8 сыныпқа арналған тест жұмысы. Тақырыбы: «ms excel бағдарламасы»



Дата20.01.2023
өлшемі20.56 Kb.
#417530
түріБағдарламасы
Байланысты:
8 сыныпқа арналған тест жұмысы «MS Excel бағдарламасы»


8 сыныпқа арналған тест жұмысы.
Тақырыбы: «MS Excel бағдарламасы» 

1. Microsoft Excel – бұл … 
a) кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
b) тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама. 
c) кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы. 
d) компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама. 

2. Электрондық кесте ... болып табылады. 
a) нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы
b) латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы 
c) нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы 
d) пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы 

3. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады? 
a) Іске қосу – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Excel (Пуск – Программы – Microsoft Office – Microsoft Office Excel) командаларының тізбегін орындап
b) Іске қосу – Бағдарламалар – Windows каталогы (Пуск – Программы – Каталог Windows) командаларының тізбегін орындап 
c) Іске қосу – Бағдарламалар – Стандарттық – Блокнот (Пуск – Программы – Стандартные – Блокнот) командаларының тізбегін орындап 
d) Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Excel (Программы – Microsoft Office – Microsoft Excel) командаларының тізбегін орындап 

4. Excel бағдарламасындағы жүйе жұмыс істейтін құжаттар қалай аталады? 
a) Кітаптар деп   b) Парақтар деп 
c) Кестелер деп  d) Мәтін деп 

5. Excel бағдарламасында жаңа кітапты әзірлеу үшін не істеу керек? 
a) Файл менюіндегі Әзірлеу (Создать) командасын орындау керек
b) Аспаптар тақтасында Қайтару (Вернуть) батырмасын басу керек 
c) Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын орындау керек 
d) Аспаптар тақтасында Ашу (Открыть) батырмасын басу керек 

6. Excel бағдарламасының файлының қандай кеңеюі бар болады? 
A) .xls  b) .doc  c) .txt  d) .ppt 

7. Excel бағдарламасындағы кестенің ең аз құрауышы ... болып табылады. 
a) ұяшық   b) формула 
c) кітап  d) дұрыс жауабы жоқ 

8. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы торының адресі неден тұратынын атап көрсетіңдер. 
a) Бағананың көрсеткіші, жолдардың нөмірі
b) Бағананың көрсеткіші 
c) Бағананың нөмірі 
d) Жолдардың нөмірі
 

9. Excel бағдарламасында ұяшыққа мәліметтерді енгізу аяқталған кездегі дұрыс әрекетті атап көрсетіңдер. 
a) пернесін басу керек 
b) формулалар тақтасының Болдырмау <Отмена> батырмасында шерту керек 
c) пернесін басу керек 
d) пернесін басу керек 

10. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында бағаналардың атауы қалай белгіленетінін атап көрсетіңдер. 
e) Еркін түрде пайдаланушылар атау береді 
f) Орыс әліпбиінің әріптерімен белгіленеді 
g) Латын әліпбиінің әріптерімен белгіленеді
h) Цифрлармен нөмірленеді 

11. Егерде Excel бағдарламасындағы жолдың тақырыбында шертсек, онда не болады? 
a) Жол ерекшеленеді  
b) Жолдың бары көрінеді 
c) Формула өрнегін енгізу күтіледі 
d) Жаңа дол кірістіріледі 

12. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы бағаналарының дұрыс белгіленулерін атап көрсетіңдер. 
a) AB b) A12  c) 21  d) FAS 

13. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы жолдарының дұрыс белгіленулерін атап көрсетіңдер. 
a) A1  b) 18  
c) 21A  d) DD 

14. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы жолдарының ең көп санын атап көрсетіңдер. 
a) 65 536 b) 20 000 
c) 50 000  d) 60 000 

15. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы бағаналарының ең көп санын атап көрсетіңдер. 
a) 256   b) 100 
c) 200  d) 300 

16. Excel бағдарламасындағы ұяшықтың дұрыс адресін атап көрсетіңдер. 
a) B1 b) "A10000  c) #A10  d) BZ_99 

17. Excel бағдарламасындағы кесте ауқымдарының белгіленулерін атап көрсетіңдер. 
a) A:A2.  b) 23:4DE.  c) 1A.  d) A1:B2  

18. Excel бағдарламасындағы ұяшық ауқымының мәндерін белгілі бір тізбектілікпен реттке келтіру ... деп аталады. 
a) форматтау 
b) сүзгілеу 
c) топтау 
d) сұрыптау

19. Excel бағдарламасындағы ұяшықты мәліметтердің қандай негізгі форматтары қолдай алады? 
a) сандық 
b) мәтіндік 
c) формулалық 
d) аталғандардың бәрі

20. Excel-де формула қайсы символдан басталуы тиіс? 
a) =
b) + 
c) бос орын 
d) мәні жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет