5В073000 – «Құрлыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндріру»



бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі408 Kb.
#19875
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-9.1.10/01-2016




«Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы

«09»06.2016 ж.

№ 1 басылым






ПӘННІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



«Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер»

5В073000 – «Құрлыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндріру»


мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2016


Мазмұны





1.

Лекциялар …..……………………………………………………………..

4

2.

Практикалық сабақтар ………………………………………………….

4

3.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

5



















































































1 Лекциялар
Лекция 1. Стандарттаудың мақсаттары мен объекттері

Лекцияның мазмұны



  1. Стандарттау ұғымы

  2. Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері

Лекцияның қысқаша конспекті



Стандарттау ұғымы.
Стандарттау саласында ғылым және техниканың кез келген басқа саласында сияқты жемісті қызмет істеу үшін нақты, ғылыми негізделген терминология қажет. Терминологияның реттелмеуі мамандардың ұғынысуын қиындатады, бірыңғай әдістемелік құралдар әзірлеуге кедергі болады, ең жаңа, оның ішінде есептегіш техниканы енгізуде, халық шаруашылығын басқаруда қиындақтар тудырады.

«Стандарттау» терминінің анықтамасы ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Адамдардың стандарттау туралы түсініктері ғылым және техниканың даму, өндірістің формалары мен әдістерінің жетілу процестеріне қарай қалыптасты. Экономикалық байланыстардың ұлттық және халықаралық деңгейде кеңейуі жағдайында бұл термин нақтыланып отырды. Бұл жерде стандарттаудың өзі де ддамудан өтіп әртүрлі кезеңдерде оның барысында қол жеткен деңгейді көрсетіп отырды.

ISO 1952 ж. стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі Комитет (СТАКО) құрып, оның алдына стандарттауға қатысты негізгі терминдерінің анықтамасын беру міндетін қойды.

СТАКО «стандарттау», «стандарт», «стандарттау жөніндегі техникалық комитет», «техникалық реттеу» сияқты маңызды терминдердің анықтамаларын зерттеп дайындады. Осы терминдердің СТАКО дайындағаны ИСО Кеңесімен қабылданған және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тағайындаған анықтамаларының негізіне қойылды.

ISO құжаттарында стандарттау термины былаы анықталады:

Стандарттау – белгілі салада реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған, ғылым, техника және экономика сфераларында қайталана кездесетін міндеттердің шешімдерін табу әрекеттері (қызметтері).

Жалпы түсінік бойынша бұл қызмет стандарттарды зерттеп дайындау, басып шығару және қолданудан көрінеді.

Стандарт әлемнің қай географиялық, экономикалық немесе саяси аймағында қабылданғанына байланысты стандарттау әрүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Стандарттау жұмысының масштабына байланысты стандарттау халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында жазылған негізгі терминдердің анықтамалары практикалық сабақтарда зерделенеді.


  1. Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері

Стандарттаудың негізгі мақсаты – белгілі салада бекітілген ережелерді, талаптар, нормаларды қазірде бар, жоспарланаьын немесе болашақта болады деп күтілетін міндеттерді шешу үшін кеңінен және көп мәрте қайтара қолдану арқылы оңтайлы дәрежеде реттеуге қол жеткізу болып табылады.

Стандарттау жөніндегі қызметтің бас нәтижелері өнімдердің, қызмет көрсетулердің, процкстердің, жұмыстардың олардың функционалдық міндетіне сәйкестік дәрежесін жоғарылату, халықаралық тауарлар айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске және әртүрлі салалардағы ынтымақтастыққа жардемдесу болып табылады.

Стандарттау мақсаттарын жалпы және нақты, сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты мақсаттарға бөлуге болады.

Жалпы мақсаттар «стандарттау» түсінігінің мазмұнынан табылады. Жалпы мақсаттарды стандарттау үшін нақтылау стандарттардың міндетті талаптарын орындаумен байланысты.

Жалпы мақсаттарға жатады:



  • өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • саудадағы техникалық баръерлерді жою, өнімнің және көрсетілетін қызметтің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • техникалық және ақпараттық сиысымдылықты, сондай- ақ өнімдердің өзара алмасушылығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасының ғылыми- техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұтынушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • ресурстардың барлық түрлерінің сақталуын және рационалды қолданылуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • әртүрлі табиғи және техногенді сипаты бар апаттардың және басқа да төтенші жағдайлардың оран алу мүмкіндігі тұрғысынан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;

  • еліміздің қорғаныс қабілетін және мобилизациялық дайындығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау.

Нақты мақсаттар әрекеттердің белгілі облысына, тауарлар шығару мен қызмет көрсетулердің белгілі саласына, белгілі кәсіпорынға, нақты өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерге және т.б. қатысты болып табылады.

Стандарттаудың негізгі міндеттері болып табылады:



  • зерттеп дайындаушылар, шығарушылар, сатушылар және түтынушылар (тапсырыс берушілер) арасында өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

  • тұтынушы және мемлекеттің мүдделері тұрғысынан, өнімдір, процестер (жұмыстар); қызмет көрсетулер номенклатурасына және сапасына оптималды талаптар, оның ішінде олардың адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін талаптарды тағайындау;

  • өнімдірдің қиылыстырылуына (конструкциялық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық, бағдармалық және т.б.), сондай- ақ өзара алмасушылығына талаптар тағайындау;

  • өнімнің, оның элементтерін, комплекттеуші бұйымдар, шикізат және материалдардың көрсеткіштерін және сипаттамаларын үйлестіру және өзара байланыстыру;

  • параметрлік және типтік- өлшемдік қатарларды, бұйымдардың базалық конструкцияларын, қонструкциясы боынша унификацияланған блокты- модульды құрамдық бөлшектерін тағайындау және қолдану негізінде унификациялау жұмыстарын жүзеге асыру;

  • метрологиялық нормалар, ережелер, жағдайлар және талаптарды тағайындау;

  • өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерді бақылау (сынау, талдау, өлшеу), сапасын бағалау және сертификаттауды нормативтік- техникалық қамтамасыз ету;

  • технологиялық процестерге олардың материал сиымдылығын, энергия сиымдылығын және еңбек сиымдылығын төмендету, аз қалдықты технологиялар қолданылуын қамтамасыз ету тұрғысынан талаптар тағайындау;

  • техника- экономикалық және әлеуметтік ақтаратты классификациялау және кодтау жүйесін құру және енгізу;

  • мемлекетаралық және мемлекетті әлеуметтік- экономикалық және ғылыми- техникалық бағдарламаларды (жобаларды) және инфрақұрылымдық кешендерді (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру ортаны (среда обитания) бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б. нормативтік қамтамасыз ету;

  • тұтынушыларды өнімдірдің номенклатурасы және негізгі көрсеткіштері жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету үшін каталогтау (тіркеу) жүйесін құру;

  • стандарттау әдістері мен құралдары арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жардемдесу.

Бақылау сұрақтары:

1. Стандарртау ұғымының анықтамасын беріңіз

2. Стандарттаудың мақсаттары

3. Стандарттаудың міндеттері
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

3 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)



Лекция 2. Стандарттау әдістері.

Лекцияның мазмұны

1 Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер

2 Жеке стандарттау әдістеріне қысқаша шолу


Лекцияның қысқаша конспекті

Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер
Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады.

Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:



  1. стандарттау объектілерін ретке келтіру;

  2. параметрлерді стандарттау;

  3. унификаицялау;

  4. агрегаттау;

  5. кешенді стандарттау;

  6. озық стандарттау.

Стандарттау объектілерін ретке келтіру стандарттау объектілерініңалуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Ретке келтіру стандарттау объектілерін жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекция, симплификация және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады.



Параметрлерді стандарттау – параментрлердің целесообразный номенклатурачын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.

Параметр – (parametron – грек - өлшеу жүргізуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама.

Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:



  • өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің раазмері, ыдыс яқтың сиымдылығы.;

  • салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің масасы);

  • машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметарлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);

  • энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б.

Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принцибы мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше парамертлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар беп аталады. Мысалы электр лампалардың параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.

Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ- киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарді (әртүрлі жастағы, әртүрлі региондарда тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді.

Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағнасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.

Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размерц» болып табылады.

Радиотехникада Халықаралық электротехниалық комиссиямен қабылданған Е қатарлары бойынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады.

Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген.



Унификация – (бірыңғайлау) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдай (тағайындау).

Бірыңғайлау – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайлау деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады.

Бірыңғайлаудың мақсаты ө өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол ьермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады.

Бірыңғайлау стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру (типтеу), селекция, симплификация және оптималдауда (оңтаылауда) негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:



  • бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің параметрлерлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу;

  • біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік бұйымдарды зерттеп дайындау;

  • бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат формаларын және т.б. зерттеп дайындау;

  • біртекті стандарттау объектілерінің номенклатурасын оптималды минимуммен шектеу.

Бірыңғайлау мына түрлерге бөлінеді:

  • типтік- өлшемдік бірыңғайлау (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір- біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);

  • тип шегіндегі бірыңғайлау (мысалы, бас парамерті бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);

  • тип алалық бірыңғайлу (мысалы, әртүрлітипті және конструкциялы өнімдер).

Жүргізу облысына байланысты объектілерді бірыңғайлау салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін. Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау стадиясында қол жеткізуге болады. Бірыңғайлау нәтижелері бұйымдардың, бөлшек, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді.

Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайлан бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі сочетааниеда конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндек береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.

Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігін жоғарылатады.

Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларың дамуы бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндек берді.

Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының алғашқы предпосылкасы болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқаа болса да әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек конструкциялық шешімдерді бірыңғайланғанагрегаттар, тораптар және бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір арттырады.



Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас объекттің өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты проблеманың оңтайлы шешімін табу.

Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (упаковка, марклау, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады. қалыптастыру бойынша іс- әрекеттер жалғастырылуда:


  • ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 5.0 «Техникаөэкономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер».

Озық стандарттау - (немесе перспективалы стандарттар әзірлеу) – стандарттау объектілеріне қазіргі күнгі практикада қол жеткен ноормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.

Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің тормозы болып қалуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогрестің тормозу болмау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.

Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт- дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт- дисктер шығарылмай тұрып алдын ала әзірленген болатын. Осы шара компакт- дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын (совместимость) қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді.

Бақылау сұрақтары:

1 Параметрлерді стандарттаудың теориялық негізі болып қандай қатарлар табылады?

2 Қандай үйлесімді сандар қатарлары кездеседі?

3 Біріңғайлау әдістерінің түрлерін атап беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 3. Стандарттау объектілері және облысы.
Лекцияның мазмұны

1. Стандарттау объектілері

2. «Стандарттау облысы» ұғымы
Лекцияның қысқаша конспекті
Стандарттау объектілері болып, әдетте, көп мәрте ұдайы қайталанылатын және/ немесе қолдану перспективасы бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетілер табылады. Екіншіден, стандарттау объектілері болып оларға нормалар, талаптар, сипаттар, параметрлер, ережелер және т.б. әзірленетін объектілер табылады.

Стандарртау объектілері 1-таблицада көрсетілген

Стандарттау облысы деп өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығын айтады. Мысалы машина жасау стандарттау облысы болып табылады, ал машина жасаудағы стандарттау объектілері: технологиялық процестер, қозғалтқыштар типі, машиналардың қауіпсіздігі және экологиялылығы және т.б. болып табылады (экологияға қолайлығы).
Таблица 1. Стандарттау объектілерінің жіктелуі.


Стандарттау объектілері

Өнімдер (тұтыну тауарлары, өндірістік құралдар)

Қызмет көрсетулер Ұтұрмыстық, өндірістік)

Процестер (жұмыстар)

Бақылау әдістері

Шикі-зат және табиғи отын

материалдар және азық-түлік

дайын өнім-дер

мате-ри-алдық

матери-алдық емес (әлеу-меттік- мәдени)

және біртекті өнімдер топтарының жеке аспектілері:

  • терминдер, белгілер;

  • параметрлер мен өлшемдер;

  • техникалық талаптар.

және біртекті қызмет көрсету тпотарының жеке аспектілері:

  • терминдер;

  • техникалық талаптар;

  • бағалау әдістері;

  • көсіпорындарды жіктеу;

  • персоналға қойылатын талаптар.

  • өнімнің өмірлік циклының жеке кезеңдерінде кездесетін процестер;

  • бақылау әдістері;

  • қабылдау ережелері;

  • маркалау, буып- түю, тасымалдау және сақтау ережелері;

  • материалдық емес өндірістермен (статистикалық, банк, баспа қызметі) байланысты процестер;

  • басқару процестері;

  • өлшеу процестері;

  • ақпаратты есепке алу және ұқсату процестері;

  • қорғау процестері (адамдарды, табиғатты)

  • сынама алу;

  • сынау, өлшеу, талдауларды өнімді шығару, сапасын бағалау, сертификаттау, қолдану кезіндежүргізу амалдары мен әдістері.

Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттау объектілерін атап берінің

2 Стандарттау объектілері қалай жіктеледі?

3 Стандарттау облысы деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді