6В01205 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет17/33
Дата14.09.2022
өлшемі223.44 Kb.
#290273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
2021-2022Педагогикалық қарым қатынас ЭУМКД ДБОТ 19-01 ДБОЖ ДМДЖ 20-01
Кәмпит Е.С Ме‎кте‎п жа‎сы‎на‎ де‎йі‎нгі‎ ба‎ла‎ тәрби‎е‎сі‎ні‎ң ге‎нде‎рлі‎к е‎ре‎кше‎лі‎кте‎рі‎
Бақылау сұрақтары:
1.Ауызша мен жазбаша сөйлеу құралдарының айырмашылығы
2. Ауызша сөйлеудің тиімді жағы


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кукушин В.С. Психология делового общения: учебное пособие. – Изд. 2-е, исправ. и доп. – Ростов н/Д: ИЦ «МарТ»; Феникс, 2010 – 364 с.
2.Айтышева А.М. Педагогикалық қатынастар психологиясы:оқу құралы- Ақмола: ҒТАО,2007.-104 б.
3. Аминов И.И. Психология делового общения: учеб. пособие. – 7-е изд., стер. – М.: Издательство «Омега-Л», 2011. – 304 с.
4. Анцупов А.Я. Конфликтология: учебник для вузов. – 4-е изд., испр. и доп. – М.: Эксмо, 2012. – 512 с.
5. Барышева А. Д., Матюхина Ю. А., Шередер Н. Г. Этика и психология делового общения : учебное пособие. – М.: Издательство «Профиль», 2011. – 256 с.
Дәріс № 11.


Дәріс тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері.(2)
Дәріс мақсаты: Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару дағдыларын қалыптастыру
Дәріс жоспары

  1. . Іскер адамның сөйлеу мәдениеті.

  2. Ауызшажәне жазбаша сөйлеудің артықшылықтары мен айырмашылықтары.

1. Ақпарат алмасудың негізгі құралы тіл, яғни сөйлеу арқылы жүзеге асады. Вербальды коммуникация негізі ретінде жүйелерінің ішінде сөйлеу жатады. Табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық жүйенің белгісі, ол лексикалық және синтаксистік түрде жүзеге асады. Сөйлеу-қарым-қатынастың ең негізгі түрі. Мұнда ақпараттық өңдеу және қайта қорытындылау процестерді жүзеге асады. И.АЗимняя айтуы бойынша, «сөйлеу» және «тыңдау» терминдері вербальды қарым-қатынастың психологиялық компоненті болады.
Сөйлеу құралдары болмаған жағдайда қол, ым-ишара, жүріс-тұрыс, дауыс, бет әлпетінің көрінісі, көз, дене тұрысы, барлық дене мүшелерінің қозғалысы, арақашықтықтың маңызы зор. Кейде қарым-қатынасқа түскенде сөзден гөрі ым-ишараның түсініктірек болуы байқалады. Барлығына өжеттілік, мейірімділік, жағымпазданушылық, қорқыныш, қызғану кезеңдеріндегі бет әлпет ым-ишарасы белгілі және таныс десек болады.
Оптика-кинетикалық жүйе ым-ишарат, пантомимика арқылы жүзеге асады. Жалпы айтқанда, адамның сыртқы бейнесі арқылы ақпаратқа қосымша демеу болатын белгілер. Оптика-кинестетикалық жүйе өзіне ым-ишарат және пантомимиканы қосады. Бұл басында Ч.Дарвиннің зерттеулерінде кездеседі. Ол адам мен жануардың эмоциясын шығаруын зерртеген. Дене қимылдары арқылы сөйлесу барысында эмоция шығарамыз. Бұл қарым-қатынасымызға нюанс береді.
Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек.
Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту - ауыз әдебиеті асыл қазыналарынан, айтыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық.
Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны қажет.
2. Ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кететінінің» бірі болмақ.
Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы.
Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек.
Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонимдер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсететін сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы.
Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет.
Мысалы: қонбады - қомбады, басшы - башшы, көкөніс - көгеніс, көзсіз - көссүз, өзенге - өзөңгө, айдын көл - айдың гөл, ай қабақ - ай ғабақ, тас бауыр - тас пауүр, жас бала - жас пала т. б.
Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл - күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер.
Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап, босаңдық танытады.
Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, ез ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге тиісті.
Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін, мақамын келтіреді. Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар, лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындарының сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде