5-тақырып. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі20.84 Kb.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Педагогикалық факультеті

Дефектология кафедрасы

«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 2-тапсырма


5-тақырып. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар




Сұрақтар:

  1. ТҚАЗ балаларға клиникалық-пcиxoлoгиялық мінездеме беріңіздер.

  2. Қимыл-қозғалыс бұзылуларының себептері.

  3. Қимыл-қозғалыс бұзылуларының түрлері. 4. ТҚАЗ балаларға көрсетілетін түзетушілік көмек.



Тапсырма:

Проблемалық жағдайды шешіңіздер.

Баланың оқуы мен жазуында елеулі қиындықтар бар (сөйлеу тілі түсініксіз). Жұтынғанда қиналады, сілекейдің бөлінуін қадағалай алмайды. Бір аяғы екіншісінен кем, cкoлиoз және жамбас сүйектері қисайған, сондайақ, көзі қыли және нашар көреді. Баланың барлық қимыл-қозғалыстары ебедейсіз, ыңғайсыз және дискоординация байқалады. Тұрғанда және жүргенде қиындықтар байқалады. Тез шаршайды.

Қоршаған орта туралы білімі төмен. Әлеуметтік өмір мен қоршаған заттар ортасы туралы бірқатар құбылыстарды білмейді, тек өз тәжірибесінде болған заттар туралы ғана мағлұматы бар. Өкпелегіш, сезімтал және ата-анасына тым үйір. Сұрақ:

Бұл баламен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының бағыты қандай болуы мүмкін?

6-тақырып. Мінез-құлқы бұзылған және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар




Сұрақтар:

  1. Мінез-құлық акцентуациясы клaccификaциясын сипатта.

К.Леонгард «психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. Акцентуация жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апаты ие болады.

К.Леонград өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым қатынасына сүйенеді:



Гипертимді тип- Оптимист, энергиясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморальды әрекеттерді жасайды.

Дистимді тип- пессимисті көңіл-күйде болады, аз сөйлегіш, үйде отыруды ұнатады.Тұйық өмір сүреді.

Циклоидты тип- көңіл- күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді. Көңіл күйі жоғары болғанда қарым-қатынасқа жақсы түседі.

Қозғыш тип-вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактілігі төмен, конфликтіге бейім, көңілсіз.

Тежелегіш тип- сөйлемейді, басқаларды үйретеді.Конфликтіде белсенді роль атқарады.

Педантты тип- конфликтіге енжар жақта, жұмыста әріптестеріне үлкен талаптар қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүйюімен үйдегілерді де мазалайды.

Уайымшыл тип- ұялшақ, өзіне сенімсіз, конфликтіге аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді.

Эмотивті тип- жарты сөзден- ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ тым сезімтал жан.

Демонстративті тип- байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мн лидерлікке талпынады, өзіне- өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды.

Экзатацияланған тип- контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ конфликтіге жеткізбейді, конфликт кезінде белсенді, әрі енжар болады.

Экстравертивті тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді.

Интравертивті тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана конфликтіге түседі.

  1. Қандай пcиxoлoгиялық соққылар жасөспірімдердің жеке тұлғалық дамуында ауытқуылар туғызуы мүмкін?

Ефимова О.И, Скакун И.В. өз зерттеулерінде жасөспірімдер ортасындағы қауіп- қатерлердің психологиялық және әлеуметтік психологиялық факторларын оқып- тануды нақты міндет етіп қойды. Оның ішінде жасөспірімдер акцентуациялық мінезі, өзара қатынас стилдері және суицидтік қауіп- қатердің айқындалу деңгейі. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде суицидтік қатер көрінісі байқалмаған топтарда акцентуациялық мінез басымдылығы көрінбегенін дәлелдеді. Жоғарғы суицидтік қауіп-қатер жасөспірімдердің акцентуциялық мінезінің аффективті- экзальтивті және қозғыш типтеріне тән, бұл типтер зерттеу барысында басқа типтер арасында айқын басымдылық көрсетті. Бұл тип көңіл*күйінің ауыспалығымен, жарқын эмоцияларымен, эмоуһционалды күйінің үлкен диапазоныен сипатталады: қуанышты хабарға тез шаттанады және жағымсыз хабарға тез қайғырады. Бұл типтегі адамдардың мінез-құлқын жоғары эмоциялар, сезімдер, әуесқойлық сияқты негізгі бейнелер басқарады, сондықтан олар өз жүріс-тұрыстарын және рефлексияларын реттей алмай жатады. Осының нәтижесінде не істерлерін білмей қалу күйлерінен олардың ойлары тез арада суицидтік ниеттерге әрекеттерге ауысып кетеді.

  1. Ерте жастағы балалар аутизмі немесе аутистік спектрдегі бұзылыстар.

Аутизм ми жұмысының бұзылуынан туады. Мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дəйекті дəлел жоқ. Ең алғаш аутизм туралы Э. Блейлер, Лео Каннер, О.С. Никольская, Г. Аспергер, А. Ретта, К.С. Лебединская сынды ғалымдар қарастырған. Қазіргі кезеңде аутизмді зерттеу өрісі кеңейіп отыр. Аутизм ¾ бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол əлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері əсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін [2].

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша, аутизмі бар балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың əсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті жəне туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекция- лар, тағы басқа жағдай лар барлығы да жағымсыз əсер ету мүмкіндігі бар.

Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дəлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға жəне шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін екпе салдарынан пайда болады деген болжам болған. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нəтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал, психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп болады [3].

Себептердің 1-тобы тұқым қуалаушылықпен байланысты. Кейбір мамандардың айтуынша, аутизм тұқым қуалайды жəне ол гендік деңгейде беріліп отырады. Кей жағдайларда бұл тұжырымның растығын дəлелдейтін мысалдар да бар, себебі аутистік белгілер бір отбасының мүшелерінен байқалып жатады. Алайда ғалымдар аутизмге жауап беретін генді əлі күнге таба алған жоқ.

Себептердің 2-тобына хромосомалық (генетикалық) мутация, зат алмасудың туабітті аурулары жатады. Кейбір генетикалық синдромдар мен зат алмасу ауруларының клиникалық симптомдарының қатарына аутистикалық белгілер де кіреді. Мұндай аурулардың қатарында сынғыш (фрагильді) Х-хромосома, Ретт, Мебиус синдромдары, сонымен қатар фенилкетонурия, мукополисахаридоз жəне басқалары

4. ЗТСГ синдромы деген не?




Тапсырма:

  1. К. Лeoнгapд пен A.E. Личкo ұсынған классификацияларды салыстыру.

  2. Мінез-құлық, тәртіп пен эмоция-ерік саласындағы бұзылуларды анықтайтын диагностикалық әдістемелер қарастыру.


7-тақырып. Денсаулық мүмкіндіктері шектелген (соматикалық әлсізденген) балалар




Сұрақтар:

  1. Жиі ауыратын балалардың психологические ерекшеліктері.

  2. Қауіп немесе тәуекел тобындағы балалар.

Тапсырма:

Соматикалық әлсіздікті туғызатын науқастарды көрсететін сызба құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...