«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі («Нұрай» тобына арналған) Кейіпкерлер



бет1/4
Дата20.01.2023
өлшемі19.56 Kb.
#417619
  1   2   3   4
Байланысты:
8наурыз-Нұрай
Білім күні, 1539774012, 1-ші сабақ Бұлттық технологиялардың қолдану салалары, Ата-ана мен оқушыға сауалнама, Өмір қауіпсіздік, БЖБ 9-сынып

«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі
(«Нұрай» тобына арналған)
Кейіпкерлер: Көктем, Тауық, Түлкі, Ақтөс, Аспазшы– үлкендер.
Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Залға Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
-Біздің бүлдіршіңдер бүгін сіздерге «Көктемгі мерекесін» дайындады.
Музыка ырғағымен залға билеп балалар кіреді.
Жүргізуші: Бүгін – наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Балалардың тақпақтары:
1-бала: Аяулы асыл анамның,
Әдепті сөзін сүйемін.
Парасатты мінезін,
Ойыма әр кез түйемін.
2-бала: Түн ұйқысын төрт бөліп,
Әлпештеген, анашым.
Жақсы болсам асырып,
Жаман болсам жасырып,
Қамқар болған, анашым.
3-бала: Ана деген – таза бұлақ,
Шөлдегенде су берген.
Ана деген жасыл құрақ,
Баласының бақытына гүлденген.
4-бала: «Ана» деген асыл сөз,
Жер бетінде сақталған.
Ана деген – күлімкөз,
Жүзі жылы ақталған.
5-бала: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң екен.
Менің айдай анамнан
Асқар сұлу бар ма екен?
6-бала: Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен де жақын маған.
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Жігерленем, батылданам.
Ән «Ақ мамам»
Балалар (әннің аяғында хормен айтады): Мерекең құтты болсын, сүйікті анашым! – орындарына отырады. 1
Жүргізуші: Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет