6В01205 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет22/33
Дата14.09.2022
өлшемі223.44 Kb.
#290273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
2021-2022Педагогикалық қарым қатынас ЭУМКД ДБОТ 19-01 ДБОЖ ДМДЖ 20-01
Кәмпит Е.С Ме‎кте‎п жа‎сы‎на‎ де‎йі‎нгі‎ ба‎ла‎ тәрби‎е‎сі‎ні‎ң ге‎нде‎рлі‎к е‎ре‎кше‎лі‎кте‎рі‎
Бақылау сұрақтары:
1.Келіспеушілік жағдайларына мысал келтір
2.Келіспеушілік жағдайын шешу жолдары


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Райгородский Д.Я. Психология деловых конфликтов. Хрестоматия. – Самара: ИД «Бахрах-М», 2010. – 768 с.
2.Психология общения: практикум по психологии: учебное пособие для студентов СПО. Инфра-М., Форум ,2015.
3.Столяренко Л.Д., Самыгин С.И. Психология общения:учебник/. .-Ростов н./Д: Феникс, 2015.
4.Лавриненко В.Н. Психология общения: учебник и практика для СПО/В.Н. Лавриненко. Юрайт, 2016
5.Шеламова Г.М. Деловая культура и психология общения.-М.: Академия, 2002. –128 с.
6.Кукушин В.С. Психология делового общения: учебное пособие. – Изд. 2-е, исправ. и доп. – Ростов н/Д: ИЦ «МарТ»; Феникс, 2010 – 364 с.
7.Айтышева А.М. Педагогикалық қатынастар психологиясы:оқу құралы- Ақмола: ҒТАО,2007.-104 б.


Ұсынылатын интернет- қорлар:

1.Электронная библиотека ЕАГИ: http://lib.egi.kz


2.РМЭБ- Республиканская межвузовская электронная библиотека: http://www.rmebrk.kz
3.Портал Открытого университета Казахстана: http://Openu.kz
4.Электронно-библиотечная система «Университетская библиотека онлайн» - http:// www.biblioclub.ru
5. https://psychologyofcommunication.jimdo.com/
6.https://books.google.ru/books?id=aNVLDAAAQBAJ&pg=PA4&lpg=PA4&dq=Психология+общения+Чернова+Р.Г.,+Слотина+Т.В.+,+СПб+-+2015%
7.http://ozon-st.cdn.ngenix.net/multimedia/1014470053.pdf
8.http://urss.ru/PDF/addru/179252-1 .pdf

Дәріс № 15.


Дәріс тақырыбы: Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: «Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктеріне анықтама беру.
Дәріс жоспары
1. Дауласу түрлерін классификациялау.
2.Дауласу мәдениеті.
1. Адам баласының ілгері дамуы немесе кері кетуінің алғы шарты ретінде қарама-қайшылықтардың әр түрлі үлгіде көрініс беріп отыратындығы қоғамдық ғылымдарда жиі аталады.Осындай қарама-қайшылықтардың бір көрінісі дау(конфликт) - әлеуметтік феномен түрінде қарастырылады. Конфликті латынның «қарама-қарсы тұру», «қарсы күресу» етістігінен шыққан. Дау (конфликт) ұғымына әр түрлі ғылым саласында түрліше анықтамалар беріледі.
Дау - деп әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісу шегіне жеткен жағдайындағы әр түрлі әлеуметтік бірліктердің қақтығыстарын атайды.Педагогика ғылымының социология саласындағы жинақталған білім қорынан дауларды шешудегі дауларды елемеу, жарыс әдістері, келісімге келу, ынтымақтастық, жүйенің ұйымдастырушылық құрлысын өзгерту, іштей келіспеушілік әдістері.
Психологиялық дау деп шамасы жағынан бірдей, бірақ қарама –қарсы күштердің, мүдделердің,ұстанымдардың, өзара әрекеттесетін оппенттердің немесе субъектілердің пікірлерінің, көзқарастарының үйлеспеуін атайды.
2. Психологтер социологтермен бірге конструктивті және деструктивті даулардың болатындығын көрсетеді. Егер даудың нәтижесінде адамның ілгері дамуына мүмкіндік жасалса дау конструктивті, ал кері кетуіне жол берілсе деструктивті деп аталады.
Жасөспірімдердің өзін субъект лидер тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынаспен өзара қарама-қайшылықтың бір мезетте тууынан болатын құбылысты дау-дамай, кикілжің деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «Ер шекіспей,бекіспейді»дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа ұласуы мүмкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған дау-дамай мен кикілжіңдерге педагогикалық тұрғыда көмек беріліп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн.
«Басқа пәле –тілден».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау –адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққада қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп,ауырмай өлеміз».Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине біледі. Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады.
Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сабап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады.Ғалымдардың айтуыша, дөрекі былапыт, балағат сөздер (арнайы баламасы боқтық деген сөз) қай халықтың этномәдениетіде де бар екен.
Чукчалар мен эскимотарда ұрысқанда айтылатын «Сен-олақсың»
деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады.
Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «Жасыл тасбақа» немесе «Қоян»дейді. Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануар саналғандықтан, оның атын мәртебе көреді. Орыстар жақтырмаған әйелді «сиыр» деп қорлайды. Ал мұсылман халқы үшін «шошқа» деген өте ауыр сөз. Қай тілде айтылсада балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан аттап кетеді. Сондықтан екі жақтан дау-дамай туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениеттің ауылынан алыстап кеткенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде