6 Тақырып: Басқару іс әрекетіндегі коммуникативтік процестер



Дата20.11.2021
өлшемі37.04 Kb.

6 Тақырып: Басқару іс әрекетіндегі коммуникативтік процестер
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қандай жағдайлар әдетте басқарудағы дауға алып келеді?

2. Жеке адамдар арасындағы басқаруды қалай тез әрі тиімді шешкен жөн?

3. Педагогикалық еңбек ұжымдарының ішінде пайда болатын түрлі басқару

сипаттағынын айтып беріңіз?
Ұйым бөлімшелері мен жекелеген мүшелерінің іс-әрекетін жалпы мақсатқа жету үшін үнемі үйлестіру қажеттігі басқару іс-әрекеті мәнінің өзімен байланысқан. Бұл үйлестіру әртүрлі формасында, ең алдымен коммуникация барысында, яғни ұйым мүшелерінің алуан түрлі түйісулері арқылы жүзеге асы рылады. Ұйымның ішінде жүріп жатқанның барлығы коммуникативтік процестермен байланысқан. Сондықтан да олар оның тұтастығы мен қызмет етуін қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып табылады. Жетекші іс-әрекетінде коммуникация қызметі ерекше рөл атқарады. Ол басқарудың басқа барлық қызметтерін жүзеге асыру мен өзара үйлестіру құралы ретінде болады. Сондықтан бұл қызмет шешім қабылдау қызметімен қатар ұйымдағы байланыстырушы процесс ретінде қарастырылады.
Жалпы тұрғыдан коммуникация – бұл адамдар немесе адамдар топтары арасындағы кез келген ақпарат алмасуы, ол өзара түсіністікке алып келу немесе келмеуіне тәуелді емес. «Коммуникация» ұғымына енгізілетін құбылыстар мен про-

цестердің алуан түрлілігіне байланысты, оны құрылымдау және жетекші іс-әрекетінің мазмұнын сипаттауға арналған сандағы ең маңызды аспектілерді айқындау қажеттігі туындайды:


1) Коммуникация жалпы құбылыс ретінде;

2) Коммуникация жетекшінің атқарушылармен және ұйым

бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде;

3) Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде.


Бұл аспектілердің әрқайсысы нормативтік-ұйымдастырушылық және субъектілік-психологиялық жоспарлардан тұрады. Біріншісі оңтайлы коммуникативтік процесс құрылымымен байланысқан. Екіншісі «коммуниканттардың» психологиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен ықпалын көрсетеді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке бөгет болатын маңызды сипаттарын түсіндіреді. Коммуникативтік қызмет ұғымы өзіндік үш психологиялық аспектіден тұрады: жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы, оның іс-әрекетінің коммуникативтік құбылыстары мен процестері.
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын сипаттайды:
– бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау;

– коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау;

– коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен

кезеңдерін анықтау;

– осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау;

– «барьерлерді (кедергілерді)» талдау (сипатты қателіктер мен қиындықтар);



– коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған негізгі талаптарды сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі).
Жетекшінің коммуникациялық қызметінің негізгі міндеті – ұйым ішінде оның бөлімшелері арасындағы және сыртқы ортамен ақпараттың оңтайлы алмасуын қамтамасыз ету. Оңтайлылық көрсеткіші – қолданыстағы коммуникация желісінің ұйымның жалпы мақсаттарына жетуге қолдау көрсетуінің нәтижесі. Коммуникациялар тиімділігі үшін мақсаттың айқын тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы; бөлімшелер жұмысының белгілі бір түрлері мен нормативтерін реттейтін мүшеленген жоспар; дұрыс таңдалған ұйым типі;бақылаудың тиімді жүйесі қажет. Коммуникациялық қызметтің ерекшелігіне, басқарудың басқа қызметтерінің барлығы, яғни мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау оны жүзеге асыру құралдары болып табылатынын көрсетеді. Мұны жетекшінің бүкіл жұмыс уақытының 50-90 пайызы осы коммуникациялармен толатыны туралы мәліметтер растайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік