7 билет Еңбек тәрбиесі. Міндеттері. Мазмұны. Жүйесі. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру


Зейін. Түрлері. Физиологиялық негіздері. Қасиеттері. Қызметі

Loading...


бет10/14
Дата22.06.2021
өлшемі51.03 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2. Зейін. Түрлері. Физиологиялық негіздері. Қасиеттері. Қызметі.

Зейін  дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.

Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады. Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді. Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды (бейнелеп айтқанда қабылдаушының «шет пұшпағында» қалып қояды). Мұнда біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық. Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады, баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін «оқып» шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып жетпейді.

Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан (кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін койып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз, (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады. Адам ояу кезінде бір іс-әрекетпен шұғылдануымен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның  зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.



 ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл  үлкен  ми  сыңарлары   қыртысында   екі   процестің   қазу    және тежелу процестерінін, болып отыратындығы туралы айттық. Адамның зейіні бір нәрсеге ауса, бұл демек, оның ми қыртысында қозу ошағы пайда болды деген сөз. Мидың басқа учаскелері бұл кезде тежелу куйінде болады. Бұл нерв процестерінің индукция заңы бойынша болып отырады. Сондықтан бір нәрсеге көңілі ауған адам бұл кезде басқа еш нәрсені байқамауы мүмкін. Павловтың сөзі бойынша үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы учаскесінде жаңа шартты байланыстар оңай жасалады.

Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты болады. Ми сыңарлары қыртысындағы қозу бір пунктте бекітіліп қалмайды, үнемі ауысып отырады. Бұл процесті Павлов бейнелеп былай деп жазды: «Егер бас сүйегінен көз өтіп кере алатын болсақ, егер үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы орны жарық болып тұрса, онда біз ойға шомған саналы адамда оның үлкен ми сыңарлары бойынша форма жағынан да, мөлшері жағынан да үнемі өзгеріп тұратын жарық дақтың ғажаптанарлық теріс кескінін, оның ми сыңарлары қалған басқа кеңістігінде едәуір көлеңкемен қоршалып тұрғанын керер едік». Зейіннің пайда болуы үшін барлау рефлексі деп аталатынның маңызы зор. Ол — қоршаған ортаның қандай да болса өзгеруіне организмнің туа біткен реакциясы. Бұл рефлекс адамдарда да, жануарларда да болады. Бөлмеде сыбдыр естілді, мысық жүнін үрпитіп, қауіптене түсті де, дыбыс естілген жаққа қарай елеңдеп, құлағын тікті. Сабақта оқушылар мұғалімнің сөзін көңіл қоя тыңдап отыр. Бір кезде кластың есігі жайлап ашылды, әңгімеге берілген барлық оқушылардың да, мұғалімнің де беті еріксіз есік жаққа қарай бұрылды. Бұл рефлексті Павлов бейнелі түрде «немене?» деген рефлекс деп атады. Кейде айналадағы ортада болатын болмашы өзгеріске қауіптене үрпию қабілеті болуының себебі — үлкен ми сыңарларында ретикулярлық формацияны үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі учаскелерімен жалғастырып жататын нерв жолдарының жүйесі болуында. Осы жүйемен жүріп отыратын нерв импульстері сигналдармен бірге сезім органдарынан шығып, ми қыртысын қоздырады, оны болады деп күтілетін кейінгі тітіркендіргіштерге көңіл аударуға дайын болу күйіне келтіреді. Сөйтіп, ретикулярлық формация анализаторлармен (сезім органдарымен) бірге, зейіннің бастапқы физиологиялық негізі болып табылатын барлау рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етеді.

 ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыстап, зорламай-ақ өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге т. с. с. алдын ала ниеттенбесе де пайда болады. Сондықтан зейіннің бұл түрін алдын ала ниеттейбеген зейін деп атайды. Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннін, физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады. Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мысалы күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердін; салыстырмалы күшінің маңызы зор. Түнгі тыныштықта шыйдан шамалы сыбдыр да адамның кеңілін аударады. Адамның көңілін аудару ушін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардый; күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қозғалыстағы заттар, сондай-ақ жаңалық, әдеттетілердің өзгеруі адамның назарын аудармай қоймайды. Мысалы, сабақта жаңа көрнекі құралдардың пайдаланылуы оқушылардың рларта зейін аударуын күшейте түседі. Қарама-қарсы (контраст) заттар мен құбылыстар да осылай әсер етеді, мысалы ұзын адамның қасында бойы қысқа адам тұрса, бірінші адамға көңіл аударылады.

Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан-дүниесі күйінің маңызы зор. Қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезе қояды, ал тамағы тоқ адам ол иіске зейін аудармайды. Бізді қызықтыратын нәрселердің бәрі бейімділік пен талғамымызға қарай сезім органдарына әсер етеді, біздің зейінімізді еріксіз аудартады. Қызықтыруда, ең бастысы зейіннің сақталуында адамның бастан өткен тәжірибесінің маңызы үлкен.

Ырықты зейін. Ырықты зейін дейтіннің еитіаты баеқаша келеді. Бұған себеп болатын нәрсе — адамның бір мақсатты алға қоюы, бір нәрсені қабылдауға немесе істеуге ниеттенуі болады. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды, шарттарына зер салады, ойға шомады. Қөбінесе сыртқы тітіркендіргіштер оның көңілін басқа жаққа аударып жібереді, бірақ ол ерік күшімен жұмысқа өзін-өзі зорлап кендіреді. Ырықты зейін адамда еңбекке жұмылу нәтижесінде пайда болды, сондықтан оның жігерлілік сипаты бар.

«Еңбек үстінде, оған қатысты органдарға күш түсумен қатар,— деп жазды Маркс,— еңбек етіп жатқан уақыттың бүкіл өн бойында зейін аударуда бейнеленетін мақсатқа сәйкес ерік    күші де қажет».

Үйреншікті зейін. Бірқатар психологтар зейіннің тағы үшінші түрін айырып көрсетеді, бұл белгілі бір ерік күшін жасағаннан кейін адам жұмыстың «байыбына барып», өзін оған оңай жұмылдыра алатын кезде пайда болады. Мұндай зейінді совет психологі Н. Ф. Добрынин үйреншікті (туынды) зейін деп атады, өйткені ол әдеттегі, ырықты зейіннің орнына келеді. Зейіннің бұл түрі ырықсыз зейіннен өзгеше: адамның саналы мақсаты болады, сол үшін ол бар күш-жігерін жұмылдырады. Бірақ үйреншікті зейінді ырықты зейінмен бірдей деп санауға болмайды: бұл ерекше ерік күшін қажет етпейді. Үйреншікті зейіннің оқу жұмысында маңызы зор, оқу жұмысының бас кезінде мектеп оқушысында кебінесе ырықты зейін болады. Келе-келе сабақ баланы баурап алады, ол басқа жаққа көңіл аударуды қойып, бар ықыласымен оқуға кіріседі.

Егер ырықсыз зейіннің пайда болу шарты, жоғарыда айтылғандай, сыртқы тітіркендіргіштердің сапасы, әсіресе адамның ішкі жай-күйі (оның мұқтажы, ықыласы т. с. с.) болса, ырықты зейіннің пайда болуы және оны қолдау үшін іс-әрекетке саналы көзқарастың болуы қажет. Бірақ кейде мынадай жағдай да болады: саналы көзқарас жасалған, мақсат айқын, ол мақсатқа жету мүлде қажет деп саналады, солай бола тұрса да, жұмысқа күш-жігерін жұмылдыра алмайды. Мұндай жағдай өзін-өзі билей ал-майтын, зейін қою үшін белгілі бір күш-жігер жұмсауға дағдыланбаған адамдарда болады. Бұл көрсетілген шарттардың үйреншікті зейіннің пайда болуына да қатысы бар. Рас, бұл зейіннін, тууы аз қиыншылықпен жүзеге асырылады. Мұнда көбінөсе дағдылану үлкен роль атқарады, соның арқасында адам жұмысқа тез беріледі де, оған өзінің күш-жігерін жұмылдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...