5 тақырып: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет1/6
Дата18.11.2021
өлшемі22.92 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Орындаған:Магзумова Алима

107 ОМ


5 тақырып: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Девиация мен әлеуметтік бақылау.

2.Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық,мәдениеттанулық).

Бақылау:

1.Әлеуметтік бақылаудың қандай тәсілдері бар?


1.Девиация мен әлеуметтік бақылау.

Ауытқыған мінез – құлық (девианттық әрекеттер) бұл қоғамдағы шарттар,ережелерді бұзатын әрекеттер. Ауытқыған мінез – құлық негативтік (жағымсыз)және позетивтік (пайдалы) болуы мүмкін. Мәселен өнер бұрын болмаған,жаңалықтардың енуімен, яғни қалыптасқан шарттардың түсініктерді бұзумен байланысты. Ауытқыған мінез – құлық теориясының негізгі түсінігі әлеуметтік шарт, ереже, норма болып саналады. әлеуметтік норма деген – қоғамдық басқарудың маңызды элементі және тұлғаның, әлеуметтік топтардың түрлі жағдайларда әрекеттерін, мінез – құлқын бағыттау тәсілі. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатады. Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез – құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және т.б.)байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылысекендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан девианттық мінез – құлықты кең мағынада және шағын мағынада алып қарастырады. Кең мағынада алғанда девиантты мінез – құлық құқыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Сонымен адамның өзін - өзі өлтіру – девиация,ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делиновентті мінез – құлық деген атқа ие болды. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған – жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинвентті мінез – құлыққа жатады. Мұндай мінез – құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау, пара, құжаттарды қолдан жасау, өртеу, өндірістік шпионаж және тағы басқалар жатады.

Сонымен аутқушылық бір адамға ғана қатысты және жеке негізінде келісімпаздық мінез – құлыққа жататын топтық болады. Ауытқушылық сонымен бірге алғашқы (елеусіз және екінші қылмыстық) болады. Екінші қайтара ауытқушылық негізінде адамға қылмыскер атағы тағылады. Одан адал, парасатты адамдар теріс айналады.



Ауытқымалы мінез – құлықтың бағасы қоғамға тәуелді. Мысалы, ел кезіп жүрген, жиһанкез монах қоғамда қасиетті болып есептеледі, екінші қоғамда ол жұмыс жасамайтын жалқау ретінде бағаланады. Сол сияқты қоғамдағы өзгерістерге де тәуелді, мысалы кеңес өкіметі кезінде төңкеріс жақсы нәрсе болып есептелді, ал қазір революцияны айыптайды. Ауытқушылықтың өзі қоғамның нормадан ауытқушылығымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы адам отбасын азғантай айлықпен немесе жұмыссыз болуы себепті асырай алмаған жағдайда қылмысқа баруы мүмкін. Адам мінез – құлқының қоғамдық бағасының өзгеруіне мысал ретінде түсіндірсек XIX ғасырда жұмыс істеген әйелдер айыпталды. Бұл ауытқушылық болып есептелген. Біздің уақытымызда оны ешкім де қоғамдық нормадан ауытқушылық деп есептемейді. Яғни бұнда айтып кететін жайт қоғамдық талап тілектердің өзгеруіне байланысты біршама іс - әрекеттер де өзгереді, оны біз девиантты іс -әрекетке жатқызуымызға болмайды. Өйткені ондай өзгерістер қоғамда көптеп жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік