осыған  қатысты  жазба  дерек 

мəліметтерін  Керей  мен  Жəнібектің  Əбілқайыр 

ханнан бөлінуіне байланыстырып арнайы қарас-

тырғандықтан,  осы  жерде  оған  тоқтала    кетуді 

жөн көріп отырмыз.  

Ғалымның Керей мен Жəнібектің Əбілқайыр 

ханнан бөлінуі мен олардың Моғолстанға келуі-

нің мерзімін 1459-1460 жылдар деп көрсетуінің 

негізіне темірлік Əбу Сайд мырзаның 863 (1458 

/59)  жылы  Хорасанды  алуы  мен  Жүніс  ханды 

Шираздан  алдыртуы,  сондай-ақ  Жүніс  пен 

Есенбұға  арасында 1,5-2 жылға  созылған  күрес 

алынып  отыр.  Енді  осы  жерде  сол  жылдардағы 

тарихи оқиғалардың датасын нақтылап көрелік. 

Абд-ар-Раззак Самаркандидың деректеріне сүйе-

ніп,  Б.А.  Ахмедов 1452-1457 жылдары  Гератты 

билеген  Əбіл-Қасым  Бабырдың 1457 жылы 21 

ақпанда  қайтыс  болып,  Ала  ад-Дауланың  ұлы 

Ибрагим  мырзаның  бірнеше  талпыныстардан 

соң 1457 жылы  қыркүйекте  Хорасан  астанасын 

алғандығын, Əбу Сайд мырзаның Əмударияның 

сол  жағында  Ибрагим  мырзаны  жеңіп,  алғаш 

рет 1457 жылдың 2 қазанында  ұрыссыз  Герат-

тың  Қыпшақ  қақпасы  арқылы  қалаға  салта-

натпен  кіргенін  айтады.  Көп  ұзамай  Балхта 

Абдаллахтың  ұлдары – Мұхаммед  Жөкі  мен 

Ахмед  мырза  көтеріліс  жасайды  да,  Əбу  Сайд 

мырза  Гераттан  Балхқа  аттанып  кетеді.  Кө-

терілісті  тұншықтырып,  Əбу  Сайд  Балхты  ба-

сып алады да, Гератқа да, Самарқанға да қайтып 

оралмай,  сонда  қыстап  қалады.  Гераттың  иесіз 

қалғанын  көрген  Ибрагим  мырза  тез  арада 



82                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

Гератты  қайта  иеленеді.  Осы  кезде  Ибрагим 

мырзаның  əкесі  Ала  ад-Даула  қайтадан  пайда 

болып, баласы əкесіне 1458 жылдың 23 сəуірінде 

Герат  тағын  ұсынады. 1458 жылдың  қазанының 

ортасында  Қарақойлы  əулетінің  басшысы 

Жаханшахтың  Гератқа  төніп  келуіне  байла-

нысты  Ала  ад-Даула  қаланы  тастап  кетуге 

мəжбүр болады. 1 қарашада Жаханшах Гератты 

соғыссыз  алады.  Бірақ  оның  тылында  өте  қиын 

жағдайдың  қалыптасуына  байланысты,  ол 

Гератқа  беттеген  Əбу  Сайд  мырзамен  бейбіт 

келісімге  келеді  де,  Хорасанды  тастап  кейін 

оралады. Ал Əбу Сайд мырза болса, 1458 жыл-

дың 16 желтоқсанында  екінші  рет,  бұл  жолы 

түпкілікті  түрде  Гератты  иемденеді.  Дерек 

мəліметінен  көріп  отырғанымыздай,  Əбу  Сайд 

мырза Хорасан астанасы Гератты екі рет иелен-

ген.  Алғаш  рет 1457 жылдың 2 қазанында,  ал 

түпкілікті  түрде 1458 жылдың 16 желтоқса-

нында  иеленеді.  Екі  дата  арасында 14,5 ай  бар. 

Осы  уақыт  ішінде  аймақтағы  саяси  даму 

барысында  көп  өзгерістер  болатындықтан,  біз 

үшін  Əбу  Сайд  мырзаның  Жүністі  Шираздан 

алдыртқан жылын анықтау өте маңызды. Біздің 

ойымызша, Əбу Сайд мырза Жүністі 1457 жыл-

дың  қазан  айында  шақыртып,  сол  айда  Моғол-

стан  жаққа  жіберген.  Ал  Т.И.  Сұлтанов  болса, 

Жүністі Шираз жақтан алдыртқан уақытқа 1458 

жылдың 16 желтоқсанынан  кейінгі  күндерді 

жатқызады.  Одан  кейін  Т.И.  Сұлтанов  Жүніс 

хан мен Есенбұға хан арасында кем дегенде бір 

жарым-екі  жылдай  күрес  болған  деп  есептейді. 

Жүніс  пен  Есенбұға хандар  арасындағы  алғашқы 

шайқас 1458 жылдың  жаз  айларының  соңында 

болып,  осы  шайқасқа  Есенбұға  ханмен  бірігіп 

қатысқан  əмір  Сайд  Əлінің  көп  ұзамай 1458 

жылдың  қыркүйек-қазан  айларының  бірінде 

жасы  келіп  қайтыс  болғаны  белгілі.  Сондай-ақ 

Əбілқайыр хан мен Үз Темір тайшы арасындағы 

шайқастың 1457 жылы  болғанын,  Əбілқайыр 

ханның  өзіне  қолдау  көрсетпегендерді  жаза-

лауға кіріскенін ескере келе, Керей мен Жəнібек 

хандардың Əбілқайыр ханнан бөлінуі 1457 жыл-

дың  күз  айларының  соңында  болған  дейміз.  

Т.И.  Сұлтанов  Əбу  Сайд  мырзаның  Жүністі 

Шираздан  шақыртуын 1458 жылдың  желтоқса-

нында  болған  деп  жəне  осы  датаны  негізге 

алып, Керей мен Жəнібектің бөлінуі мен Моғол-

станға  келуін  бір  жарым  жылдай  уақытқа  кеш 

көрсетіп отыр. Осы датадан өзге ғалымның басқа 

тұжырымдарының бəрі шындыққа сай келеді.  

«Қазақ» сөзінің пайда болуы, оның мəні мен 

мазмұны  жөнінде  Т.И.  Сұлтанов  ең  бір  дұрыс 

тұжырымды  қостайды  жəне  ол  тұжырымды 

одан  əрі  тереңдетіп  негіздейді.  Оның  дəлелдеп 

көрсетуі  бойынша,  ХV  ғасырдың  ортасына 

дейін  «қазақ»  сөзі  тек  əлеуметтік  мəнге  ие 

болып,  жазба  дерек  мəліметтерінде  осы  мəнде 

қолданылып  отырған.  Əлеуметтік  мəндегі 

«қазақ» термині таза этникалық мəнге ауысқан-

ға  дейін  бірнеше  рет  мəнін  өзгерткен.  Соған 

сəйкес  атаудың  мазмұны  да  өзгерістерге  ұшырап 

отырғанын  Т.И.  Сұлтанов  нақты  шығыс  жазба 

деректерінің  мəліметтеріне  сүйеніп  дəлелдеп 

береді. XIII – XIV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ 

аумағындағы  этникалық,  саяси,  мəдени-рухани 

дамулар  барысында  бұл  атау  өзінің  алғашқы 

мəнінен  уақытша  саяси-əлеуметтік  мəнге  ауы-

сады.  Одан  кейін    Керей  мен  Жəнібектің  өз 

жақтастарымен  Жетісу  жеріне  көшіп  келуімен, 

«қазақ»  сөзі  саяси-этникалық  мəнге  өзгереді. 

