6В01205 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет19/33
Дата14.09.2022
өлшемі223.44 Kb.
#290273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
2021-2022Педагогикалық қарым қатынас ЭУМКД ДБОТ 19-01 ДБОЖ ДМДЖ 20-01
Кәмпит Е.С Ме‎кте‎п жа‎сы‎на‎ де‎йі‎нгі‎ ба‎ла‎ тәрби‎е‎сі‎ні‎ң ге‎нде‎рлі‎к е‎ре‎кше‎лі‎кте‎рі‎
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.А. П. Панфилова. Психология общения : учебник для студ. Учреждений сред, проф. образования /—М.: «Академия», 2013. —368 с.
2.Психология общения: практикум по психологии: учебное пособие для студентов СПО. Инфра-М., Форум ,2015.
3.Столяренко Л.Д., Самыгин С.И. Психология общения:учебник/. .-Ростов н./Д: Феникс, 2015.
Дәріс № 13.


Дәріс тақырыбы: Қарым - қатынас мәдениеті (2)
Дәріс мақсаты: Қарым-қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениеті жайлы мәлімет беру.


Дәріс жоспары
1.Сөйлеу этикеті.
2. Педагогикалық әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет.
1. Этикет (фр. etiquette – жарлық, этикетка) - адамдарға сыртқы әсер ету қатынастарына қатысты мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы (қоршағандармен қатынаса бiлу, сәлем беру, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, әдет және киiм).
Әйелдерге сыпайлықпен қарай білу, үлкендерді сыйлау, дастарқан басында өзін ұстай білу, сәлем беру мен әңгiменi жүргiзу ережелерін білу, мiнез-құлық, қонақтармен қатынаса бiлу, әр түрлi жағдайларына қатысты адамның киiмі сай болу талаптарын орындау (dresscode),- көрсетілген сыпайылығының барлық заңдары адамның адамгершілігін, және адам арақатынасындағы қарапайым ыңғайлық пен еркіндік талаптарын көрсетеді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Педагогикалық қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Педагогикалықтің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.
Педагогикалықтің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.
2. Педагогикалық аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.
Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі.

Қызметтік этикет қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.
Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.
Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.
Дипломат болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.
Педагогикалық мінез-құлық:
1) міндеттілікті және жинақылықты;
2) әріптестеріне құрметпен қарауды; субординацияны сақтауы;
3) жалған сөзді құптамауды, олардың таралуына себепші болмауды;
4) әріптестеріне көмек көрсетуді, білімі мен тәжірибесін беруді;
5) теріс мінез-құлық (әрекет) көрсеткен жағдайда, міндетті түрде кешірім сұрауды;
6) басқа қызметкерлердің көзінше әріптесін, қарамағындағы адамды, басшыны сынамауды;
7) тікелей басшыға жұмыс орнында ұзақ уақыт болмайтыны туралы хабардар етуді көздейді;
Қызметкер лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес тек қана өз құзыреті шегінде шешім қабылдауға міндетті, мәселе оның құзыретінен асып кеткен жағдайда, қызметкер тікелей басшымен сөйлесуі тиіс. Кез келген түрдегі хат-хабар алмасу (сұрауларға жауап, ақыл-кеңестер және ұсыныстар) қарастырылып отырған мәселе және осы мәселе бойынша қолда бар барлық деректер мұқият талданғаннан кейін тек бөлімше басшысының келісімімен ғана жүргізіледі.
Дипломат мемлекеттік тілді құрметтеу, мемлекеттік тілдің Педагогикалық қарым-қатынастағы, іс қағаздарын жүргізудегі, нормативтік құқықтық актілерін әзірлеген және қабылдаған кездегі жұмысын қамтамасыз ету; жоғары этикалық стандарттарды сақтау, басқалардың пікірін сыйлау және проблемаларды шыдаммен, ашық және ізгі ниетпен талқылау тиіс.
Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық функцияларын орындауға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардан, ілтипат білдіру белгісі немесе кішігірім кәдесыйлар ретіндегіні қоспағанда, сыйлықтар немесе олардың қызмет көрсетуін қабылдауға тыйым салынады.
Егер кімде-кім қызметкердің лауазымдық міндеттеріне байланысты әрекеттер жасауына не әрекет жасамауына ықпал ету құралы ретінде пайдаланылуы ықтимал ілтипат білдіруге немесе қызмет көрсетуге тырысса, қызметкер келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл жөнінде тікелей басшысына хабарлауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде