А. А. Какимова «Есеп және қаржы»


Акциздер. Төлеушілер. Объектілері



бет6/8
Дата10.09.2017
өлшемі429 Kb.
#19932
1   2   3   4   5   6   7   8

Акциздер. Төлеушілер. Объектілері


  • Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу.

  • Акциз бойынша бюджетпен есептесу тәртібі.

    Акциз салығы тауардың кейбір түрлеріне салынады. Оны төлеушілер болып акциздік тауарды өндіруші, импорттаушы, бөлшек және көтерме саудасын жүргізуші заңды және жеке тұлғалар табылады.

    Акциз салығының ставкасы тауардың физикалық көлеміне ҚР Үкіметімен бекітіледі, және барлық территорияда әрекет етеді.

    Акциз бойынша салық мерзімі болып күнтізбелік ай табылады.

    Акциз бойынша төлем уақыты ұзартылмайды.



    12-тақырып: Арнаулы салық режимі (АСР).

    Мақсаты: студенттерді арнаулы салық режимінің мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

    Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

    1. Арнаулы салық режим түсінігі, түрлері.

    2. Патент негізіндегі АСР.

    3. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР.

    4. Бірыңғай жер салығы.Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші заңды тұлғалар үшін АСР.

    Арнайы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары – шағын бизнес субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

    Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсаталатын салықтарда қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Басқа салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу, төлеу, және салық есептемесін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіліеді. Шағын бизнес субъектілеріне арналға салықты есептеудің оңайлатыылған тәртібі біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде жүргізіледі. Аталаған әдістердің әрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты, табыс мөлшері, қызметтің жүзегежүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы қызметкерлерді пайдалану жәнне т.б.


    13-тақырып: Алымдар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

    Мақсаты: студенттерді алымдардың және міндетті төлемдердің мазмұнымен таныстырып, оларды салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

    Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

    1. Алымдар.

    2. Төлемақылар.

    3. Мемлекеттік баж.

    Қазақстан Республикасында салықтан басқа салық кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары – алымдар, төлемақылар, төлемдер жіне т.б.) іс-әрекет етеді.

    Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу, қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.

    Алымдар мен төлемдерді төлеу көбінесе қаржы аспектілерін де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің, қызметтің белгілі бір халін белгілеуді дайндаумен байланыстарды қоса, қызметтеің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдеріді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

    Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж - бұған уәкілдік берілген мемлекеттік олргандардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін немесе құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
    14 тақырып. Салық әкімшілігін жүргізу

    Мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымымен, ұйымдастыру ерекшеліктерімен, салықтық бақылаудың қажеттілігін анықтап, оны жүргізу тәртібімен танысу,

    Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

    1.ҚР-ның Салық қызметі: құрылымы, құқықтық базасы, ұйымдастыру ерекшеліктері

    2.Салықтық бақылаудың қажеттілігі мен экономикалық мазмұны
    6. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




    Тақырып

    Семинар сабағының мазмұны

    Апта

    Әдебиеттер



    Салықтардың экономикалық мәні.

    Салықтардың мазмұны, қажеттілігі, қызметтері.

    Салықтың элементтеріне сипаттама





    1,6,11,13



    Қазақстан Республикасының салық жүйесі

    1. Салық саясаты түсінігі.

    2. Салық механизмі мазмұны




    1

    1,4,6,9,11,12,13



    Корпорациялық табыс салығы (КТС)

    1. Корпоративтік табыс салығын төлеушілер, объектілері.

    2. Жылдық жиынтық табыс және оның корректировкасы.

    3. Шегерімдер.Салық салынатын табыс.

    4. Салық төлеушілердің кейбір категорияларына салық салу.

    5. Төлем көзінен ұсталынатын салық.

    6. Резидент еместің табысына салық.

    КТС есептеп- төлеу, салықтық деклараци

    2,3

    1,2,3,4,6,11,13



    Жеке табыс салығы

    1. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын табыстары.

    2. Салық салынбайтын табыстар.

    3. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын табыстары.

    4. Жеке табысқа салықты есептеп- төлеу

    4,5

    1,2,3,4,6,8,11,13



    Әлеуметтік салық

    1. Әлеуметтік салықты төлеушілер, салық салу объектілер.

    2. Әлеуметтік сақтандыру қорына аудырымды есептеп- төлеу тәртібі.

    Әлеуметтік салықты есептеп- төлеу тәртібі

    6

    1,2,4,6,8,11.



    Қосылған құнға салық (ҚҚС)

    1. ҚҚС түсінігі, салықты төлеушілер, салық салу объектісі, ҚҚС бойынша тіркеуге тұру.

    2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшері.

    3. ҚҚС босатылатын айналымдар.

    4. Салық шот- фактурасы.

    5. ҚҚС есептеп- төлеу тәртібі.




    7,8

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Акциздер

    1. Акциздік тауарлар және акциздік қызмет түрлері.

    2. Акциздік тауарлардың отандық өндірісі.

    3. Акциздік тауарлардың импортына салық салу.



    9

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен төлемдері

    Бонустар.

    2. Экспортқа рента салығы

    3. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем.

    4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы




    10

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық.


    Мүлікке салықты төлеушілер. Салық салу объектілері.

    2. Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер.

    3. Мүлікке салықты бюджетке төлеу тәртібі



    11

    1,2,3,4,5,

    6,9,11,13





    Көлік құралдарына салық.


    1. Көлік құралына салықты төлеушілер, салық ставкалары.

    2. Көлік құралына салық жеңілдіктері.

    3. Көлік құралына салық бойынша бюджетпен есеп айырысу.




    12

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Жер салығы

    1. Жер салығы мазмұны.

    2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшелігі.

    Жер салығын есептеп- төлеу тәртібі

    12

    1,2,3,4,6,9,11,13




    Арнаулы салық режимі (АСР).


    1. АСР түсінігі.

    2. Жеке кәсіпкерлер үшін АСР тәртібі.

    3. Заңды тұлға шағын бизнес субъектілері үшін АСР.




    13

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Алымдар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

    1. Алымдар.

    2. Баждар.

    3. Төлемдер.


    14

    1,2,3,4,6,9,11,13



    Салық әкімшілігін жүргізу

    1. Салық органдары мен басқа мемлекеттік органдарды бірлесіп қызмет етуі..

    2Салық тексеруінің нәтижелеріне және салық қызметі органдарының әрекетіне шағымдану



    15

    1,2,3,4,6,9,11,13


    7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

    7.1. Теориялық білімді менгеру үшін әдістемелік нұсқау

    Салық және салық салу пәнін оқытудағы қазіргі кездегі ҚР әрекет ететін салықтардың түрлерін, есептелуін, қызметтерін ашу.

    «Салық және салық салу» пәнін оқу үйрену арқылы студент салық салу теориясының теориялық негіздерін ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін біліеді.

    Дәріс – оқытушының ауызша баяндауы,конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны. Дәріс арқылы салықтық бақылау пәнінің негізгі мәселелерімен танысады.

    Дәріс жазу барысында студенттер салық, салықтық міндеттеме, салық объектісі, салық субъектісі, салық ставкасы: прогрессивтік, пропорционалды, регрессивті, т.б.терминдерді бөліп көрсетіп, экономикалық, қаржылық сөздіктерден толық мағынасын табуға болады. Салықтық түрлерін өткенде оны схема түрінде бейнелейміз. Дәріс материалында салық органының деректерінен толықтай ҚР салық кодексінен, салық органдарының басылымдарынан танысуға болады. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.

    Пәнді оқудың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Салық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолдану қажет..

    7.2. Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

    Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

    Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:


    • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

    • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

    • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

    • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

    Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.

    Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.



    7.3. Эссені жазу үшін әдістемелік нұсқау

    Эссе тақырыпты еркін пайымдауды қарастырады. Оның жалпы көлемі-5-7 бет. Материалдың зерделенген тәжірибесі, өзінше талдауы, аргументтілігі, дәлелдәләгә, өзіндік көзқарасы оны бағалаудың критерийі болып табылады.

    Эссе құрылымы:


        1. Тақырыпта ақырында тұжырымдаушы кіріспе, маңыздылығын негіздеуі, тақырып туралы пікірдің айырмашылықтарын көрсету, негізгі пікір айтуға көшу

        2. Автор (2-3) келтірген пікірлердің негізгі бөлігі, айтылған пікірдегі пайдаланылған негізгі түсінікті анықтау, дәлелдерге қарсы талдау және оған қарсы пікір айту

        3. Негізгі пікірді қайталайтын қорытынды мазмұны, негізгі пікірді қорғайтын дәлелдерді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем, ұсынылған пікірді қабылдамағанда болатын салдарын жалпы ескерту және аталған пікірдің пайдалылығы туралы жалпы қорытынды

    7.4. Рефератты жазу үшін әдістемелік нұсқау

    Бірнеше тақырыпты еңбектерді шолу немесе белгілі бір тақырып бойынша бірнеше автордың пікірі, қандай да бір тақырыпты, сондай ақ бір ойшылдығ еңбегін талдау реферат болып табылады. Реферат кітапханадағы белгілі бір оқулықтар негізінде жазылады. Реферат комьпютерде 14 шрифтпен жазылады, 1,5 интервалымен, жан жақтары сол жағы- 3 см, оң жағы-1,5см, жоғарғы және төменгі жағы 1,5 см. Жалпы бет көлемі – 13-15бет. Кіріспе- 1,5 бет, негізгі бөлім- 10-12 бет, қорытынды бөлім-1,5 бет. Кіріспе 3 беттен бастап нөмірленеді.

    Реферат құрылымы:


    1. Титуль беті

    2. Жоспар

    3. Кіріспе

    4. Негізгі бөлім (2-3 сұрақтан) тұрады

    5. Қорытынды бөлім

    6. Пайдаланылған әдебиеттер (3-4 әдебиет кем дегенде)




      1. Практикалық,семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

    Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

    Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:



    • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген сақтандырудың теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

    • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

    • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

    • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

    Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©melimde.com 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    Сабақтың тақырыбы
    бойынша жиынтық
    жиынтық бағалау
    Сабақ тақырыбы
    Сабақтың мақсаты
    ғылым министрлігі
    тоқсан бойынша
    рсетілетін қызмет
    бағалауға арналған
    Сабақ жоспары
    Жалпы ережелер
    Қазақстан республикасы
    қызмет стандарты
    бекіту туралы
    жиынтық бағалауға
    жиынтық бағалаудың
    республикасы білім
    тоқсанға арналған
    бағалау тапсырмалары
    Қазақстан республикасының
    арналған тапсырмалар
    Реферат тақырыбы
    білім беретін
    арналған жиынтық
    бағдарламасына сәйкес
    Әдістемелік кешені
    болып табылады
    мерзімді жоспар
    бағалаудың тапсырмалары
    туралы хабарландыру
    Қазақстан тарихы
    сәйкес оқыту
    пәнінен тоқсанға
    арналған әдістемелік
    республикасының білім
    Қазақ әдебиеті
    оқыту мақсаттары
    Мектепке дейінгі
    нтізбелік тақырыптық
    қазақ тілінде
    Жұмыс бағдарламасы
    жалпы білім
    оқыту әдістемесі
    білім берудің
    Республикасы білім
    әдістемелік ұсыныстар
    Инклюзивті білім
    пәнінен тоқсан
    туралы анықтама
    тақырыптық жоспар
    Қысқа мерзімді