805-бап. Сақтандыру нысандары

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі16.15 Kb.

ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). Сақтандыру нысандары (танысу үшін).

805-бап. Сақтандыру нысандары


      1. Сақтандыру нысандары:

      1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;

      2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;

      3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.

      2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.


806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру

      1. Міндетті сақтандыру:

      1) түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру;

      2) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен талаптары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру).

      2. Азаматқа өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.

      Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

      Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру экономикалық тұрғыдан негізді, көпшілікке ортақ және әлеуметтік-қоғамдық маңызды болған кезде енгізілуі мүмкін.

      3. Сақтандыру міндеті Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінен туындамай, шартқа негізделген жағдайларда, мұндай сақтандыру міндетті болып табылмайды және осы Кодекстің 808-бабында көзделген салдарға алып келмейді.

      4. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісінде жазылған талаптарда сақтандырушымен шарт жасасуға міндетті.

      Жүктелген сақтандыру кезiнде сақтандырушымен шарт Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған талаптармен жасалады.

      5. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Түрлері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.

      6. Ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру.

      Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.


807-бап. Сақтандыру объектiсi


      1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:

      1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;

      2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;

      3) мүлікті иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;

      4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.

      Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру объектiсi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.



      2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын не сақтандыру объектісі болмайтын сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...