6В01205 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет21/33
Дата14.09.2022
өлшемі223.44 Kb.
#290273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
2021-2022Педагогикалық қарым қатынас ЭУМКД ДБОТ 19-01 ДБОЖ ДМДЖ 20-01
Кәмпит Е.С Ме‎кте‎п жа‎сы‎на‎ де‎йі‎нгі‎ ба‎ла‎ тәрби‎е‎сі‎ні‎ң ге‎нде‎рлі‎к е‎ре‎кше‎лі‎кте‎рі‎
Бақылау сұрақтары:
1.Қарым – қатынас мәдениетін дамыту жолдары
2.Сөйлеу өнері мен этикеті


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Овсянникова Е.А., Серебрякова А.А. Основы психологии: учеб. пособие / Овсянникова; А.А. Серебрякова. -2-е изд., перераб.»: Флинта; 1Москва; 2015 ISBN 978-5-9765-2219-0
2.Аминов И.И..Психология делового общения: учебное пособие/ Аминов И.И..-М.:ЮНИТИ, 2013.-287с.
3.Болотова А.К. Социальные коммуникации. Психология общения: учебник и практикум для СПО/ Болотова А.К.-Люберцы:Юрайт, 2016 .-327 с.
4.Бороздина В.Г. Психология и этика делового общения: учебник и практикум./ Бороздина В.Г. -Люберцы:Юрайт, 2016 .-327 с.
5. Бороздина Г.В. Психология делового общения: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2010. – 295 с.
6. Введенская Л.А. Культура речи. – М.: ИД «Феникс», 2011. – 448 с.
3. Каменска Е.Н. Психология и этика делового общения. – М.: ИД «Феникс», 2012. – 224 с.
7. Лавриненко В.Н. Психология и этика делового общения: учебник для студентов вузов. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012. – 415 с.


Дәріс № 14.


Дәріс тақырыбы: Келіспеушілік
Дәріс мақсаты: Келіспеушілік туралы жалпы түсінік беру. Келіспеушілікті шешу жолдары жайлы мағлұмат беру
Дәріс жоспары

  1. Келіспеушілік және оның құрылымы.

  2. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары.

1. Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеушііліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы Педагогикалық сипаттағы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, Педагогикалық байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
2. Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспеушіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалык сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою күрделі болады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.
Коммуникация кезіндегі кедергілер.коомуникативті кедергілер- қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы ақпарат алмасудағы тосқауылдар. Коммуникация кезінде белгілі бір тосқауылдар пайда болуы мүмкін. Кедергі түсінігі, оның әлеуметтік –мәдени ерекшеліктері және қатынастары туралы айтуға болады.
Ақпарат алмасудың өзінде фонетикалық түсініспеушіліктен туындауы мүмкін. Оны, негізінен, түсініксіз, тез сөйлеу, жаңылтпаш сөйлеу және де өзге қателіктерден тұратын паразит дыбыстардың болуымен түсіндіреді. Өзара ішкі қатынасқа стилдік кедергілер де әсер етуі, сонымен қатар реципиенттің психологиялық көңіл күйі де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде