2.Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны. 1.Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына математиканы оқыту (бір бұзылыс түрі бойынша)
Педагогикалық жобалау көп функциялы білім беру қызметінің ерекше
түрі ретінде. Тұрғылықты мекендер мен аймақтарда мүмкіндігі шектеулі
балаларға қолжетімді білім беру жағдайларын қайта жандандыру немесе
жаңаша құрастыру.
Инклюзивті білім саясатын жүзеге асыру үшін облыс ресурстарын
есепке алу. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне
қосуды ұйымдастыруға арналған тұрғылықты мекендер мен аумақтардағы
дерек көздерінің сандық енгізілуі.
Ұлттық жəне аймақтық деңгейде инклюзивті білім беру жүйесін
қаржыландыру. Жан басына қаржыландыру негізінде бюджеттік оқу орнын
есептеу.
Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен
жұмыс жүргізетін мамандарды даярлау: мұғалімдер, тəрбиешілер, мұғалім-
дефектологтар,
психологтар,
əлеуметтік
педагогтар;
мектептің,
балабақшалардың əкімшілігі; жергілікті білім беру органдары өкілдері.
Инклюзивті тəжірибедегі педагогикалық техника.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару. Оқу процесіне
мүгедек балаларды қамтуды ұйымдастыру дайындық деңгейін зерттеу жəне
талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау. Мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған сапалы білім қамтамасыз ету үшін студент жəне оқытушы
командалардың жоспарлау жүйесі мен ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға арналған оқыту мен білім беруді жетілдірудің үздік тəсілдерін
таңдау.
Инклюзивті
процестердің
тиімділігін
талдау
құралы
ретінде
мониторинг
технологиясы.
Инклюзивті
үрдістің
критерийлері
мен
көрсеткіштері.
2.Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру ұйымдарындағы заттық-дамытушылық орта Заттық-дамытушы орта баланың түрлі əрекеттерін қамтамасыз етеді, жеке белсенді əрекетінің негізін қалайды. Дегенмен де, мектеп жасына дейінгі баланың негізгі əрекеті ретінде ойын жетекші рөл атқарады. Ойындар балаларды мектепте оқуға даярлайды, əр адамға қажетті жеке сапалық көрсеткіштердің алғашқы баспалдағы болып табылады. Ойын əрекетін ұйымдастыруда, қарым- қатынас мəдениетін жүйелеуге қажетті баланың шығармашылық қиялын қалыптастыруда заттық- дамытушы орта ерекше орын алады. Оның мазмұны ойынның сипатына, таңдалуына жəне рөлдердің бөлінуіне ықпал етеді:
мектепке дейінгі мекемедегі заттық-дамытушы орта:
мектепке дейінгі білім беру — адамның үздіксіз білім алу жүйесіндегі алғашқы баспалдақ.
мектепке дейінгі білім берудің сапасы, білім беру қызметтерінің сапасы көптеген шарттармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде рационалды, мақсатқа бағытталған шарттар заттық дамытушы ортаны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруды міндеттейді.
Мектеп жасына дейінгі балаға дамытушы заттық орта не үшін қажет? Жеке дамуындағы нақты кезеңдердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін. Жинақталған орта жағдайындағы іс-əрекет балаға белсенділігін, қоршаған ортаны еркін тануға деген қызығушылығын, танымын шығармашыл бейнелеуге деген ынтасын қалыптастырады.
Бұл кеңістіктің көлемі мен ұйымдастырылуы баланың жас ерекшеліктерімен байланысты. Заттық-дамытушы орта тəрбиешіге не үшін қажет? Мектепке дейінгі баланың жеке жəне жалпы дамуын жүзеге асырудағы тəрбиешіге өте сапалы көмекші құрал болып табылады. Дамытушы орта балалардың алуан түрлі жəне мақсатқа бағытталған белсенді əрекеттерінің көптеген мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Балалардың əрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тəрбиешіге қызмет көрсетеді, тəрбиелеу үдерісіне ықпал етеді [1].
Тəрбиешінің қызметі заттық-дамытушы ортаны жəне оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тəн қасиеттерін анықтауға жəне дамытуға көмектесу болып есептеледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін өзіндік дамыту жəне білім алуы жүзеге асатын дамытушы ортаны ұйымдастыруға балабақшада ерекше көңіл бөлінеді.
Тəрбиеші арнайы құрастырылған заттық-дамытушы ортада тəрбиелеу жəне білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдіс-тəсілдерді, формаларын пайдалануы қажет. Тəрбиешінің мақсаты: мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиеленуші дамуының əрбір кезеңінде жеке шығармашылығын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін заттық-дамытушы ортаны көп кезеңді, көп қызметті етіп құрастыру.