«Тарих-и  Рашидиде»  Керей  мен  Жəнібектің 

Жетісу жеріндегі жақтастарын «өзбек-қазақтар» 

айтылуы соның айғағы. Бұл «өзбек-қазақ» деген 

атаудың мазмұнына «көшпелі өзбектер» ұлысы-

нан  бөлініп,  Жетісуға  қоныс  аударған  Керей 

мен  Жəнібек  хандарды  қолдаушы  ру-тайпалар-

дың  бірлестігі  жатады.  Жетісуға  қоныс  аудару 

саяси жағдайға байланысты болғандықтан көшіп 

келушілер атауында саяси мəн пайда болады. Ал 

Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағына  Қазақ  ханды-

ғының билігі толық орнап, ондағы ру-тайпалар-

дың бəрі Қазақ хандығының билігіне енгізілген-

нен  кейін, «қазақ»  сөзі  толығымен  этникалық 

мəнде айтыла бастаған. Ғалымның бұл тұжырым-

дары  біздің  ойымызша,  ұзақ  уақыттардан  бері 

түйіні шешілмей келе жатқан мəселенің түйінін 

босатқан,  талайлардың  басын  қатырған  сұраққа 

ғылыми жауап болып табылады деп санаймыз.  

Жалпы,  Т.И.  Сұлтановтың  Қазақ  хандығы-

ның құрылу тарихына қатысты жасаған ғылыми 

тұжырымдары мен ой-пікірлерін жинақтай келе, 

мынадай тұжырымдарға келеміз.  

Біріншіден, ғалымның өзіне дейінгі зерттеу-

шілерден  айырмашылығы  сонда,  ол  Қазақ  хан-

дығының  құрылу  тарихымен  жанама  түрде 

емес, тікелей, арнайы түрде айналысады. Соның 

нəтижесінде ол кейбір зерттеушілер секілді өзі-

не  дейінгі  тарихшылардың  пікірлерін  қайталау-

мен  шектелмей,  мəселеге  қатысты  жаңа  тың 

ойлар  айтады  жəне  оларды  нақты  деректерге 

сүйеніп  негіздейді.  Солардың  біріне  Қазақ  хан-

дығының  құрылған  жылына  қатысты  жасаған 

пікірлері жатады.  

Екіншіден, оның жасаған ғылыми тұжырым-

дары мен айтқан ой-пікірлері  жалпы мəселенің 

зерттелуінің  бірнеше  қадам  алға  жылжыған-

дығын  көрсетеді.  Мəселен,  қазақ  хандарының 

шығу тегі жөніндегі талдаулары, алғашқы қазақ 

хандарының  тарихи  рөлдері  туралы,  Қазақ  хан-

дығының құрылуына қатысты жазба деректерге 

берген  сипаттамасы,  хандықтың  құрылуы  жөнін-

дегі  пікірлерге  талдауы,  хандықтың  құрылуы-



Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        83

 

 

 

 

ның  саяси  алғышарттарын  қарастыруы,  Керей 



мен  Жəнібектің  Əбілқайыр  ханнан  бөлінуінің 

маңызы  мен  салдарлары  нақтылап  көрсетуі, 

хандықтың  құрылуы  барысындағы  оқиғаларға 

ерекше  назар  аударуы,  хандықтың  құрылған 

жылы туралы өзіндік ойларын негіздеуі, «қазақ» 

сөзінің  мəні  мен  мазмұны  туралы  жасаған 

тұжырымдары  танымдық  жағынан  да,  ғылыми 

жағынан да ерекше болып саналады. 

Үшіншіден,  оның  осы  мəселе  бойынша 

жасаған  жекелеген  кейбір  пікірлері  тарихнама 

үшін əрі тың, əрі жаңа болып есептеледі. Егерде 

оған  дейінгі  тарихшылардың  бəрі  Қазақ  ханды-

ғының құрылған жылын тек Керей мен Жəнібек 

хандардың  Əбілқайыр  ханнан  бөлініп,  Жетісу-

дың батыс бөлігіне  көшіп келген мезгілімен бір 

уақытта  болған  деп  есептесе,  Т.И.  Сұлтанов 

хандықтың  құрылуын  басталуы  мен  аяқталуы 

бар  жəне  он  шақты  жылға  созылған  тарихи 

процесс  ретінде  қарастырады.  Оның  бұл  пікірі 

тың əрі жаңа пікір болып саналады.   

Сөйтіп  жалпы  алғанда,  біз  қазіргі  кезеңде 

Т.И.  Сұлтановты  Қазақ  хандығының  құрылу 

тарихымен  айналысатын  зерттеушілер  ішінде 

көшбасшылар қатарына жатады деп есептейміз.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...