А. А. Какимова «Есеп және қаржы»


Салықтың экономикалық мазмұны және ұйымдастыру принциптері



бет5/8
Дата10.09.2017
өлшемі429 Kb.
#19932
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Салықтың экономикалық мазмұны және ұйымдастыру принциптері.


2. Салық функциялары және салық элементтері

Салықтар дегеніміз – заңмен белгіленген тәртіпте анықталған ставка бойынша шаруашылық субьектілермен азаматтардан мемлекеттің алатын міндеті төлемдері. Салықтардың қажеттілігі қоғамның қажеттілігіне байланысты туындайды. Салықтың маңызы мен рөлі мемлекеттің тапсырмаларымен қоғамның экономикалық және саяси құрамымен анықталады.

Салықтардың өзіне тән белгілері бар:


  • Салық – бұл міндетті төлем

  • Салық – бұл қайтарымсыз төлем

  • Салық – бұл эквивалентсіз төлем
  • Салық – бұл белгілі бір объектіге байланысты төлем


Белгілі экономист Адам Смит салық салудың келесі ұстамдарын атап көрсеткен: салықтың ресми тәртібі. біртектілік принципі, салықтың анықталғандық принципі. салықтың өндіріп алуының арзандығы принципі,салықты төлеудің ыңғайлылық принципі. салықты төлеушінің шаруашылық дербестігі принципі.

Қазақстан Республикасының салық зандары Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық зандарының жариялылығы принціптеріне негізделеді.

Салықтың қызметі – бұл оның мәнінің іске асырылуы және ерекшелігінің көріну тәсілі.

Салықтың негізгі қызметтері:фискалдық;бөлу;реттеу,бақылау.

Салықтың элементтері:салық субъектісі мен объектісі;салық ставкасы;салықты төлеу көзі;салық бойынша жеңілдіктер;салық бірлігі.
2 -тақырып: Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасып, даму сатыларына сипаттама беру

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1.Салық жүйесі ұғымы. Салықтарды саралау.

2.Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен даму

кезеңдері


«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құры мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық( жалпымемлекеттік ) және жергілікті салықтарды ажыратады.Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.
Жалпы Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі салық жүесінің алғашқы реформасы 1991-1992 жылдардан басталды. Бұл кезеңнің басты кешілігі салық заңдылығының аты өзгергенімен салық топтары, есептелу механизмі елдің құрылымына сәйкес келмейтін күйде қалды. Және бұл 1995 жылға дейін әрекет етті.

ҚР салық жүйесінің негізгі сатысы 1995 жылға келеді. Осы жылы елдің құрылымына жауап беретін ҚР Президентінің «Салықтар және басқа бюджетке міндетті төлемдер» жөніндегі заң күші бар Жарлығы шықты. Бұл кезең 2001 жылға дейін созылды. Оның басты кемшілігі салық заңдылығындағы өзгерістердің көп болуы.

Қазіргі әрекет етіп отырған салық Кодексі 2001 жылдың маусым айында қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан әрекет етеді.
3-тақырып: Корпорациялық табыс салығы (КТС)

Мақсаты: студенттерді корпорациялық табыс салығының мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:


  1. Салық салудың объектісі және салықты төлеушілер.

  2. Салық салынатын табыстың корриктировкасы.

  3. Салық төлеушілердің кейбір категорияларына салық салу.

  4. Салықта есептеу және төлеу тәртібі.

КТС төлеушілер болып салық салудың объектілері бар заңды тұлға резиденттер мен резидент еместер табылады.

Салық салудың объектілері:


  • салық салынатын табыс;

  • төлем көзінен салық салынатын табыс;

  • тұрақты мекеме арқылы қызмет жасайтын резидент еместің таза табысы.

КТС бойынша салық мерзімі болып күнтізбелік жыл табылады.

КТС бойынша аванстық төлем әр айдың 20- сынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады.
4-тақырып: Жеке табыс салығы

Мақсаты: студенттерді жеке табыс салығының мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. Жеке табысқа салықты төлеушілер, объектілері.


  2. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын табыстары. Шегерімдер.

  3. Жеке тұлғаның салық салудан босатылатын табыстары.

  4. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын табыстары.

  5. Жеке табысқа салықты есептеп төлеу тәртібі.

Жеке табысқа салықты төлеушілер болып салқық мерзімінде салық салу объектісі бар жеке тұлғалар табылады.

Салық салу объектілері:



  • төлем көзінен салық салынатын табыс;

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыс.

Төлем көзінен салық салынатын табысқа еңбек ақы түріндегі табыс, зейнетақы түріндегі, дивиденд, сыйақы түріндегі табыстар жатады. Яғи бұндай табыстар бойынша салық төлем көзінен ұсталынып қалады. Бұндай салықты төлеу кезінде жеке тұлға заңдылық жауапкершілікті мойнына алмайды, ол үшін бұл жауапкершілікті салық агенті орындайды.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жеке тұлғаның кәсіпкерлік әрекеттен табысы, мүліктік табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары жатады. Бұндай табыстар бойынша салықты есептеп- төлеу бойынша жауапкершілікті бюджет алдында жеке тұлғаның өзі орындайды.


5-тақырып: Әлеуметтік салық.

Мақсаты: студенттерді әлеуметтік салықтың мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. Әлеуметтік салықты төлеушілер, салық салу объектілері.

  2. Әлеуметтік салықты есептеп, төлеу тәртібі.

Әлеуметтік салық тікелей салық болып табылады. Оны төлеушілер болып заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар табылады. Салық салу объектісі болып жұмыс берушінің жұмысшыға еңбек ақы түрінде төлеген шығындары, жеке кәсіпкерлер үшін жұмысшы саны табылады.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қалыптасты. Бұл қордың қаражатын қалыптастыру үшін әлеуметтік салықты төлеушілер есептелген әлеуметтік салықтың объектісінен қорға аударады. 2009 жылғы оның мөлшері 4 пайыз. Сонда бюджетке төленуге тиісті әлеуметтік салық барлық есептелген әлеуметтік салық сомасы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымның айырмасы ретінде анықталады.


6-тақырып: Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен төлемдері

Мақсаты: студенттерді жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен төлемдерінің мазмұнымен таныстыру, салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жағдайы.

2. Бонустар.

3. Роялти, экспортталатын шикі мұнайға рента салығы

4. Үстеме пайдаға салық.

Жер қойнауын пайдаланушылар басқа тұлғалармен салыстырғанда салық салу жағдайында ерекше тәртіпті пайдаланады. Олар жалпы белгіленген тәртіпте белгіленген салықтарды төлей отырып жер қойнауын пайдаланушының арнаый салықтары мен төлемдерін төлейді:



  • бонустар;

  • роялти;

  • экспортталатын шикі мұнайға ренталық салық;

  • үстеме пайдаға салық;

  • Өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.

Жер қойнауын пайдаланушылар іс- әрекетін ҚР Үкіметімен жасаған контракт негізінде жүзеге асырады.

7-тақырып: Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық.

Мақсаты: студенттерді заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салығының мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Мүлікке салықты төлеушілер. Салық салу объектілері.

2. Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер.

3. Мүлікке салықты бюджетке төлеу тәртібі.

Мүлікке салық жергілікті бюджетті қалыптастырушы тікелей салық болып табылады.

Мүлікке салықты төлеушілер болып меншік құқында немесе басқару құқында салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғалар табылады.

Салық салу объектілері:


  • заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің негізгі құралдыра мен материалдық емес активтері;

  • жеке тұлғаның үй- жайы басқалай ғимараты.

Салық салу базасы:

  • 1- ші объект бойынша мүліктің орташа жылдық құны;

  • 2- ші объект бойынша әрбір жылдың 1 қаңтарына өкілетті органның анықтаған мүліктің құны.


8-тақырып: Көлік құралдарына салық.

Мақсаты: студенттерді көлік құралдарына салықтың мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. Көлік құралына салықты төлеушілер, салық объектісі. Салық ставкасы.

  2. Көлік құралына салық бойынша жеңілдіктер.

  3. Көлік құралына салықты есептеп- төлеу тәртібі.

Көлік құралына салықты төлеушілер болып меншігінде, басқаруында салық салу объектілер бар заңды және жеке тұлғалар табылады.

Салық салу объектісі болып ҚР мемлекеттік тіркеуде тұрған көлік құралыдарының түрлері табылады:



  • жеңіл автокөлік;

  • ауыр жүк көлігі;

  • автобустар;

  • мотоцикл, матороллер, мотошаналар;

  • ұшу аппараттары.

Көлік құралына салық айлық есеп көрсеткішімен көлік маркасы, отырғызу орны, двигатель көлемі, жүк көтерімділігі есепке алынып есептеледі.
9-тақырып: Жер салығы.

Мақсаты: студенттерді жер салығының мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. Жер салығын төлеушілер. Салық салу объектілері.

  2. Жер салығы бойынша жеңілдіктер.

  3. Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу.

Жер салығы жергілікті бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі.

Жер салығын төлеушілер болып меншік құқында, уақытша пайдалануында жер учаскесі бар заңды және жеке тұлғалар табылады.

Салық салу объектідері жер категориялары:


  • ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

  • өнеркәсіп мақсатындағы жерлер;

  • елді мекен жерлері;

  • ауыл шаруашылық мақсатындағы емес жерлер;

  • орман, су қоры және запастағы жерлер;

  • ерекше қорғалатын табиғи территория жерлері.

Жер салығының көлемі жердің орналасқан орнына, сумен қамтамасыздығына, топырақ құнарлылығына байланысты болады.
10-тақырып: Қосылған құнға салық (ҚҚС)

Мақсаты: студенттерді қосылған құн салығының мазмұнымен таныстырып, тәжірибелік жаттығулар арқылы салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. ҚҚС түсінігі, төлеушілер, салық салу объектілері

  2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау.

  3. ҚҚС-тан босатылатын айналымдар.

  4. ҚҚС есептеп, төлеу тәртібі.

ҚҚС жанама салық болып табылады. Оның негізгі атқаратын қызметі бюджет кірісін қалыптастыру. ҚҚС объектісі болып салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт табылады.

Орташа айлық айналымы 12000 айлық есеп көрсеткішінен асатын тұлғалар ҚҚС бойынша тіркеуге тұруға міндетті.

Тауарды сатушы немесе жабдықтаушы сатпы алушыға шот- фактура береді. Шот- фактура тізбесі ҚҚС бойынша декларацияға тіркеледі.

Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасы сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар үшін есепке алынған ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС ставкасы салық салынатын айналым мен импорттың 15 пайызы. Экспорт нөлдік ставкамен салық салуға жатады.
11-тақырып: Акциздер

Мақсаты: студенттерді акциз салығының мазмұнымен таныстырып оны салықты есептеп, төлеу бойынша білімдерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді